«Ақтолқын» бөбекжай балабақшасы» Ертеңгілік: «Алтын –күз !»


Балалар: Иә, өте дәмді. Жүргізуші



бет3/3
Дата17.10.2022
өлшемі18,88 Kb.
#43667
1   2   3
Байланысты:
Ақтолқын

Балалар: Иә, өте дәмді.


Жүргізуші: Балабақша бағында,
Сайраңдаймыз жанында.
Нақ өзіндей бүлдіршін,
Көп достардың жанында,- деп, біздің кішкентай биші қыздарымызды «Жапырақтар» биін қарсы алыңыздар.
Би: «Жапырақтар.»
Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Күз ханшайымы біздің балалардың өнерлері әлі біткен жоқ. Балаларымыз тағы да тақпақ айтып береді:
Аягөз:
Сарғайды тоғай,
Сап- сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Нұрсезім:
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет тамаша ,
Қандай әсем күз.
.
Нұрланқызы Сымбат:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан, жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Жангүлім:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Байәмір:
Күздің қазан айында,
Алма алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Жүргізуші: Балалар, күз ханшаймының сиқырлы орамалы бар,ол сонымен ойын ойнағысы келеді, ойнағыларың келеме?
Ойын: «Сиқырлы орамал»
Қане, шеңбер құрайық,
Билеп-билеп алайық.
Шыр етіп айналып,
Теріс қарап отырайық.
(Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды.)
Күз ханшайымы:Ал балалар енді бұрылып қарайық.
Орамалды ашайық,
Астында не, қарайық?
Бұл не?
Себет қой!
Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.
Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.
Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер. Ендеше мені басқа балалар күтіп жатыр. Сау болыңдар балалар!(Күз кетеді)
Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.
Жүргізуші: Осымен «Ботақан» тобының «Алтын күз» атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз, берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын! Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет