Курс мазмұны /9 – сынып/
«Абайтану» бағдарламасы аптасына 1 рет, барлығы 34 сағат
І тоқсан – 9 сағат «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» Кіріспе. Адамзаттың Абайы-1 сағ. Пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері. Абайтанудың өзектілігі. ҚР Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық тойында сөйлеген сөзі. Абайды оқыту, түсіндіру, жұртқа таныту жолындағы абайтану ғылымы мен қазақ мектебінің міндеті туралы.
Абайдың өмірі-2 сағ. Ақын өмір сүрген заман, ата – тегі, туып өскен ортасы алған тәлім-тәрбиесі, әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері.
Ақынның халық даналығын тануы-1 сағ. Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, қазақтың халықтық өнер-жырларын, ертегі, қисса, аңыз-әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже т.б есітіп, жадына тоқуы.
Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар-1 сағ. Абай шығармаларының шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерудегі М.Әуезовтың еңбегі, Абай шығармашылығына шығыс әсерінің М.Мырзахметұлының еңбектерінде жаңаша зерттелуі, Абай шығармашылығының шығыс әдебиетімен және шығыс мәдениетімен байланысын қарастырудағы жаңаша көзқарастар мен тың бағыт-бағдар.
Абай және орыс әдебиеті-1 сағ. Абайдың орыс әдебиетіне ден қоюы, орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Шедрин, Некрасовтармен қатар, революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбовтардыңеңбектерін оқуы, ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктері.
Абай және Пушкин-2 сағ. Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржіманалуы, «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі екендігі, аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін ерекшеліктер.
Қорытынды -1 сағ.