«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар ҚР әнұранын орындайды
«АПТА ДӘЙЕКСӨЗДЕРІ» - барлық білім беру ұйымының оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекі тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, LED-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылады.
«ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ»жол қозғалыс ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез – құлқын және т.б. сақталуы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН АКЦИЯ, ЧЕЛЛЕНДЖДЕР