Атақты әлеуметтанушы–теоретиктер К. Маркс, Э. Дюркгейм, М. Вебер, Г. Зиммель



бет2/4
Дата19.10.2023
өлшемі1,27 Mb.
#119115
1   2   3   4
Байланысты:
СөЖ 2 Жақып Аблай АиУ-23-11 ТИпО,

 

Маркстік социологияның негізі — тарихи процесті материалистік тұрғыдан түсіндіру әдісі болып табылады. Осы ілімнің теориялык және эмпириялық негіздерін Карл Маркс «Капиталда» баяндайды. Әлеуметтану тарихында Карл Маркс алғаш рет коғамға жүйелік баға беру қажет екенін ұсынған ойшылдардың бірі. Осы негізде Маркс өзінің қоғамдық-экономикалық формация ілімін жасады. «Формация» ұғымы арқылы Карл Маркс қоғамның барлық жақтары туралы әлеуметтанымдық тұжырымдарды жасамақ болды.

Эмиль Дюркгейм (1858-1917) - француз әлеуметтанушысы, саясаттанушысы. Дюркгейм негізінен ұжымдық сана рөлі, оның әртүрлі түрлерін зерттеген. Ол өз тұжырымындасында әлеуметтік шындықтың ерекше және тәуелсіз принципіне сүйенеді. Осы қағидаға сүйене отырып, ол қоғамды индивидтерден моральдық және күштік (физический) тұрғыдан жоғары қойды. Келесі ынтымақтастық - ең жоғаргы моральдық принцип ретінде қарастырылды. Қоғамдағы екі механикалық және органикалық ынтымақтастықты тұтас даму бөліктері деп көрсетті. Механикалық ынтымақтастық архаикалық қоғамға, индивидтердің, олардың қоғамдық функцияларының бір-біріне ұқсастығына және жете дамымағанына негізделді. Органикалық ынтымақтастық Дюркгейм бойынша қазіргі кезеңдегі қоғамдарға тән, ол еңбекті белуге негізделеді.

Баска ғылымдарда бақылана және түсіндіріле алатын деректер сияқты, әлеуметтану пәні бақылана және түсіндіріле алатын болуы керек. Осыдан Эмиль Дюркгеймнің атақты екі формуласы шығады:

1.Әлеуметтік фактілерді (деректерді) зат ретінде қарастыру;

2.Әлеуметтік деректердің индивидке күштеп ықпал ететін негізгі ерекше белгісі бар.

Эмиль Дюркгеймнің әлеуметтануы үш негізгі саладан тұрады: 1.әлеуметтік морфология 2.әлеуметтік физиология, 3.жалпы әлеуметтану.

Әлеуметтік морфологияны анатомия деуге болады, себебі ол қоғамның субстратын зерттейді. Дәлірек айтқанда, қоғамның географиялық негізін, халықты, оның тығыздығын және т.б. қарастырады. Ал әлеуметтік физиология дін, мораль, заң, экономика, тіл, эстетика құндылықтарын, өмір сүру бейнесін зерттесе, жалпы әлеуметтанудың пәні теориялық синтез бен ортақ заңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет