«Ақтолқын» бөбекжай балабақшасы» Ертеңгілік: «Алтын –күз !»



бет1/3
Дата17.10.2022
өлшемі18,88 Kb.
#43667
  1   2   3
Байланысты:
Ақтолқын


«Ақтолқын» бөбекжай балабақшасы»
Ертеңгілік:
«Алтын –күз !»
«Ботақан» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Ермуханова А
Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Жүргізуші: Армысыздар,халайық,
Бармысыздар ,халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Сәлеметсіздерме, құрметті ата — аналар, қонақтар! Бүгінгі біздің жыл мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ортаға ортаңғы «Ботақан» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!

(Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Жапырақтар биін билеп балалар келеді. Би аяқталған соң өз орындықтарына жайғасады.)


Ән: «Алтын күз»
Сөзі мен әні: Бота Бейсенова.
Ортаға жемістер мен көкіністер шығып өздері туралы тақпақтар айтып береді:
Исабек:
Дөп дөнгелек сап-сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасын көріп,
Менің атым өрік.
Айша:
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
Аян:
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз, тәттіміз.
Аружан:
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ, сақтаймын.
Әмір:
Картоп біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Аяулым:
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
Раяна:
Мен моншақты шиемін,
Құмарсындар білемін.
Кетіп қалып жүрмесін,
Тамағыңа сүйегім!
Жүргізуші: Бүгін мейрам,бүгін той
Қуанышты күн біліп қой
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой деп, — биімен ортаға ұлдарды шақырамыз.
Би«Кап кап –тук тук»
Жарайсыңдар балалар бір тынығып алдық.Балалар «Алтын күз»мерекесіне жиналдық.Ата –аналарымызда келді.Бірақ бізде кім жетіспейді.Сендер білесіңдерме ол кім?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет