«атом және атом ядросының физикасы» ПӘнінен зертханалық ЖҰмыстарды орындауға арналған оқУ-Әдістемелік қҰрал



бет7/24
Дата15.11.2023
өлшемі1,78 Mb.
#124156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
Косжанова А.Г. Атом және атом ядросының физикасы пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған оқу-әдістемелік құрал

Жұмыстың орындалу тәртібі
(өлшеулерді орындау және өлшенген шамаларды өңдеу)
Гелий-неондық лазер арқылы шығатын жарық шоғы калибрлік саңылаудан өтеді және экран ретінде қолданылатын милиметрлік қағаз парағына түседі.


1-тапсырма. Калибрлі саңылауды градуирлеу.
Қондырғының жетілдірілмеуінен барабанда есептелетін саңылаудың құн саны сәйкес тесіктің енімен сызықты байланысты емес. Саңылауды градуирлеу микроскоп көмегімен іске асырылады. Саңылау тесігінің өлшемін ∆х анықтаңыз және барабанның сәйкес п құн санын тіркеңіз. п және ∆х алынған шамаларды кестеге енгізіңіз, кейін градуирленген қисықты құрыңыз.
2-тапсырма. Анықталмағандық қатынасты тексеру.
Калибрлік саңылау орнатылған шаналарды қолданып, лазердің сәулесі оның тесігінен өтіп, экранға тиетіндей нәтижеге қол жеткізіңіз. Саңылау өлшемін 0,03-0,05 мм сайын 0,05-тен 0,40 мм-ге дейін өзгерте отырып, экранда алынған дифракциялық суреттің 2D бас максимум енін анықтау негізінде құрылған 10-12 өлшеу орындаңыз (3-сурет). Бас максимум енін сызғыш арқылы өлшеумен қатар, экран болып есептелетін милиметрлік қағаздағы құн санын есептеу жолымен алыңыз.
Өлшеу дәлдігін ұлғайту үшін калибрлік саңылауды экраннан 1,5 м-ден кем емес қашықтыққа орнатыңыз. Максимумның енін қара жолақтардың орналасуы бойынша анықтаңыз. ∆х, 2D және D (бас максимум енінің жартысы) өлшеу нәтижелерін кестеге енгізіңіз. D бас максимум енінің жартысының ∆х саңылау өлшеміне қатысты тәуелділік графигін құрыңыз.
формула бойынша F шамасын есептеңіз , мұндағы λ =6,33·10-? м - зерттелетін жарықтың толқын ұзындығы, aл L - саңылаудан экранға дейінгі қашықтық. Бұл шама sin φ1-ға пропорционалды және ∆х өзгергенде өзгермейтіндігіне көз жеткізіңіз.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Анықталмағандық қатынастың физикалық мағынасы қандай?

  2. Энергиясы Е =1 эВ нейтрондар ағыны қандай максималды кеңістіктік рұқсат етуді қамтамасыз ете алады??

  3. Неліктен электронды микроскоп оптикалық микроскопқа қарағанда жоғары рұқсат етуді қамтамасыз ете алады?

  4. Нольдік тербеліс дегеніміз не? Анықталмағандық принцип көмегімен нольдік тербелістер бар екендігін қалай түсіндіруге болады?

  5. D=f(∆х) тәуелділік анализімен салыстырғанда F=∆хDL шамасының анализі қандай артықшылықтарды қамтамасыз етеді?

  6. Анықталмағандық қатынасты қолданып, есептеңіз:

а) негізгі күйдегі сутегі атомының электрон энергиясын;
б) негізгі күйдегі гелий атомының электрон энергиясын;
в) квантты осциллятордың негізгі күйінің энергиясын;

  1. Неліктен басқа жарық көздеріне (мысалы, газ-жарық шамы) қарағанда лазерьлік сәулелену көмегімен анықталмағандық қатынасты анықтау сенімдірек?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет