Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 10.1.4.11 металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру
«Домино» ойыны
Ойын мақсаты:Металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру.
Ойын идеясы: Металдар мен олардың құймалары адамзатқа өте ертеден белгілі екендігіне оқушылар назарын аудару. Химиялық байланыстың түзілу механизмі мен табиғатын жайлы білімдерін жетілдіру. Оқушылардың ұжымдық жұмыс жасай білуге баулу және көпшілік алдында сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Оқушы жауабын логикалық дұрыс және дәйекті түрде негіздеу қабілетін дамыту.
Ойын ережелері:
Ойынға барлық сынып қатысуы керек.
Оқушылар өздеріне тиісті карточкаларды бір- біріне көрсетпеу қажет.
Ойын әрекеттері:Әр оқушыға екі бөліктен тұратын карта беріледі: жоғарғы бөлігінде сұрақ бар (сұрақтың жауабы басқа оқушының карточкасында болады), ал картаның төменгі бөлігінде жауап бар (басқа сұраққа сай келеді).
Мұғалім ойынды бастайды, алдымен сұрақ қояды. Қойылған сұраққа жауабы cәйкес келетін оқушы жауап береді. Содан кейін ол өз картасынан сұрақты оқиды. Сұрақтар мен жауаптардың жабық логикалық тізбегін пайда болуы қажет. Егер оқушылар жауап таба алмаса, мұғалім жетіспейтін тізбекті табуға көмектеседі.
Жабдық:Үлестірмелі карточкалар.
Дидактикалық тапсырманың мазмұны: Металдық байланыстың түзілу механизмін қарастыру, химиялық байланыс табиғатымен танысу және металдық байланыстың коваленттік байланспен ұқсастығы жөнінде түсінік беру. Металдық байланыстың металдардың физикалық қасиетіне әсерін қарастырады.
Нәтиже: Металдық байланыстың түзілу механизмін, табиғатын біле отырып, металдардың физикалық қасиетіне әсерін түсінеді. Металдардың физикалық қасиетінің металдық байланысқа тәуелділігін сипаттай алады.