3-тапсырма: Постер. Әр топтан 1 мұғалім шығып, (мұғалімнің көзін байлап) өздеріне берілген суретті постерға ұқсатып салуы керек және қорғау.
Болашақтағы колледж суретін салу
4- тапсырма: Студент-мұғалім. Мұғалім- студент. Бұл тапсырмада әр топтан 1 студент, 1 мұғалімнен шығады. Берілген мінез қылықтарды сөзбен, іс- қимылмен көрсету.
1-топ: Студентке- мұғалімнің ашуланғаны. Мұғалімге- студенттің қорқып, қысылғаны.
2- топ: Мұғалімге- студенттің дене сабағындағы жүгіріп келіп шаршағаны.
Студентке- дене мұғалімінің (формаң қайда, жүре бер бағаң 2 ) дегені.
3-топ: мұғалімге- студенттің кешіккені (ұйықтап қалыппын, келесте кешікпеймін ) деген сөзі. Студентке- мұғалімнің ашуланып (жүре бер, тағы ұйқтауың керек еді) дегені.
Бағалау- көрермендерден 1-2-3-4-5 сандар аралығында.
Сергіту сәті.
1-жүргізуші:Мінекей көңілді сайысымыз өз мәресіне жетті. Ендеше жалпы ұпай санын қорытындылағанша тобымыздың сіздерге арнаған «Ұстазым менің, ұстазым» атты әнін қабыл алыңыздар. Хор.
Жалпы ұпай саны. 1-топ: ** 2-топ: ** 3-топ: **
1-жүргізуші: Сен қалай ойлайсың, Аяжан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.