ӨТІНІШ БЕРУ (ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ)
ЖЕКЕ КУӘЛІГІ НЕМЕСЕ ПАСПОРТЫ БАР, ЖАСЫ 18-ГЕ ТОЛМАҒАН ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
- АТА-АНА НЕМЕСЕ ЗАҢДЫ ӨКІЛ БАЛАНЫҢ ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУЫНА КЕЛІСІМІН БЕРУІ ТИІС.
Ол үшін ата-ана немесе заңды өкіл DID.GOV.KZ сайтына кіру керек:
- Digital ID жүйесінде міндетті тіркелуден өтеді және баласының ЖСН-ін көрсетеді;
- Баласының ЖСН-ін көрсеткеннен кейін заңды өкілдің іс-әрекеті аяқталады.
ӨТІНІШ БЕРУ (ДӘСТҮРЛІ ӘДІСПЕН)
ЖАСЫ 16-ға ТОЛМАҒАН ЖӘНЕ «Туу туралы» КУӘЛІГІ БАР ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
ӨТІНІШ БЕРУ ҮШІН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҰБТӨП-КЕ БАРЫП, КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУЫ ҚАЖЕТ:
- Өтініш (ҰБТӨП-те беріледі);
- 3х4 сантиметр көлемдегі екі фотосурет;
- Туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Өзі білім алатын орта білім беру ұйымының анықтама;
- Тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек (түпнұсқа).
Барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін Сіз «Сіздің өтінішіңіз қабылданды» хабарламасын көресіз.
Тіркеуден өткеннен кейін үміткерге өтініш қабылданғаны жөнінде анықтама беріледі.
2. ҮМІТКЕР https://ubt.testcenter.kz/ САЙТЫНА КІРУ КЕРЕК:
- Электронды поштаны көрсету;
Осы электронды поштаға тіркелу үшін логин мен пароль жіберіледі.
- Digital ID жүйесінде міндетті тіркелуден өту;
Тіркеу жеке куәлік пен паспорт бар болған жағдайда мүмкін болады. Тіркелу барысында өз телефон номерін көрсету міндетті.
- Тестілеуге өтініш нысанын толтырады;
Үміткер ЖСН-ін енгізгеннен кейін ТАӘ мен білім беру ұйымы ҰББДҚ-дан алынып қойылады. Мәліметтер дұрыс болмаған жағдайда міндетті түрде ҰБТ өткізу пунктіне хабарлау керек.
- Тестілеуге қатысу үшін ақы төлейді.
ҰБТ-ға қатысу төлемақы бойынша
Тестілеу құны – 2242 тенге
Тестілеуге қатысу үшін ақы төлеуді екі түрлі әдіспен жүзеге асыруға болады:
1) онлайн веб-қосымшасы арқылы (жүйенің ішінен шықпай).
Онлайн төлем жасағандар үшін «Сіздің өтінішіңіз қабылданды» хабарламасы шығады, яғни ҰБТ-ға қатысушылар ДБ-ға тіркелесіз.
2) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК реквизитіне төлеу арқылы.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы төлем жасағандар үшін Сіздің өтінішіңіз алдын-ала тіркелген өтініш болып саналады, сондықтан өтініш номері мен ақы төлем түбіртегін студент өзі оқитын ЖОО-ның жауапты хатшысына немесе мектеп оқушысы жергілікті жердегі ҰБТ өткізу пункті қызметшісіне жолдайды. ЖОО-ның жауапты хатшысы немесе ҰБТ өткізу пункті қызметшісі ақы төлем түбіртегін тексергеннен кейін барып, өтініш номерін жүйеге тіркейді. Сол кезеңде барып өтініш толық тіркелген болып есептеледі.
ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК
Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Есіл а., Сарайшық көшесі, 11 ү., 7 т.е.б.
БСН 000140001853
ЖСК KZ536010111000001515
БСК HSBKKZKX Кбе 16
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Төлемнің атауы – "Ұлттық бірыңғай тестілеу үшін" немесе «Тестілеу үшін».
Ұлттық тестілеу орталығының реквизиттері
Рұқсаттама алу
Мәліметтермен (өткізу күні, уақыты, орны, аудитория) https://ubt.testcenter.kz/
сайтындағы жеке кабинетінен таныса алады
ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін ҰБТ өткізу пунктіне бару керек (өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек).
Онлайн режимде өтініш берген тұлғалар үшін:
Дәстүрлі әдіспен өтініш берген тұлғалар үшін:
Рұқсаттама – тестілеудің орны, күні, уақыты, тілі туралы ақпаратты қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |