Соңғы он жылдықтарда маңызды феномендердің бірі – энергия теңгерімінде атом саласының өсуі, XXI ғасырдың алғашқы он жылдығында әлемдік электргенерациясының 15%-ын құрайды.Бүгінде адамзатта атом энергиясынан асқан пәрменді әрі қолжетімді қуат көзі жоқ. Қазір 40 шақты ел бейбіт атом саласында зерттеулер жүргізуде.
Қолданылатын отынның орасан зор қуат сиымдылығы. Ядролық отында қолданылатын 4% ға дейін байытылған уранның 1 киллограмы толықтай жанғанда, 100 тонна жоғары сапалы тас көмірдің немесе 60 тонна мұнайдың қуатына сай.
Регенерациядан кейін отынды қайта қолдану мүмкіндігі. Уран ядролық отында толығымен жанбайды сондықтан қайта қолданылуы мүмкін (органикалық отынның күл және қоқысына қарағанда). Келешекте түгелдей тұйық отын цикліне көшуі мүмкін, бұл қалдықтардың болмайтындығын көрсетеді.