Ұлттық құндылықтар: Тәуелсіздік және отаншылдық. Бірлік және ынтымақ. Әділдік және жауапкершілік. Заң және тәртіп. Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік. Жасампаздық және жаңашылдық.
Тәуелсіздік және отаншылдық:
Мемлекеттің дамуындағы ел бірлігінің маңызын бағалау және мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті сезіну
Өзінің халқына деген сүйіспеншілігін білдіру және ұлттық мәдениетті құрметтеу
Ұлттық және мәдени бірегейлікті сезіну
Халық пен мемлекеттің тарихи жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту және мәдени мұрасын, дәстүрлерін әрі қарай ілгерілету
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге үлес қосу
Отандық және әлемдік мәдениетті тану құралы ретінде оқуға деген тұрақты қызығушылық таныту
Өз Отанын қорғауға дайын болу, халық пен мемлекеттің Егемендігі мен қадір-қасиетін тарихи аргументтерге сүйеніп қорғай білу
Бірлік және ынтымақ:
Басқа адамдармен қарым-қатынас кезінде өз мінезқұлқыңызды сыни тұрғыдан бағалау және түзету
Өзара сыйластық пен ынтымақтастықты көрсете отырып, өз көзқарастарын білдіре алу
Ортақ мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ете отырып, командада тиімді жұмыс істей білу
Басқа адамдардың даралығын ескере білу және өзгенің идеялары мен пікірлерін дұрыс қабылдау
Қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтаудың маңыздылығын түсіне отырып, қақтығыстық жағдаяттарды шешуде сындарлы шешуге ұмтылу
Әділдік және жауапкершілік:
Өзінің де, басқа адамдардың да әрекеттерін талдай білу
Әділдік, мейірімділік және жауапкершілік таныту арқылы басқаларға көмектесуге дайын болу
Кез-келген қызмет түріне немесе іс-әрекетке жауапкершілікпен қарау
Ақпаратты бағалау және талдау негізінде салмақты шешімдер қабылдау