ГеоргЗиммель (1858—1918) — нeмic пәлсапашысы, әлеуметтанушысы. Зиммель өмip философиясы ағымының өкілі ретiнде мәдениет пәлсапасының мәселелерiн қарастырды. Зиммелдің танымы бойынша «өмip» ұғымы шығармашылық қалыптасу процесi, оған iшкi толқыныс, сезiм қуаты мен рационалды құралдарды қолдану арқылы жетуге болады.
Георг Зиммель элеуметтануындағы негізгі ұғым — «қалып» немесе «түр» болып табылады. «Түр» (қалып) мазмұнды көрсету мен жүзеге асырудың бірден-бір әдісі ретінде, яғни адамдардың өзараықпалдастығының тарихи шартты мотивтері, мақсаты мен түрткілерін түсіндіретін, білдіретін әдіс деп танылған. Г.Зиммель «кез келген әлеуметтік құбылыстың мазмұны мен қоғамдық калпы (түрі) біртұтас нақтылықты құрайды; кеңістіктік түрдің материясыз болмайтыны сияқты әлеуметтік қалып немесе түр де мазмұнсыз бола алмайды» дейді.
Георг Зиммельдің қоғам туралы тұжырымында «коғам» ұғымын екі мағынада түсіндіреді.1.Қоғам — «коғамдастырылған тұлғалар кешені» немесе «қоғамдық рәсімделген адами материал»; 2.Қоғам адамдардың коғамға бірігуіне мүмкіндік беретін қарым-қатынас түрлерінің жиынтығын, адамдардың өзара ықпалдастығы арқылы үнемі ұдайы өндіріп отырады. Адамдар коғамға біріге отырып, «қоғамдасады». Осыдан келіп Г.Зиммель ілімінде «қоғамдастыру» ұғымы да жиі колданылады. Енді осы ұғыммен байланыстыра отырып, әлеуметтанудың ғылым ретіндегі міндеттерін көрсетеді. Әлеуметтанудың ғылым ретіндегі міндеті — қоғамдасудың саналуан түрін зерттеу, әлеуметтік өмірдің түрлерін топтастыру, талдау.