Эмиль Дюркгейм кейбір әлеуметтік топтардағы өзін-өзі өлтіруді салыстырады. Мысалы, әйелдерге қарағанда, ер адамдар арасында жиірек; дінге сенетіндерге қарағанда, сенбейтіндер арасында көбірек; қала тұрғындары арасында ауылдағыларға қарағанда жиірек; отбасы барларға қарағанда, жалғызіліктілер арасында көбірек; бір жыныс өкілдерінің ұзақ уақыт жабық жүйеде бірге болуы (әскер, түрме, монастырь) да аталмыш құбылыстың бірден бір факторы деуге болады деген тұжырым жасайды. Сонымен, Эмиль Дюркгейм адам мен қоғам арасындағы байланыстың өте тығыз екеніне және қоғамның адам алдындағы жауапкершілігіне ерекше назар аудару керектігін баса айтады.
Макс Вебер — неміс әлеуметтанушысы, әлеуметтік философ, тарихшы. Альфред Вебердің ағасы. 1864 жылы21 сәуірде Эрфурт қаласында дүниеге келген. 1893—1896 жж. Фрайбург университетін, 1896—1898, 1902—1918 жж. Гейдельберг университетін, 1919—1920 жж. Мюнхен университеттерінде дәріс берген. Теориялық әлеуметтану, әлеуметтік дін, саяси әлеуметтану, ұйымдастыру әлеуметіне арналған еңбектері бар.
Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауына байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді. Екіншіден, М. Вебер адамның статусын – саяси партияға, яғни билікке қатынасы деген стратаға жіктеудің өлшемдерін енгізеді. М. Вебердің пікірінше, статус әлеуметтік топтар мен индивидтердің қоғамдағы алатын орны мен мәртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал, адамның статусы – білімі мен шеберлігінің дәрежесі, өмір салты сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді. М. Вебер қоғамдағы тапқа бөлінуге әсер ететін факторларды ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап көрсетеді. Олар; 1. капитал иелерінің табы; 2. интеллектуалдар мен менеджерлерден, басқарушылардан тұратын тап; 3. дәстүрлі ұсақ буржуазия табы 4. жұмысшы табы.