Атмосфера дегенiмiз – жер шарын қоршап тұрған ауа қабаттары. Ол жер бетiнен бiрнеше мың шақырымға тарап, планетааралық кеңiстiкке өтедi. Атмосфера көлденең бағытта да, тiгiнен де бiркелкi болмайды



бет12/15
Дата06.06.2023
өлшемі51,25 Kb.
#99144
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Дәріс 2

Бақылау сұрақтары


  1. Атмосфера және оның қабаттарына сипаттама берiңiз



  2. Атмосфераны зерттеу әдiстерi



  3. Атмосфера құрылымы, элементтердiң мөлшерi



  4. Топырақ ауасы, элементтердiң мөлшерi



  5. Газалмасу, әсер етушi факторлар



  6. Атмосфералық қысым, оған әсер етушi факторлар



  7. Барометрлiк тенденция және сипаттамалар



  8. Барометрлiк нивелирлеу



  9. Атмосфералық қысымды өлшейтiн аспаптар (приборлар).




Агроклиматология негіздері. Қазақстанның климаты.
Агроклиматтық аудандастыру. Микроклимат, топырақ климаты және фитоклимат.
Агроклиматология негіздері.
Атмосферада метеорологиялық элементтердің өзгеріп тұратыны бізге белгілі. Ол өзгерістер әр жерде, аймақта әртүрлі болады. Сол өзгерістер белгілі бір ауданның ауа райын, климатын сипаттайды.
Ауа райы дегеніміз бір мезгілдегі (уақыттағы) белгілі бір аудандағы (аймақ) метеорологиялық элементтердің жиынтығы, ал климат – бір аймақтағы ауа райының көп жылдық режимі. Климат- көп метеорологиялық факторлардың жиынтығы, негізінде географиялық орналасуына байланысты болады.
Климаттың қалыптасуына мына факторлар әсер етеді:
Географиялық ендік және жергілікті жердің бедері.
Теңіздер мен мухиттардан алшақтығы.
Өсімдік жамылғысы.
Адамның шаруашылық іс-әрекеті (климатты жақсарту, су қоймасы, орман жолақтары).
Климатқа үлкен әсер ететін негізгі факторларға күн радиациясы, атмосферадағы ауа массаларының айналымы, жер беті жымылғысы. Жер бетіне келіп түсетін күн радиациясының мөлшері географиялық ендікке байланысты.Экваторға түсетін күн радиациясының жылдық мөлшері 186,5

Ккал/см, ал полюсте- бір болғаны 40,2 ккал/см. Осыған байланысты климат қалыптасады.

Теңіздер мен мұхиттар үстінде тәуліктік және жылдық амплитудасы төмен ылғалды климат қалыптасады, ал неғұрлым құрылыққа қарай алыстаған сайын тәуліктік және жылдық амплитудасы жоғары (үлкен) құрғақ климат қалыптасады.

Климат өзгермей тұрақты болып тұрмайды, кейбір жылдары метеорологиялық элементтердің орташа көпжылдықтан ауытқулар болып тұрады.

Мысалы:Алматының климаты жұмсақ қысымен сипатталады, ал кейбір жылдары (1950, 1968, 1972, 1979) қыс айларында температура- 40, -42С дейн тқмендейді. Мұндай жағдайды климаттың ауытқуы дейді, оның себебі –суық(жылы) ауа массасының басқа аймақтан келуі.

Микроклимат - шағын участкелердің климаты, оған жэер рельфі, су қоймалары, өсімдік жамылғысы. Топырақ әсер етеді. Бұл танаптың, қаланың, рпманның климаты микроэлиматты анықтау үшін арнайы бақылаулар жүргізу қажет. Микроклимат барлық жоғарыда аталған факторлардың әсер етуімен қалыптасады (оңтүстік, солтүстік беткейлер олар әртүрлі қызады, өйткені әртүрлі мөлшерде күн энергиясын қабылдайды(.

Егілетін дақылдың сортын, түрін таңдағанда әрбір танаптың микроклиматын ескеріп, өзіне тән агротехникалық шаралар жүргізу қажет.

Ауылшарушылық маманы мынаны білуге тиіс: бір танапта ( участкде) әртүрлі микроклимат болуы мүмкін, өйткені топырақтың түріне байланысты жылу, ылғал, жарық әртүрлі мөлшерде болады.

Микроклиматты бақылау. Шаруашылықта ауылшарушылық дақылдарын дұрыс орналастыру үшін, ауылшаруашылық жерлерінің метеорологиялық режимінің ерекшіліктерін білу қажет.

Жылу режимін, ауаның ылғалдылығын, желдің жылдамдылығы мен бағытын зерттеу рельеф бойынша әртүрлі шағын участкелерде жүргізіледі.

Мысалы: танап, бау*-бақша, орман-олардың микроклиматқа әсерін арнайы жасалған бағдарлама бойынша, бақылаулар жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет