Атомдағы электрондардың қозғалысы Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері


D – элемент №2 Көміртегінің сыртқы қабатында нақты төрт электрон бар: мұның маңызы неде? Жауабы



бет10/21
Дата14.10.2023
өлшемі2,13 Mb.
#113877
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
8 сынып Пиза тапсырмалары

D – элемент

2 Көміртегінің сыртқы қабатында нақты төрт электрон бар: мұның маңызы неде? Жауабы: Сыртқы қабаттағы төрт электрон әр көміртегі атомы төрт ковалентті байланыс түзе алатынын көрсетеді. Сондықтан, әрбір көміртегі атомы төрт өзге көміртегі атомына дейін байланыса алады. Басқа элементтердің атомдары бірігіп, ұзын түзу тізбектер, тармақты тізбектер, және сақиналар секілді күрделі құрылымды комбинациялардың шексіз түрлерін түзе алмайды. Бұл көміртегі химиясы периодтық кестедегі барлық элементтердің ішіндегі ең бай екенін көрсетеді, және көміртегінің тірі ағзалар үшін маңыздылығымен тікелей байланысты.


Көміртегінің формалары
Графит: Графит өте ерекше материал. Ол ең жұмсақ табиғи заттардың бірі, бірақ балқу температурасы өте жоғары.Көміртегіден жасалатын бейметалл, электр тогын жақсы өткізеді, және металл секілді ұстағанда салқын сезіледі.Графит көміртегі атомдарының қабаттарынан жасалады. Бұл қабаттардағы көміртегі атомдары ара балындағы гексагональ пішіндер сияқты орналасқан. Әр көміртегі атомы көршілес жатқан көміртегінің үш атомымен 120° бұрыш жасап байланысқан. Бұл ковалентті байланыстар көміртегі атомынының сыртындағы төрт электронның үшеуін пайдаланады; төртінші электрон қабаттар арасында еркін қозғалады. Мұндай еркін, орнықсыз электрондар бірігіп, электрондар теңізін түзіп, қабаттар арасында қозғала алады. Сол себепті графит электр тогын металл секілді жақсы өткізеді. Көміртегі атомдарының қабаттары салыстырмалы түрде әлсіз тартылыс күшіне ие, сондықтан бірінің үстімен бірі сырғи алады. Қарындашпен жазған кезде біз көміртегі атомдарының қабаттарына графиттен сырғып түсуге жол береміз де, жазып жатқан қағаз бетіне жұқтырамыз. 2010 жылы физиктерге графиттің бір атомның өлшеміндей қалыңдықтағы графен деп аталатын қабатын зерттегені үшін Нобель сыйлығы берілді. Оның қасиеттері графиттің өзіне қарағанда әлдеқайда қызық болып шықты. Ол ең мықты, ең берік материал. Ол мөлдір, барлық материалдардың ішіндегі жылуды ең жақсы өткізетіні, және мыс секілді электр тогын жақсы өткізеді. Көміртегінің формаларына графит, гауһар және бакминстер фуллерен жатады.
Алмас: Алмас табиғи материалдардың ең мықтысы; яғни алмаспен кез-келген материалды кесуге болады, бірақ олар арқылы алмасты кесуге болмайды. Оның берік болуының себебі миллиардтаған көміртегі атомдарының әрбірі өзге төрт көміртегі атомдарымен үлкен үш өлшемді торда не шілтерде байланысқан. Бұл ковалентті байланыстарды бұзу үшін энергияның едәуір мөлшері қажет, сондықтан алмасты кесу қиын, және алмастың қайнау температурасы өте жоғары. Алмас – көміртегіден жасалатын бағалы тас


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет