Алтын Орда — Басында моңғол- кейінірек түркіленген— 1240 жылдары Русь кінәздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты.

Сарайшық
Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ –ғалымы, саяхатшысы Ибн-Батута. Ол өзінің саяхаттарының бірінде, 1334 жылы «Үлкен Сарай» қаласынан шығып (Сарай-Берке-Алтын Орданың астанасы), Азияға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған.
Таскешу
Керуен сарайлар Х ғ. соңы мен ХV ғ. басында, əсiресе Хорезм мемлекетiнiң ХI-ХII ғасырлардағы Едiл бойы мен Шығыс Европа елдерiмен арадағы сауда қатынасының дамыған кезiнде тұрғызылған.
Ақтөбе-Лаэти
1960 жылдардың соңына қарай осы ескерткішпен Лев Галкин танысқан болатын. Оның жүргізген зерттеу жұмысы 1983 жылға дейін жалғасты. Сонымен қатар 1960 жылы шыққан “Қазақстанның археологиялық картасы” жинағында Атырау маңындағы Ақтөбе-Лаэти қалашығы кіреді.Тапқан ескерткішін алғаш рет 1965 жылы археолог М.С. Мерщиевке көрсеткен болатын. Қорытындысына бірлесіп, табылған ескерткіш материалдарды негізінде қоныстың ХІІІ-ХІV ғасырларда болғанын дəлелдеп, мақала жариялаған. Қалашықтың Ақтөбе деген атауын жергілікті қазақтар қалашық қирандысы төбе болып үйіліп жатқаннан кейін атаған. Лев Галкин 1977 жылы "Археологические открытия 1977 года" атты еңбегінде Алтын Орда қалашығын Пицигани картасына сүйеніп, "Лаэти" қаласы деп атаған болатын.
Ақтөбеден бидай сақтайтын ыдыстар кездесті, ал, табылған керамика мен тиындар қалашықтың ХІІІ- ХV ғасырда өмір сүргенін дәлелдей түседі.
Ғимараттың сыртын әртүрлі ою-өрнекті, түрлі-түске боялған қаптама плиталармен безендірген. Көбіне көгілдір ақық түсті болып келеді. Сондай-ақ қыш кірпіште құрылыста қолданылған материал болып табылады. Оларды үй қабырғасын, іргетасын тұрғызуға, еденге төсеуге, өзге де мақсаттарда қолданған. Ғалымдар мұндай құрылыс материалының IХ-Х ғасырлардан бастап қолданылғанын айтады. Бұйымдардың сырлануы әртекті. Кварц, далалық шпат, каолин т.б. сілтілік материалдар 950º С температурадан жоғары ыстықта шыныға ұқсас қабат қалыптастырып, глазурьленеді. Мөлдір қарасұр сырлардың құрамында дала шпатының көп екендігі белгілі. Күңгірттеу сырлардағы глазурь құрамында қалайы тотығы бар. Қоңыр түске мыс тотығын қосу арқылы қол жеткізген. Қызыл балшықты сырлы ыдыстар 900-1200º С температураға дейінгі қышқылды ортада күйдірілген.

Археологиялық зерттеулердің нәтижелері мұнда түрлі елдердің ақшалары, соның ішінде,Иранды билеген Хұлағидтық елхан Махмұд Ғазанның алтын тиыны және басқа да күміс, мыс тиын түрлері болғандығын көрсетті. Алтын тиынның бетіне Калима шахадат – куәлік сөзі жазылған.