Атмосфера



бет2/4
Дата21.11.2022
өлшемі91,65 Kb.
#51588
1   2   3   4
Байланысты:
lek12

Жер бетi жауын-шашыны

Белгiлi бiр жағдайларда жер бетiне жақын ауа қабатында конденсация (сублимация) процесi нәтижесiнде жер бетiндегi заттар үстiнде тамшылар немесе кристалдар пайда болады. Ауа салқын беткеймен жанасқанда, оның температурасы шық нүктесiнен төмен түскенде ауадағы артық су буы тамшыға айналады.

Салқындау жағдайына байланысты шық, қырау, қылау, мұзөрнек және көктайғақ пайда болады:

Шық - жер бетiндегi заттар мен өсiмдiктер бетiнде ауадағы су буының конденсациясы арқасында пайда болатын тамшылар. Ол жылы маусымда, көбiнесе түнде, бұлтсыз аспан, әлсiз жел жағдайында, жер бетiнiң сәуле шашып, салқындап, температурасының шық нүктесiне дейiн төмендеуiнен пайда болады;

Қырау - жердегi заттар бетiнде (қар бетiнде де) ауадағы су буының сублимациясы арқасында пайда болатын ақ кристалды мұз қабаты. Ол салқын маусымда радиациялық салқындаудан пайда болады;


Қылау - ағаш бұтақтарында, электр сымдарында, заттардың қырлы бұрыштарында және басқа да жiңiшке заттарда пайда болатын қар тәрiздес ақшыл қоным. Оның қиыршықты және кристалды екi түрi болады.
Қиыршықты қылау - қар тәрiздес борпылдақ ақшыл қоным, көзге көрiнбейтiн жеке-жеке мұз жармаларынан тұрады. Ол тұманның қатты салқындаған тамшыларының зат бетiне тиiп, жылдам қатып қалуынан пайда болады, көбiне минус 2-7 0С ауа температурасында құрылады.
Кристалды қылау – жiңiшке мұз кристалдарынан тұратын ақшыл қоным, тұман тамшыларының булануы арқасында ауаға келген су буының сублимациясы нәтижесiнде пайда болады. Ол көбiне минус 11–25 0С ауа температурасында құрылады. Ағаштағы, электр сымындағы кристалды қылау жел соққанда немесе сiлкiлегенде тез түсiп қалады.
Мұзөрнек - жер бетiнде, ағашта, электр сымында және басқа да заттар қабырғасында пайда болатын мөлдiр немесе буалдыр мұз қабаты. Оның пайда болуы өте салқындаған жаңбыр немесе сiркiреуiктiң жаууымен байланысты болады. Салқындаған тамшы температурасы 0 0С-дан төмен беткейге тигенде тез қатып, мұз қабатын құрайды. Мұзөрнек көбiне күзде немесе ерте көктемде ауа температурасы 0 – (-5) 0С жағдайында пайда болады;
Көктайғақ - кәдiмгi жаңбыр тамшыларының салқын жер бетiне тиiп, қатып қалуынан пайда болатын мұз қабаты. Ол қысқа уақытта ғана байқалады, егер де жаңбыр ұзақ уақыт жауса мұз ерiп кетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет