Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «Тоғыз жалпы орта білім беретін мектебі» кмм



бет3/5
Дата15.11.2023
өлшемі29,69 Kb.
#123745
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
9 кл Абайтану

ІІ тоқсан-7 сағ.
Абай және батыс әдебиеті – 3 сағ.
Абай және батыс әдебиеті-2 сағ. Абай шығармашылығына шығыс, орыс, батыс әдебиеті әсерінің тарихи-әлеуметтік негіздері, Абайдың қазақ тілінің қуатын көтеріп, құнарын арттырудағы шығармашылық ізденісіне ауыз әдебиетінің, шығыс, орыс Еуропа әдебиеті мен мәдениетінің зор ықпалы болғандығы, Абайдың өлең құрылымында да, ойшылдық, сыншылдық алымында да орыс әдебиетінің ықпалы бар екендігі, Еуропаның ұлы ақын- жазушылары Шекспир, Байрон, Гете, Дюмалардың, философтар Сократ, Платон,Аристотель, Спенсер, Дарвин, т.б еңбектерімен танысуы, Дж.Байрон «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевич «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері;
Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы-1 сағ. Абай өлеңдерінің шет тілдерге аударылуы, өзге тілге тәржімаланған ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшкліктері.
«М.Әуезов және абайтану мәселелері»-4 сағ.
Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы-2 сағ. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері;
М.Әуезовтың абайтануға қатысты зерттеу еңбектері-1сағ. Абай мұрасы жайында, ақын мұрасын тану, насихаттау, таныту жолындағы ізденістер, Абай шығармашылығы турасындағы шығыс және батыс әдебиетіне қатысты мәселелер.
Ақын шығармаларының басылымдары-1сағ. Ақын мұрасының ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жинақталуы, жариялануы және оған ықпал еткен адамдар, Кәкітай Ысқақұлының Абай шығармаларының ең алғашқы жинағын шығарудағы еңбегі.
ІІІ тоқсан – 10 сағ.
Абай шығармаларындағы білім, ғылым тақырыбы-10 сағ.
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»-1 сағ. Өлеңнің басты идеясы- жастарды ғылым, білімге үндеу, халықтың болашағы үшін ғылым-білімнің маңызын, мақсат-міндетін айқындауы, ғылым, білімді уағыздаған ағартушы ақынның ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы;
«Интернатта оқып жүр» -1 сағ. Өлеңнің негізгі тақырыбы, білім алу, ғылым, өнер үйрену, ақынның ағартушылық- демократтқ көзқарастары, жас шәкірттерге «Пайда ойлама, ар ойла» деп, артық білуге талап қылуды аманаттауы, отаршыл патша өкіметінің жымысқы саясатына орай « Қызмет қылма оязға, жанбай жатып сөнуге» деп, өзі үміт еткен қазақ жастарына жар салуы, еңбексіз, ықылас-ынтасыз, михнатсыз нағыз ғылым, білімнің қолға түспейтінін айтуы;
«Ғылым таппай мақтанба»-1 сағ. Өлеңінде жастарды еңбек етіп, оқу оқып, білім алуға шақыруы, ақынның өсиет айтып, келешекке бағдарлама боларлық өлеңі, өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні, ғалым болу мен адам болу мәселесінің өзара сабақтастығы жайындағы ақын пікірі, Абайдың ғылыми ой-пікір қорытуы;
«Сегізінші» қарасөз-1 сағ. Қарасөзіндегі ақыл, насихат туралы пікірі, ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары, ақыл білім жөніндегі философиялық тұжырымы;
«Он жетінші» қарасөз-1 сағ. Қарасөзіндегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сиақты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары, ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні;
«Жиырма бесінші» қарасөз-1 сағ. Қарасөзіндегі озық елдердің өнерін, ғылымын, білімін үйреніп, зарарынан қашық, пайдасына ортақ болуға үндеуі, «Балаң бала болсын десең, оқыт» днп өсиет айтуы;
Абай қарасөздеріндегі тәлім – тәрбие мәселесі-1 сағ. Абай қарасөзінде көтерілген негізгі мәселелер және даналық ой-пікірлері, ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары, қарасөзідеріндегі пікірлерінің өлеңдерінде айтылатын ойлармен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі;
«Екінші» қарасөзі -1 сағ. Қарасөзіндегі ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары, халықтың бойындағы жағымсыз қылықтары сынай отырып, одан арылудың жолдарын көрсетуі, ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызын назарға салуы, еліне еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан өсиетнамасы;
«Оныншы» қарасөзі-1 сағ. Қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы, «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі;
«Он сегізінші» қарасөзі-1 сағ. Қарасөзіндегі киіну мәдениеті туралы көзқарасы, ақынның кербездік ұғымы жайындағы топшылау- тұжырымы, адам баласының ақыл, білім, ар, мінез сиақты нәрселермен озатындығын үлгі-өнеге етіп қалдыруы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет