Балалар : Ол күз ханшайымы.
Жүргізуші: Ендеше күз ханшайымын шақырайық.
(Сиқырлы әуен ойнайды. Балалар тыңдайды. «Күз ханшайымы» кіріп келеді.)
Күз ханшайымы: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын күз.
Сары алтынға малынған,
Мен Күз ханшайымымын,
Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!
— Баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Күз бақыт, береке әкелсің!
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдерме, балалар!
Балалар: Сәлеметсізбе, «Күз ханшайымы»
Күз ханшайымы: Балалар, сендер менің күз мезгілі екенімді қайдан біліп қойдыңдар?
Балалар: Сары жапырақтарыңыздан.
Жүргізуші: — Қош келдіңіз, «Күз ханшайымы», төрлетіңіз! Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашалайық.
Ендеше біздің балаларымыздың аналары жасаған күздік киім үлгілерін тамашалайық.Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:Балалардың дайындаған тақпақтарың тыңдаңыз:
Тақпақтар: Ғаламат: Келді міне күз
Айнала сары түс
Керемет тамаша ,
Қандай әсем күз.
Сымбат: Күз келгенде тамаша,
Ән саламыз жараса.
Жеміс -жидек піскенде,
Жейміз оны таласа.
Ақылжан: Алақай, алақай !
Шаттанады балақай.
Береке- салтты күз,
Мереке- алтын күз.
Муслим: Көрініп еліме,
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме,
Күз дейтін мереке,
Айназ: Берекесін сыйлауға ,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Ойын: «Дәмін ажырат». Ойынның шарты: Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.