Коваленттік байланыс Біздің денемізде ковалентті байланыстар әрдайым үзілуде болады, мысалы, ас қорыту кезінде біздің ішегімізде крахмал глюкозаға айналғанда. Энергияның кейбір мөлшері ас қорыту кезінде пайдаланылады, бірақ кейін энергия бөлінеді, ол глюкоза молекулалары тыныс алу кезінде оттегімен әрекеттескенде түзіледі. Біз процес кезіндегі барлық энергия өзгерістеріне көз салуымыз керек, оны химиялық реакциялардың неліктен жүретінін түсіну үшін жасаймыз. Ковалентті байланыс, әдетте бейметалл атомдары мен өзге бейметалл атомдары арасында болады. Бейметалдарға көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт пен фосфор сияқты элементтер жатады. Ковалентті байланыста бір атомның сыртқы электрондары өзге атомдікімен ауысады, сонда екі атомның электрон қабаттары электронға толы болады. Бөліскен электрондар кейін екі атомның да ядроларымен тартылады; бұл электростатикалық тартылыс ковалентті байланыс деп аталады. Ковалентті байланыс мықты, оны бұзу үшін энергияның едәуір мөлшері қажет. Оттегі O2 , азот N2 , көмірқышқыл газы CO2 , су H2O, және метан CH4 секілді көптеген маңызды кішкене молекулалар ішінара ковалентті байланыс арқылы біріккен. Сондай-ақ, гормондар, ферменттер, гемоглобин, майлар, дәрумендер және ДНҚ секілді ағзамыздағы барлық үлкен молекулалар ковалентті байланыс арқылы байланысқан. Жердегі тіршілік ковалентті байланыссыз мүмкін болмас еді.
№1 Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес? A – молекулалардағы атомдар өзара ковалентті байланысқан
B – көміртегі, сутегі, оттегі және азот – бейметалдар
C – оттегі газы O2 молекулаларынан құралады
D – қосылыстар әрдайым молекулалардан емес, иондардан түзіледі №2 Ковалентті байланыс, әдетте ... арасында болады A – металл және бейметалл атомдары
B – екі металл атомы
C – екі бейметалл атомы D – екі ион
Көміртектік байланыс. Көміртегінің реттік саны 6-ға тең. Оның ядросында 6 протон және 6 электрон бар, электрондардың екеуі бірінші қабатта, төртеуі екінші қабатта орналасқан; электрондық конфигурациясы 2,4. Көміртегіде 4 сыртқы электрон бар, осы электрондарын өзге атомдарға бөлісу арқылы 4 ковалентті байланыс түзе алады. Көміртегінің атомдары көміртегінің өзге атомдарымен жай, екі еселі, тіпті үш еселі ковалентті байланыс түзе алады: Бұл оған ұзын, тармақты және сақиналы көміртегі атомдарының байланысын түзуге мүмкіндік береді. Басқа ешбір элемент молекуланың сонша көп түрін түзе алмайды, сондықтан көміртегі тірі ағзалардың химиясындағы негізгі элемент. Адамдар көміртегі қосылыстарының ішінде ерекше “өмір күші” бар деп ойлап келді. Біз енді бұған сенбейміз, бірақ көміртегі химиясы әлі де органикалық химия деп аталады, бұл тіршілік әлемімен байланысты көрсетеді.
№1 Егер зат қыздырылғанда, түссіз газ бен қара түсті қатты затқа ыдыраса, ол ... болуы мүмкін емес
A – қоспа
C – таза зат
B – қосылыс