Тәрбие жұмысының мақсаты:
қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру .
Тәрбие жұмысының міндеттері:
Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
Отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
Адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
Табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
Елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
Отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
Өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;
Әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.
Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:
Басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;
Өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
Еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
Біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.
Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:
Әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
Білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;
Отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.
Достарыңызбен бөлісу: |