Атырау қаласы Атамекен №45 жалпы орта мектебі



бет1/8
Дата21.09.2024
өлшемі304,11 Kb.
#145143
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тәрбие жоспары 2024-2025 (1)


Атырау облысы
Атырау қаласы
Атамекен №45 жалпы орта мектебі

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі
2024 жылғы 30 шілде
№ 194 бұйрығы

ҚР Білім және ғылым министрінің


2020 жылғы 6 сәуірдегі
№130 бұйрығына 2-қосымша

Бекітемін


мектеп директорының у.м.а.____________А.Б.Қоишыгуова
2024ж «___»  ____________


Жылдық тәрбие жоспары

2024-2025 оқу жылы


ҚР Білім және ғылым министрі 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына 2-қосымша
«2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘНХ


БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАС Ы


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру бойынша
Мемлекеттік құзырлы органдармен бірлескен
2024-2025 оқу жылына арналған КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда
қатысуымен кешенді түрдегі бірлескен жұмыс


КЕШЕНДІ ЖОСПАРДЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ

Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.


Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында (15 наурыз 2024 жыл) сөйлеген сөзінде негізгі құндылықтарды атап өтті. «Тәуелсіздік және отаншылдық», «Бірлік және ынтымақ», «Әділдік және жауапкершілік» , «Заң және тәртіп», «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік», «Жасампаздық және жаңашылдық». Бұл құндылықтар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) негізіне айналады. 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы осы бағдарламаның негізгі ережелеріне сәйкес ұйымдастырылатын болады.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» - ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді
Ұлтболашағы балалар мен жастардың бойына қандай құндылықтар сіңіретініне байланысты, сол себепті өскелең ұрпақты тәрбиелеу – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі.
Сондықтан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы елімізді жаңартатын «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» ұстанымына негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет