Қайнарбек: Әке, Өткенде біз жоқта үйге неге қондың?
Хасан ата: Неге қондыңы қалай?
Қайнарбек: Сол күні келініңіздің «сырғасы» жоғалып кетіпті.
Хасан ата: Сырғасы? Қой байғұс!...Қандай сырға?
Қайнарбек: Алтын, әрине.
Хасан ата: Мен барда үйге ешкім келмеген сияқты еді ғой. Лидияжан дос қыздарымен көшеге шығып кетіпті. Болатжан таң ата аздап қызғындау оралды.
Қайнарбек: Мен болмаған соң кетіп қалмадың ба?
Хасан ата: Үйді иесіз қалдырмаймын деп, құлыным.
(Әке мен баланың әңгімесі көп ұзаққа бармады.Қалай десе де, шытынаған баласын шындыққа көндіре алмаған қария іші-сырты жамалған көнелеу бешпетінің төсқалатасына қолын салып,алған затын баласына қарай созды.) Хасан ата: Балам, мә, саған сөз келмесін. Келініме таңдаған сырғасын алып бер. (Басын әрлі- берлі шайқап, байғұс саусақтары дір-дір етіп,не есікке қарай жүгірерін, не кейін шегінерін білмей, екі ортада теңселген қарияны медбике келіншек қолтығынан демеп, палатасына қарай алып кетеді.) (Жәймен ойналған сазды әуенмен қоса, үнтаспадан сөз естіліп тұрады.) (Үнтаспадан)« Опасыз дүние-ай, желкілдетіп-ақ өсірген ұлдың басыма тас лақтыруын қарашы! Қартайғанда далаға қаңғытқан ұлдың түгел үрім-бұтағының құны жоғалғандай, әйелінің сырғасын сұрап келуін!».
Жанарын жалаңаш қабырғаларға қадап, темір кереуетте екі күн бойы нәр татпастан жатқан қария әу бастан жанына жақын боп кеткен медбике келіншек Биғайша мен Мұраттың үйіне барған соң, Алла деп басын шақ көтерді.
(Биғайша мен Мұраттың үйі.Дастархан басы шәй ішіліп отырады). Биғайша:Ата, тағы да шәй ішіңіз. (Хасан ата оюлы қызыл кесені аса мейіріммен ұсынған Биғайшаға,бақытты жастарға сүйсіне көз тастаған ол құлдыраңдап қасына шауып келген кішкентай Ерсағанның желбіреген кекілінен құлшына иіскеді. Хасан ата: Дырау азамат бол! Шіркін, кекілді балапанның иісі қандай тәтті!
Ерсағанды қасына отырғызып Хасан қарт бір сәт ойға шомып кетті.