Қатысқандар: Қайнарбек – Болат Бекзат


Хасан ата: Балам-ау ,осы мен түстен бері келінді көре алмадым ғой.Әлде бір жаққа кетті ме?Интернаттада Биғайшажан көзіме түспеді. Мұрат



бет5/7
Дата13.10.2022
өлшемі26,45 Kb.
#42775
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сахналық койылым-22

Хасан ата: Балам-ау ,осы мен түстен бері келінді көре алмадым ғой.Әлде бір жаққа кетті ме?Интернаттада Биғайшажан көзіме түспеді.
Мұрат: Үйге барып демала беріңіз, ата. Биғайша үй әктеп жатыр. Қазір болғасын ас әзірлейді.
Хасан ата: Әлгі жүгірмек қайда?
Мұрат: Ол мамасының қасында.
Хасан ата: Мұрат-ау, осы сен қайдағы үйді айтып тұрсың? Үйде жан баласы жоқ.
Мұрат: Сіздің үйіңізді айтамын, ата.
Хасан ата: Менде қайдағы үй?
Мұрат: Мынау ауладағы сіздің үйіңізді айтамын.
Хасан ата: Е, қарағым-ай, ауылдан үйді бұзып әкелгенде айтқан жоқпын ба, ағаш-шұғаштарды керегіңе жарат, шаруаңа пайдалан деп. Маған үй салғанша, өзіңе тауық қора салсаң қайтеді?
Мұрат: Бұдан былай сізді интернатқа жатқыза алмаймын, ата.Әттең, қолымнан келсе, сондағы қарттардың бәрін төбеме қойып, бағар едім.
(Мұрат ауыр демалып, сөзін әрі жалғады.)
Құдайға шүкір, ата. Елу шақты тауыққа әзірге қора-қопсы жетеді. Бұдан екі жыл бұрын көршім Қалтай екеуіміз базардан балапандар сатып алып,ерінбей бастап едік, осы тауық асырауды. Қолды қусырып жұмыссыз отырғанша, жұрт сияқты бірдеңе істейік дегеніміз еді.
Хасан ата: Е, оларың дұрыс болған! Қазір әйтеуір жұрттың бәрі « шағын кәсіпкерлік» дегенді шығарды ғой, түсінсем бұйырмасын соның не екеніне.
Мұрат: Шағын кәсіпкерлік дегеніміз ата, екі-үш жігіт бірігіп, еңбек етіп тапқан табысты адал бөлісу ғой, Құдайға шүкір, егін саласың ба, жылқы бағасың ба, өзің білесің. Тек, ерінбей еңбек етсең болғаны. Кеше қалаға жиналысқа барғанымда, егін салып жүрген өзім шамалас жігіттер биыл жаңбыр көп жауды, сірә, астық көп болатын шығар деп қуанып отыр.
Хасан ата: Астықтың көп болғаны халыққа жақсы ғой, ел тоқ болады.
Мұрат: Егер еккен егініміз бен бақшамыз қаулап шықса, қай өнімнен де қарттар үйіне жылдағыдай тегін көмек көрсетеміз. Былтыр Қалтай екеуіміз осы ауылдың тең жартысына қапшық-қапшық картоп пен пияз тегін үлестіргенбіз.
Хасан ата: Дұрыс болған.Мұқтаж жандарға қолғабыс беру үлкен сауап, балам. Алдында сендер жайған дастарханға қариялар қалай қуанды?!Бір-бірімен шүйіркелісіп, оңып қалды ғой .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет