Атмосфера дегенiмiз – жер шарын қоршап тұрған ауа қабаттары. Ол жер бетiнен бiрнеше мың шақырымға тарап, планетааралық кеңiстiкке өтедi. Атмосфера көлденең бағытта да, тiгiнен де бiркелкi болмайды



бет14/15
Дата06.06.2023
өлшемі51,25 Kb.
#99144
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Микроклимат.
Микроклимат деп, танап пен шектес жатқан атмосфераның төменгі 1,5-2 метр қабатының физикалық жағдайын айтады. Егер ауа температурасы 30 градустан жоғарылап, ал ылғалдылығы 30 пайыздан төмендесе, фотосинтез үрдісі уақытша немесе мүлдем тоқталады. Мұндай жағдай суарылмайтын егістіктерде жиі кездеседі және сол жерлердегі егін түсімділігінің ұдайы төмен болуы басты себептерінің бірі болып табылады.

Егістікті суару барысында тек топырақ қана ылғалданып қоймай, жерге жаңасқан ауа қабаты температурасы төмендеп, ылғалдылығы артатыны белгілі. Мұның нәтижесінде фотосинтез үрдісінің ұзақтылығы және өнімділігі суарылмайтын егістікке қарағанда 30-40 пайызға ұлғаяды.

Бізге белгілі суару тәсілдері ішінде өсімдікке ең қолайлы микроклимат- жаңбырлатып суару кезінде пайда болады. Соңғы кезде қолданыла бастаған аэрозольды және импульсты жаңбырлату тәсілдері негізінен егістік танабы микроклиматын жақсарту мақсатымен жүргізіледі. Мысалы, аэрозольды жаңбырлату тәсілі грузияда кеңінен қолданылады. Себебі, мұндағы негізгі дақыл-шәй, ал ол ауа ылғалдылығының өте жоғары, ал температурасының қоңыржай болғанын қалайды.

Суарудың микроклиматқа әсерін зерттеу үшін осы оқулықтың авторы Атақұлов Т.А. 1973-1975 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында далалық тәжірибелер жүргізген болатын. Салыстыру үшін үш нұсқада суару тәсілдері зерттелді:жаңбырлатып, топырақтың жоғарғы қабаты арқылы суарулар және суарылмайтын танап. Бақылаулар 0,2 және 2 метр биіктікте ауа ылғалдылығына, ауа және топырақ бетіндегі температураларға жүргізілді. Шілде айында жүргізілген бақылаулардың кқрсеткіштері: суарылмайтын танапта ауа ылғалдылығы 20 % топырақ бетімен суарғанда

55-70 % болды. Ең жоғарғы (max) топырақ бетіндегі температура суарылмайтын танапта 70 С жетті, ал суарылатын нұсқаларда 40 С тан аспады.

Сонымен қатар, тәулік бойында ауа ылғалдылығының және температураның өзгерулеріне жүргізілді.

Байқаулар: суарудан үш күн бұрын, суарылғаннан соң (сол күні) және суарылғаннан үш күн кейін жүргізілді. Бақылаулар нәтижесінде байқалғаны-суарылмайтын танапта суаруға дейнгі үш күнде суарылатын танаппен салыстырғанда ауаның ылғалдылығы 5-15% төмен, ал ауа температурасы

1-3 С жоғары, ал суарылғаннан үш күннен соң бұл көрсеткіштер одан да жоғары болды -25-30% және 3-4 С. Өйткені, суарылған танапта ауа ылғалдылығы жоғарылады да, температура төмендеді) Топырақ климаты.
(Топырақ, немесе эдафикалық факторлар. Насекомдардың, кенелердің, нематодтардың және басқа оргазизмдердің кқптеген түрлері өмір бойы топырақты мекендеп, сонда коректеніп өсіп-өнеді. Кейбір түрі топырақпен уақытша (мысалы, қуыршақтану, жұмыртқалану кездерінде) байланысты болады. Ал топырақ тіршілік орталарының ішінде су мен ауа (атмосфера) арасынан орын алады және оның тек өзіне ғана тән ерекшіліктері болады. Сондықтан топырақ факторлары да организімдердің сан мөлшерінің динамикасында мағызды роль атқарады.
Топырақ фаунасының маңызы өте зор. Онда кездесетін омыртқасыз жануарлар органикалық заттарды минералдау процесіне қатысалы.Топырақта ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянкестерімен қоректенетін жыртқыш және паразитті тіршілік ететін организмдерде көп кездеседі. Сондықтан біздің елде топырақ фаунасының пайдалы әрекеттерін күшейту жолдары жеке зерттелуде (мысалы, топырақтың құнарлығын арттыру үшін жіне омыртқасыздардың кейбір түрлерін топырақ диагностикасы үшін пайдалану). Сонымен қатар топырақта ауылшаруашылық дақылдарына едәуір зиян келтіретін шыртылдақ қоңыздар мен заузалардың личинкалары, қызылша және картоп нематодалары сияқты зиянкестер де тіршілік етеді. Осыған байланысты зиянды организімдермен күресудің тиімділігін көтеру үшін олардың өсіп-өнуіне топырақ факторларының қандай әсері бар екенін білудің маңызы өте зор.
Топырақ фаунасының сан мөлшерінің динамикасына өте күшті әсер ететін факторларға жататындар: топырақтың грануметриялық құрамы, оның температурасы мен ылғалдылығы,ауа өткізгіштігі (аэрация), pH мөлшері мен топырақ ерітіндісіндегі тұздардың концентрациясы және топырақтағы органикалық заттардың мқлшері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет