Ақтөбе облысы,Темір ауданы,Еңбекші мектеп-балабақшасы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалиева Гүлдана Жұмабайқызы
Тақырыбы: « Жоғары дәрежелі сұрақтар қою арқылы қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыта аламын ба?»
Мақсаты: « Жоғары дәрежелі сұрақтар қою арқылы қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту»
Нәтижесі: Жоғары дәрежелі сұрақтар қою арқылы қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу белсендңлігін арттырамын”
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер
Білу. 1.Тілдің негізгі байлығы не?
2.Сөзжасам нені зерттейді?
3.Күрделі сөздер жасалу жолына қарай нешеге бөлінеді?
4.Біріккен сөз деген не?
Түсіну. Біріккен сөз деген не? Оның қандай түрлері бар? Қалай жазылады?Әр топ бірлесе оқып шыққан соң, постер қорғайды. Қолдану.Сыңарын тап. Берілген сөздердің сыңарын тауып біріккен сөз жасаңдар.
Талдау. Берілген бірікен сөздерді қатыстырып,сөйлем құрау,біріккен сөздің қалай жасалғанына талдау.
Жинақтау. Дұрыс/дұрыс емес. Оқушылар ережені түзете отырып,
топтаса жұмыс жасайды, бүгінгі алған білімдерін тиянақтайды.
Ұйғарымның дұрыс немесе дұрыс емес екенін дәлелдейді
Бағалау. Жетекші сұрақтар: Бізге біріккен сөздер бізге не үшін керек? Өмірде біріккен сөздердің алатын орны бар ма?
Кері байланыс. “Даналық ағашына” өз пікірлері мен тілектерін жазды.
Бағалау. Қалыптастырушы бағалау түрлері (смайликтер,бармақпен,дұрыс жауаппен,топтық,жұптық бағалау)
Жинақтық бағалау
Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту
СТО әдістері
АКТ-ны пайдалану
Талантты,дарынды балаларды анықтау
Көшбасшылық
Оқытуды бағалау
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Оқушы
Оқушы туралы шағын мәлімет
Іс-әрекеттегі өзгеріс
А оқушы
Тізбектелген сабақ барысында көшбасшы екендігін көрсетті. Диолог барысында жаңа идея ойлап табады..Постер қорғау барысында С деңгейіндегі оқушыны топқа тарта білді. Жоғары дәрежелі сұрақ қоя біледі және сұрақтарға толық жауап бере алады.
.
В оқушы
Сабақта сөйлеу қабілеті дамыды. Өз ойын ашық айта білді. Көшбасшыдан озуға тырысты. Барлық тапсырманы орындауға белсене қатысты. Ашық сұрақтар қоя білуді үйренді. Бойындағы сенімсіздігі жойылды.
С оқушы
Бұрынғыдай емес,ашыла бастады. Достармен қарым-қатынасы қалыптасты. Псстер қорғауды үйренді. Достарының көмегіне жүгінді. Жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап беруді үйренді.