Қақтығыстар п.ғ. м, аға оқытушы Жұмалиева Г. С



Дата30.10.2022
өлшемі417,13 Kb.
#46202
Байланысты:
6. Қақтығыстар

Қақтығыстар

п.ғ.м, аға оқытушы Жұмалиева Г.С.

Қақтығыстар

Қақтығыстар – екі немесе одан да көп тараптардың мүдделерінің қақтығысы.

Қақтығыстар классификациясы

– топтың жұмыс істеуіне әсер етуі бойынша:

А. Конструиктивті – сараланған шешімді қабылдауымен және өзара қарым-қатынасты одан әрі нәтижелі дамытумен аяқталады; Б. Деструиктивті – эффективті өзара қарым-қатынас құрылуы негізінде дұрыс шешім қабылдануымен аяқталмайды.

Қақтығыстар классификациясы

Қатысушылардың мінезедеріне қарай:

1. Тұлғааралық – ең көп таралған және кем дегенде екі адамның арасында болады; 2. Тұлғааралық – бір адамның ішіндегі бір-бірін өзара жоққа шығаратын ниеттер, импульстер; 3. Топаралық – ортақ мүдделермен(қызығушықлықтармен) біріккен топтар арасындағы келіспеушіліктер; 4. Әлеуметтік – топтағы құрылған жүйенің ішінде немесе әлеуметтік институт ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар; 5. Адамдар тобы мен бір адамның арасында, егер топ мүшелерінің бірі жалпы қабылданған тәртіптің нормаларын бұзса..

Қақтығыстар классификациясы

Мағынасына қарай қақтығыстар:

  • Заттық
  • Мұнда талаптар анық байқалады, қарама-қайшылықтар олардың орындалмауынан туындайды;

    2. Заттық емес

    Қақтығыстың мақсаты – қарама-қайшылықтарды шешу емес, жағымсыз эмоцияларды және жиналған реніштерді шығару.

Томас бойынша қақтығыстағы мінез-құлық стильдері

Қақтығыстағы мінез-құлық стильдері

Болдырмау (жалтару)

Болдырмау – «фармацевт қақтығыстың болғанын жоққа шығаратын» мінез-құлық стилі.

– Келіспеушіліктер жоқ деп санап, сондықтан даулардан, басқа тарапқа қарсылықтардан тартынып, жағымсыз жағдайдан кетуге ұмтылады.

– Адам проблеманы шешудің мүмкін еместігіне ("менде билік, күш, ақша, білім және т.б. жоқ") немесе күш-жігердің пайдасыздығына ("бәрібір бұл ештеңеге әкелмейді») сеніп қалуы мүмкін.

Құрал 

Құрал – «фармацевт өз мүдделерін қанағаттандырудан ішінара немесе толық бас тартқан» қақтығыстағы мінез-құлық стилі. Мұнда фармацевт қарсылас тараптың талабы мен шағымдарын (өз мүддесін елемей) мойындайды.

Мұндай мінез-құлық стилін таңдау келесі жағдайларда қажет:

  • Қақтығыс тақырыбы маңызыды емес кезінде;
  • шиеленіс жағдайынан шығу ниеті қызығушылық тудырады. Оның негізгі қағидаттарының (құндылықтарының) ешқайсысына қауіп қатер төндірмесе (" ұсақ- түйектерде түсуге болады") немесе оппонент жағында дұрыс болған кезде;
  • Қақтығыс жағдайдадан шығу ниеті оның қызығушылығынан басым болса, егер оның принциптеріне (құндылықтарына) ешқандай қауіп төнбесе, немесе қарсы тараптың шындығы айқын болса;
  • Қақтығыстан бас тарту ерікті түрде ұсынылса;
  • Қақтығыстағы қарсы тараптағы адам арасындағы қатынас дау тақырыбынан артық тұрса;
  • Бұл құрал маған болашақта(мансап жинауда, дивиденд алуда, жеңілдік алуда) көмектеседі.

Компромисс

Компромисс – екі тарап өзара жол берудегі фармацевттің қақтығыстағы мінез-құлық стилі. Компромиссті таңдау себептері: - Қарым-қатынас тығырыққа тірелгенде, жалғыз шешім, ол – компромисс; - Компромисс күш жинау үшін керек кішігірім демалыс секілді. Қақтығыс шешімін болашаққа қалдыруға болады; - Уақытты ұтып, басқа мәселелерді шешуде компромисс үлкен көмегін береді; - Жеңіске қарағанда жеңіліс артығырақ; Компромисс қорытындысы – қақтығысқа тартылған барлық тараптардың әр деңгейдегі қанағаттанбау дәрежесі.

Принциптер арқылы қақтығыста компромисс болуы мүмкін емес.

Ынтымақтастық

Ынтымақтастық – барлық тараптардың мүдделерін толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қақтығыстағы мінез-құлық стилі.

Бұл стиль эффективті, өйткені болашақта өзара тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Алайда ынтымақтастық шығармашылық қабілет пен уақытты талап етеді. Бұл ең конструиктивті(және энергия шығыны бойынша ең арзан) мінез-құлық стилі, өйткені, бір тараптың мүдделері екінші тараптың мүдделері қанағаттанатын жағдайда ғана қанағаттандырылады деп түсінеді.

Конкуренция(Бәсекелестік) 

Конкуренция – өз мүдделерін қанағаттандыруда табандылықтың жоғары дәрежесімен, басқалардың мүдделерін қанағаттандырудан бас тартумен сипатталатын мінез-құлық стилі. Бұл ретте басқа адамдармен қарым-қатынас қалай қалатыны маңызды емес, нәтижесі маңызды. Себептері : - басқа адамдарды елемеу; - оларға сенімсіздік; - қарсы тараптың күшін ескермеу; - критикалық, өмірге немесе өзін-өзі бағалауға қауіпті жағдай; - топта міндетті тәртіп ережелерін қабылдау

- ситуацияға жедел әрі эмоционалды реакция(қорлау, реніш)

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет