«атом және атом ядросының физикасы» ПӘнінен зертханалық ЖҰмыстарды орындауға арналған оқУ-Әдістемелік қҰрал


Сынап атомының энергетикалық денгейлер сұлбасы



бет15/24
Дата15.11.2023
өлшемі1,78 Mb.
#124156
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
Косжанова А.Г. Атом және атом ядросының физикасы пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған оқу-әдістемелік құрал

Сынап атомының энергетикалық денгейлер сұлбасы



Зертханалық жұмыс №10
(құрал-жабдықтар арқылы)


ДОЗИМЕТРИЯ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыстың мақсаты: Дозиметрияның негізгі түсініктерімен, анықтамаларымен жəне негізгі құралдарымен танысу.
Құрал-жабдықтар: ДРГЗ-02 дозиметрі, алюминий жəне қорғасын пластиналар, штатив, сызғыш.


Жұмыстың қысқаша теориясы
Ядролық сəулелену мысалы, –гамма, –альфа немесе –бета сəулелері, нейтрондар ағыны жəне т.б. адам организімі үшін өте зиянды екені белгілі. Ядролық сəулелердің зиянды ықпал жасауы, ең алдымен Комптон эффектісінің, тежеуші сəуле шығару, фотоэффект жəне басқа эффектілердің əсерінен организмнің тірі клеткаларының атомдарын қоздыру мен иондауымен байланысты.
Иондаушы сəулелер арасында ең көп таралған сəулелер – ядролық түрлену кезінде шығатын электромагниттік сəулелер - гамма сəулелер. Ядролық сəулелердің затқа əсерін сандық бағалау үшін дозиметрлік бірліктер қолданылады.
Сəуле шығарудың тірі ағзаларға тигізетін əсері шығарылған сəуленің мөлшерімен сипатталады. Шығарылған сəуленің жұтылған мөлшері деп, ионданған сəуле шығарудың жұтылған dW энергиясының сəулеленген заттың dm массасына қатынасын айтады:
.
Халықаралық бірліктер жүйесін (СИ) енгізу иондаушы сəулелер дозиметриясындағы бірліктерді тəртіпке келтіреді. Бұрын қолданып келген рентген, рад, Бэр эквиваленттік, жұтылған жəне экспозициялық дозаның бірліктері ретінде заңды күшін жойды. 1975 жылдан бері жұтылған дозаның бірлігін «Грей» (Гр) енгізілді. Бірліктер жүйесінде сəуле шығарудың жұтылған мөлшерін Греймен (Гр) өрнектейді.
1Гр=Дж/кг.
Радиоактивті заттардың активтілігі-бірлік уақыттағы атом ядроларының ыдырау санымен өрнектелетін радиоактив заттардың сандық мөлшері. Кюри – активтік өлшемнің бірлігі.
секундтағы ыдырау саны.
Сəуленің жұтылу дозасы–ортаның кейбір элементар көлемінің жұтқан сəуле энергиясының сол көлемдегі массаға қатынасы. Рад – кез келген иондаушы сəуленің жұтылған дозасының бірлігі.
.
Түскен сəуленің дозиметриясы үшін қосымша өлшем бірлік ретінде арнайы сəуленің эквиваленттік дозасы - Бэр (рентгеннің биологиялық эквиваленті) деген бірлік енгізілген.
Экспозициялық доза
.
Талапқа сай халықаралық бірлікте 1 рентген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет