Мұрат:Бұйыртса ,сол шаруаны тағы да жалғастырмақпыз,ата.Бұл жолы қаладан арнайы «Арай»жастар ансамблін шақыртып қойдық.Қалтайдың әйелі Күнсұлу келініңіз ұйымдастыруда.Тағы бір жеке серіктестіктің жігіттері қарттар үйіне келеміз деп жүр.
Хасан ата: Бәрекелді !Қазақтың жігіттері біріксе,қолдарынан бәрі келеді ғой. Соңғы уақытта қолдарына күрек ұстап,тырбанып жатқан жастарды көріп марқаятын болдық.Оның үстіне заман да жақсарып келеді .
(Таяғына сүйеніп,үйге қарай бет алғаны сол еді, тағы да басынан өткен оқиға көз алдынан өтіп жатты.Шағала дауысы,сылдырлаған судың, сыбдыр қаққан ақ қайыңдардың дауысы, С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны»күйі естіледі.) (Үнтаспадан )Жасыл нұрға бөленген Ақ Жайықтың аспанында қиқулай ұшқан шағалалар сыбдыр қаққан ақ қайындардың желімен тербеліп ,дастархан басында қаздай тізілген қариялардың асыл арманын жылы жаққа әкетіп бара жатқандай.Сағынышты мауқын басып,шерін тарақатардай Хасан қарияның білегіне қонған көне домбыра шағалалар үнімен тербелген.Домбыра үніне елтіп,қос шектің өн бойымен әрлі-берлі жүгірген қарияның кәрі саусақтарына қадала қараған дария жанарлар мұнау төгілген күй қайғыларын шешіп тастардай,тапжылмастай тындай қалыпты.Құдіретті күй Хасан қарияның да зарлы шерін тарқатып,жалғыз ұлдан көрген қор тағдырын көңіл сандығынан суырып әкетердей ,төгілген үстіне төгіле түсті ...
Қарттар үйінің қоңыр қақпасын күзеткен талай күндер «өз ұлыңды енді таптың» дейтіндей оған іштен. Туған ұлдан артып туған Мұрат пен Биғайша ақ шатырлы пәтер салып, Қайнарынан көрмеген жақсылықты көрсеткенде, енді қалған кәрі қойдың жасындай тірлігінде тұңғиық теңіз шетіне ескексіз қайықтай жүзіп жетер-ау әттең, тек үріп өсірген жалғыз ұлдың әкем деп мойындамай кеткені болмаса...
Анада Мұрат екеуі шыдай алмай Қайнарды үйіне іздеп барған. Әкесінің төрінде жатқандай, төргі бөлмеден шәуілдей үрген сары итпен бірге дауысы шаңқ-шаңқ етіп сыртқы есіктен естілген келіннен Қайнар жайында жөнді жауап ала-алмағанды.
(Шашы ұйпа-тұйпа келіні Алма алдарына шықты) Алма: Үш ай болды, балаңыздың үйден кеткеніне әлі бір хабар жоқ. Біреудің қолына кіріп алғанда. (Беттен алған Алманы көріп табалдырықтан әрі аттай алмай тұрып қалды қария мен Мұрат.)