“Сырым елі”
газетін
е
жазылдыңыз ба?
Аудандық «Сырым елі» газетіне 2015 жылдың
бірінші жартыжылдығына жазылу жүргізілуде.
Газетке жазылу бағасы 1300 теңге болса,
мекемелер мен қоғамдық ұйымдар үшін газетке
жазылу бағасы 2000 теңге болып белгіленген.
Ал, тікелей редакцияға келіп жазылушылар
үшін газеттің бағасы 900 теңге болып
белгіленген. Газетке “Қазпошта” АҚ-ның барлық
бөлімшелерінде жазылуға болады.
Сүйікті газетіңізге жазылуға асығыңыз,
ағайын!
Бейсенбі №41 (9748) 9 қазан 2014 жыл
Облысқа қарасты аудандардағы мұра
жайлардың басшылары мен облыстық
мұражай қызметкерлерінен құралған семи
нарға қатысушыларының Жымпитыдағы
танымдық сапарлары аудан орталығында
орналасқан Алашорда мүзейінен басталды.
Кейін ауданның әкімшілік орталығының
іргесіндегі Алаш саябағына аялдады.
Олар бұл жерде жергілікті басшылардан
саябақтың тарихи маңызы туралы түсінік
алып, қайраткерлерге арналған ескерткішке
гүл шоқтарын қойды. Меймандар үшін
Сырым Датұлы атындағы тарихиөлкетану
музейінің жұмысы таныстырылып, аудандық
кітапхананың Күнбатыс Алашорда туралы
әдебиеттер көрмесі назарға ұсынылды.
Семинардың пленарлық мәжілісіне
облыстық
тарихиөлкетану
музейінің
директоры Айдар Батырханов төрағалық
етті. Отырыста аудан әкімі Абат Шыныбеков
кіріспе сөз сөйледі.
– Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жалпақ
жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу
– алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын,
табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан
басталады» деп атап өткен еді. Бүгінгі бас
қосуымыз соның нақты айғағы іспетті, өз
құндылықтарымыз бен өткен жолымызды
жаңғыртуға арналған алқалы жиын деп
есептеймін, – деді аудан басшысы.
Өлке тарихын өзіміз
жазуымыз керек
Сырым аудандық мәслихатының
кезектен тыс ХХІІІ сессиясында
«Сырым аудандық мәслихатының
2013 жылғы 25 желтоқсандағы №16
2 «20142016 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер
мен
толықтырулар
енгізу туралы күн тәртібіне
қойылды.
Хабарлама
жасаған
аудандық экономика және қаржы
бөлімінің басшысы М.Шалабаев
үстіміздегі
жылдың
аудандық
бюджеттен
қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелерде 9 айдың
қорытындылары бойынша өзгеріс
тер ішкі жылжытулар арқылы
енгізілуін қажет етіп отырса,
облыстық бюджеттен берілген
ауданға нысаналы трансферттердің
жалпы сомасын айтып көрсетті.
Соның ішінде Аралтөбе, Қосарал,
Бұлдырты
ауылдарындағы
су
құбырларын қайта құру жобалық
сметалық құжаттамасын жасақтауда
қаржының көзі азайтылған.
Ал бұдан өзге ауылдық округ
әкімдерінің қызметін қамтамасыз
ететін қызметтерге, елді мекендерді
жарықтандыру шараларына, Арал
төбе, Бұлдырты, Жетікөл, Талдыбұ
лақ,
Шолақаңқаты,
Жымпиты
ауылдарын абаттандыруға, білім
ошақтарына,
еңбекпен
қамту
бағдарламасына, мемлекеттік жәр
демақыларға, Өлеңті ауылына
су жүргізуге, өзге де әлеуметтік
көмек көрсету жөніндегі тағы басқа
шараларды іске асыруға қаржы
көлемі көбейтілсе, керісінше, бюд
жет орындалу барысында біркелкі
қаржы үнемделген. Яғни, «Мұқтаж
азаматтарға үйде әлеуметтік көмек
көрсету», «Тұрғын үй көмегі»,
«Жергілікті деңгейде халық үшін
әлеуметтік бағдарламаларды жұмыс
пен қамтуды қамтамасыз етуді
іске асыру саласындағы мемлекет
тік саясатты іске асыру жөніндегі
қызметтер, «Ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) мемлекеттік
білім беру мекемелер үшін
оқулықтар мен оқуәдістемелік
кешендерді сатып алу және жеткізу»,
«Жетім баланы және атаанасының
қамқорынсыз қалған баланы күтіп
ұстауға қамқоршыларға ай сайынға
ақшалай қаражат төлемі», ауылдық
округтердің «Шұғыл жағдайларда
сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік
көмек көрсететін ең жақын денсау
лық сақтау ұйымына дейін жеткізуді
ұйымдастыру», «Елді мекендердің
санитариясын қамтамасыз ету»
бюджеттік
бағдарламаларының
қаржы көздерін тиісті көлемде
үнемделіп, азайту жоспарланған.
Сессияда мәслихат депутаттарынан
ұсынылған өзгерістердің бекітілуі
сұралды.
Сессия барысында аудан әкімі
А.Шыныбеков аудан көлемінде
атқарылуға тиісті жұмыстарға
бюджеттен бөлінген қаражаттың
тиімді түрде жұмсалып, іске асып
жатырғандығын баяндай келе,
сессияны қорытындылады.
М.Ерниязова.
Кезектен тыс сессия өтті
аптаның сейсенбісінде Сырым ауданындағы Сырым Датұлы атындағы тарихи
-Ө
лкетану
музейінің мұрындық болуымен «Тәуелсіздік туын көтергендер» тақырыбындағы облыстағы музей
қызметкерлері үшін облыстық семинар-кеңес өтті. облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры
айдар Батырханов бастаған аудан қонақтары үшін Сырым шыққан төбенің тұсындағы Сырым
батырдың кесенесінің алдында салтанатты қарсылау ұйымдастырылды.
(Басы. Жалғасы 4-бетте).
Күні бүгін аудандағы 23 білім беру
мекемесінде 524 педогог қызмет етеді.
Бұл қатар жыл сайын жас мамандармен
толығуда. Өз ұжымында белсенді қызмет
етіп, белді маман атанып жүрген осындай
бірқатар мұғалім салтанатты кеште аудан
әкімінің арнайы «Алғыс хаттарымен»
марапатталды. Сондайақ білім жүйесіндегі
педагогикалық шеберлігі, шығармашылық
ізденісі және өскелең ұрпақты оқыту мен
тәрбиелеудегі табыстары үшін ауданның 5
мұғаліміне облыстық білім басқармасының
«Құрмет грамотасы» тапсырылды.
Былтырғы жылы Ұлттық бірыңғай тес
тілеудің қорытындысы бойынша шәкірттері
үздік нәтиже көрсеткен ұстаздар аудан әкімі
Абат Шыныбеков тағайындаған арнаулы
гранттармен құрметтелген еді. Биылғы
жылы бұл бастаманың ауқымы кеңейіп,
жалпы білім берумен бірге, мектепке дейінгі
және қосымша білім беру сияқты салалар
да назарға алынған екен. Сәйкесінше,
ауданның 30дан аса мұғалімі 50 000 теңге
көлеміндегі сертификатқа ие болды. Шараға
қатысушы ардагерұстаздар үшін «Жасұлан»
ұйымының белсенді мүшелері өздерінің
құттықтау бағдарламаларын ұсынды.
Салтанатты бөлімнен кейін аудандық
«Балалар мен жасөспірімдердің шығар
машылық орталығы» ұйымдастырған
мерекелік концерт болды. Аудандық
мәдениет үйінің фойесіндегі көрмеде
ұстаздар мен оқушылардың қолынан шыққан
колөнер бұйымдары қойылды.
Бауыржан ШирМЕДинҰЛЫ.
Ұстаздар құрметтелді
Өткен аптаның аяғында
Сырым ауданында
Ұстаздар күніне арналған
мерекелік кеш өтті.
Шараның салтанатты
бөлімінде аудан әкімі
абат Шыныбеков
аудан педагогтарын
кәсіби мейрамдарымен
құттықтап, сөз сөйледі.
2
9 қазан 2014 жыл
E-mail: Sirim_eli@mail.ru
Қоғам
Мал ұрлығы жайын Бұлдырты
ауылдық уческелік инспекторы
А.Анесов хабарлады. «Биылғы орын
алған 29 қылмыстың 10ы ашылып,
19ы ашылмай тұр. Малға GPS
қондыру бүгінгі күннің талабына
айналып отыр, Бұлдырты ауылында
бес бағыттағы мал бағылымының 3
еуінің бақташысы болса, 2 бағылымда
бақташының болмауы мал ұрлығы
ның етек жаюына әкеліп соқтырып
отыр. Жылқы малына округтің
таңбасын салуға халық болып
жұмылу қажет», – деді А.Анесов.
Мал ұрлығы туралы жағдайға
қаныққан аудан әкімі А.Шыныбеков
осы орайда ауылға күнделікті
кезекшілік ұйымдастыруды тапсыр
ды. Жасы кәмелетке толмаған
жасөспірімдер мәселесін аудандық
ішкі істер бөлімінің кәмелетке
толмағандар ісі жөніндегі инспек
торы Н.Құмақов тарқата келе:
«Аудан бойынша мектептерде 3030
жасөспірім білім алса, Бұлдырты
орта мектебінде 414 оқушы оқиды.
Бұлдырты ауылдық округі бойынша
кәмелетке толмаған бір бала
ішкі істер бөлімінің ювеналдық
полиция тобының ақталмайтын
негіздер, оның ішінде рақымшылық
және кешірім жасау акциясының
негізінде қылмыстан босатылған
жасөспірім ретінде есепке алынды.
Жасөспірімдердің
қылмысының
алдын алу бағытында уческелік
инспекторлармен
бірге
жүйелі
жұмыс жүргізілуі тиіс. Сағат түнгі
22.00ден кейін көшеде, көңіл көтеру
орындарында балалардың заңды
өкілінсіз жүрмеуін қадағалауды
учаскелік инспектор қолға алуы
керек», – деді Н.Құмақов.
Ұрының жолын
кесу – мақсат
Кезек ауыл тұрғындарына берілді.
Бұлдыртылық ағайындар қорадағы
малынан қапыда айырылып, қысқы
соғымға, балалардың оқуы мен
киіміне деп жиған малынан қол
үзіп қалып жатқандарына ашынды.
Алғаш болып ауыл ақсақалы Мәкәрім
Бисенов сөз алды. Бұлдырты ауылы
нан қатынайтын автобус шығаруды
сұрап, мал жайылымы туралы
көтеріп, малдары етке тапсырғанда
арзанға өтеді деп базынасын айтты
қария. Біреудің меншігіндегі ақ адал
малына қол сұғып, арам ойын іске
асырған ұрықарыларды ақсақалдар
алқасына, жергілікті қауымдастық
жиналыстарына салып, ұялтуды,
ұрыға кешірім бермеуді жөн
санайды ақсақал. Айым Сүттібаева,
Ермек Есенғазы сынды қариялар
да М.Бисеновтың сөзін қостады.
Болат Тасқалиев бұралқы иттерді
ату мәселесі мардымсыздығын
сөз етті. Жиында «Туған жерге
– тағзым» акциясы бойынша ауылда
игілікті істерді қолға алу мәселесі де
көтерілді.
Жергілікті қауымдастық жиынын
аудан әкімі Абат Шыныбеков
түйіндеді.
– Мал ұрлығы тек учаскелік
инспектордың немесе ауыл әкімінің
жұмысы ғана емес. Рейдтерге
шығып, бірлесіп жұмыс атқарайық.
Тұрғындар мен учаскелік инспектор
бірге кезекшілік ұйымдастыру керек.
Біздің тарапымыздан қандай қолдау
қажет болса да, қол ұшын созуға
дайынбыз, – деген аудан басшысы
көтерілген мәселелерді біртіндеп
шешуге жұмыстанатын айтты.
Шынар МоЛДаниязова,
Бұлдырты ауылы.
Электронды сандық
қолтаңба
Қазақстан
Республикасында
“Электронды әкімдікті” құру мемле
кеттік бағдарламасын жүзеге асыру
мақсатында елімізде “Электронды
үкімет” порталының табысты
жұмыс атқарып келе жатқандығына
бірнеше жылдың жүзі болды.
“Электронды үкімет” порталы
дегеніміз – Қазақстан азаматтары
ның және республика қонақтары
ның Қазақстан туралы, оның
үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар
аударарлық орындары туралы ресми
ақпарат ала алатын, сонымен қатар,
онлайн режимінде мемлекеттік
органдар қызметіне ие болып және
айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін
бірыңғай ресурс.
Порталда экономикалық, білім,
мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт,
туризм және адам өмірінің өзге де
салалары бойынша бірнеше мәтін
дік бөлімдерде 2000нан аса ақпарат
қызмет түрлері көрсетіледі.
“Электронды үкімет” арқылы
халыққа көрсетілетін электрондық
қызметтердің түрлері қарапайым
тұрғындарға жеңіл әрі қол жетімді
қылып жасақталған. Аталмыш
порталға кіру үшін тек азаматта
электронды цифрлық қолтаңба
болса болғаны. ҚР “Электронды
құжат және электрондық цифрлық
қолтаңба туралы” 2003 жылғы
7 қаңтардағы №370ІІ заңымен
реттеледі.
Электрондық цифрлық қолтаңба
дегеніміз – электрондық цифрлық
қолтаңба құралдарымен жасалған
және
электрондық
құжаттың
дұрыстығын, оның тиесілілігін
және мазмұнының өзгермейтіндігін
растайтын электрондық цифрлық
нышандары.
Электрондық құжат – өзіндегі
ақпарат
электрондықцифрлық
нысанда табыс етілген және
электрондық цифрлық қолтаңба
арқылы куәландырылған құжат
болып табылады.
Электронды құжаттар халықтың
үйден шықпайақ өзіне қажеттісін
алуға мүмкіндік беруде. Онда
заңды және жеке тұлғаларға
арналған қызмет түрлері күннен
күнге
жаңғыртылуда
және
оңтайландырылып келеді.
н.аЖҒаЛиЕв,
Сырым ауданы бойынша
ХҚКо бөлімінің инспекторы.
Науқанды шара емес
Ж
ыл бойына құқықтық оқулар,
жоспары бойынша уақытында өткізіліп,
хаттамаланып отырады.
2014 жылдың 9 айында 9 рет ауылдық
округ әкімі аппаратының құқықтық
оқулары өтті. Құқықтық оқуларға
ауылдық округ әкімі аппаратының 4
мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Құқықтық оқуларда Сыбайлас жемқор
лыққа қарсы күреске бағытталған заңна
маларды түсіндіруге, аппарат қызмет
керлерінің Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы көзқарасын қалыптастыруға,
азаматтардың құқықтарын қорғауға
және де Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызметшілерінің Арнамыс
Кодекс талаптарын сақтауға басты назар
аударылды.
Шағырлой ауылдық “Нұр Отан”
бастауыш партия ұйымы жиналысының
күн тәртібіне: “Нұр Отан” партиясының
20152025
жылдарға
арналған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл
бағдарламасының жобасын талқылау
мәселесі қойылып, талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз
ететін ақпараттық насихаттық шара
ларды ұйымдастыру барысында ауыл
дық округ кітапханаларында бұрыштар
жасақталып, дөңгелек үстел отырыс
тары, түрлі шаралар өткізілуде.
Аудан әкімі, әкім орынбасарларының,
ауылдық округ әкімі және аппараты
қызметкерлерінің жеке азаматтарды
қабылдау кестесі бекітіліп, әкімшілік
ғимаратының
көрнекті
жеріне
орналастырылды.
Ауылдық округ әкімі аппаратының
бюджетінің қаржысы өз мақсатында
және тиімді “Мемлекеттік сатып
алу” Заңының аясында белгіленген
номенклатура
бойынша
жүзеге
асырылуда және мемлекеттік сатып
алудың электронды базасы жасақталып,
жылдық номенклатура мен келісім
шарттар базаға енгізілді.
Сарой ауылдық округ әкімі
аппаратының бюджеттік бағдарлама
ларының ІІІ тоқсан жоспары 7 млн. 541
мың теңге толығымен игерілді.
2014 жылдың 9 айында ауылдық
округ әкімі аппаратының мемлекеттік
қызметшілері тарапынан “Мемлекеттік
қызметшілерлің Арнамыс кодексі”,
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы” Заңдарды бұзу жағдайлары
болған жоқ.
Сыбайлас
жемқорлыққа
қарсы
күрес мемлекеттік ішкі саясаттың
бағыттарының бірі. Себебі сыбайлас
жемқорлық қанатын жайып, өрістеген
сайын елдің экономикалық дамуы
да тоқырай береді. Бұл науқандық
шара емес, жалғаса беретін пәрменді
және қажетті іс. Жалпы сыбайлас
жемқорлықпен күресте еліміздің әрбір
азаматы өз үлестерін қосуы тиіс.
Ерген ЖҰМаШЕв,
Сарой ауылдық округ әкімі
аппаратының бас маманы.
Сыбайлас жемқорлыққа жол
бермеу мақсатында округ көлемінде
төмендегідей шаралар қабылданып
жатырғанын айтуға болады. Бос
жұмыс орындары анықталған уақыт
та олар егер де мемлекеттік немесе
азаматтық қызметшінің орны болса,
жергілікті баспасөз бетіне жариялау
ұйымдастырылып, ал кіші қызмет
керлердің босаған орны туралы үш
күннің ішінде аудандық жұмыспен
қамту бөліміне хабарлама беріледі. Ал
осы кіші қызметкердің жұмыс орнына
ресми жұмыссыздар есебінде тұрған
тұрмысы аз қамтылған отбасылардың
мүшесі ауыл әкімі жанындағы
учаскелік комиссияның отырысында
кеңесіліп ұсынба беріледі.
Ауылдық округ әкімі аппаратының
тауарлар сатып алу, жұмыстар және
қызмет көрсету саласына бөлінген
қаржы оны жасайтын мердігермен
келісім шартқа отырып, жұмыс
атқарылғаннан кейін акті қабыл
данып, содан кейін қаржысы ауда
рылады.
Биылғы жылы ауылдық округ
әкімі аппаратына 10 млн. 832 мың
теңге қаражат бөлінген болса, соның
бүгінгі күнге 8 млн. 501 мың теңгесі
жоспарға сай игерілді. Нормативтік
құқықтық актілер бойынша жыл
басынан бері ауыл әкімінің 17 шешімі,
41 өкімі қабылданды. «Жұмыспен
қамту2020» бағдарламасымен үш
азамат несие алып, жұмыстануда.
Жыл ішінде азаматтарды қоғамдық
ақылы жұмысқа тарту үшін аудандық
жұмыспен қамту бөліміне жылдың
басында 120 орынға сұраныс берілді.
Осы тоғыз айдың ішінде биылғы
жылы 40 азамат қоғамдық ақылы
жұмысқа тартылды. Азаматтарды
жұмыспен қамту бағытында шаруа
қожалықтары арқылы келісім шарт
пен әлеуметтік жұмыс орнына 2013
жылы – 17, 2014 жылы – 8 азамат
тартылды. Аптасына 1 рет қабылдау
жүргізіледі. Әр аптаның дүйсенбі күні
жауапты мамандардың қатысуымен
өндірістік лездеме өткізіліп, ауыл
аймақтың жағдайы назарға алынып
отырады.
Қ.ҒаБДЕШов,
Жосалы ауылдық
округінің әкімі.
Ауыл жағдайы назарда
а
удан әкімдігінің кіші мәжі
ліс залында аудандық әйелдер істері
және отбасылық демографиялық
саясат жөніндегі комиссия отырысы
өтті. Отырысқа аудан әкімінің
орынбасары А.Сарқұлов төрағалық
етіп, әйелдер істері және отбасылық
демографиялық саясат жөніндегі
аудандық
комиссия
мүшелері
қатысты. Күн тәртібінде бірінші
20062016 жылдарға арналған
Гендерлік теңдік пен стратегиясын
іске асыруда Сарой, Жетікөл,
Шолақаңқаты ауылдық округтерінде
атқарылған жұмыстардың барысы,
екінші қоғамның әлсіз әлеуметтік
топтарын мүгедек, жұмыссыз,
жалғызбасты, көп балалы аналарды
қорғау, жәрдемдесу бағытында
атқарылған жұмыстар және үшінші
болып отбасы істері, әке, ана мен бала
және олардың атқарған жұмыстары
туралы мәселелер қаралды.
Аудан
әкімдігі
жанындағы
тұрғындар денсаулығын қорғау
жөніндегі Үйлестіру Кеңесі отырысы
оздырылды. Жиынға комиссия
мүшелері қатысты. Бұл отырыста
20112015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік
бағдарламасының Бұлан, Алғабас,
Жосалы ауылдық округтерінде
орындалуы, Елтай, Бұлан, Аралтөбе
ауылдық
округтері
бойынша
туберкулез ауруының алдын алу
және азайту шараларының өткізілуі
бағытында атқарылған жұмыстары,
азаматтардың денсаулығын нығайту
мақсатында
бұқаралық
спорт
түрлерін дамыту бағытындағы
жұмыстар мәселесі сөз болды.
Өз тілшімізден.
Қос комиссия
отырысы
Бұлдырты ауылында жергілікті
қауымдастық жиыны өтіп, оған аудан әкімі
а.Шыныбеков қатысты. Күн тәртібінде
ауылдық округтегі мал ұрлығы жағдайы
және оның алдын алу мәселесі мен кәмелеттік
жасқа толмағандар ісі қаралды.
Сарой ауылдық
округі бойынша
“Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі
2011-2015 жылдарға
арналған салалық
бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
ауылдық округтің іс-
шаралар жоспары”
жасақталып,
бекітілді.