Атомдағы электрондардың қозғалысы Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері



бет8/21
Дата14.10.2023
өлшемі2,13 Mb.
#113877
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
8 сынып Пиза тапсырмалары

Стронций, Strontium (Sr) - Менделеевтің Периодтық кестесінің 5-ші периодының ІІ-ші негізгі тобындағы химиялық элемент; сілтік-жер металлдар қатарына жататын химиялық белсенді элемент. Рет нөмірі - 38, атомдық массасы - 87,62. Стронцийдің төрт тұрақты изотоптары бар, көбірек таралғаны 88Sr (88,56%). Радиоактивті изотоптары жасанды жолмен алынған. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 3,4*-2%. Табиғатта қосылыс түрінде ғана кездеседі. Маңызды минералдары - целестин SrSО4 және стронцианит SrSО3. Аз мөлшерде Стронций адамның ағзасында да табылады. Бірақ оның адам үшін бір белгілі биологиялық маңызы жоқ. Стронций тұздарының шипалық қасиеттері зерттелуде. Сондай-ақ, бүгінгі күнде стронцийдің ранелатінің остеопороз ауруының ағымдағы емдік әсері зерттелуде.
Барий (Barium, гр. barys «ауыр») Ba — химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 6-шы периодының ІІ тобына жататын элемент, реттік нөмірі 56, атомдық массасы 137,34. Жерсілтілі элементтерге жатады. Табиғатта барит (Ba2SO4) және витерит (BaCO3) деген минералдары кездеседі. Барийді 1774 жылы Карл Шееле ашқан. Барий — жұмсақ, күміс түсті металл. Химиялық активтілігі жоғары, ауада тез тотығады, сумен реакцияға түсіп, барий гидрототығын түзеді. Басқа да көптеген элементтермен қосыла алады. Қосылыстарда валенттілігі 2+. Оның қорытпалары газ жұтқыштар ретінде, электронды лампыларда, ал оның оксиді катодтарға қаптау жасау үшін қолданылады.
Радий - химиялық радиоактивті ІІ-топқа жататын, атомдық номері — 88, атомдық салмағы 226,0254, құрамында салмақтык сандары 213-тен 230-ға дейін және жартылай ыдырау кезеңдері 10"3 секундтан бастап. 1600 жылға дейін созылатын изотоптар болатын элемент. Массалық саны 226-дан тұратын радий изотопы медициналы, гамма-терапиялы емшаралар жүргізу үшін пайдаланады.

ІІ А топша элементтеріне жалпы сипаттама беріп әр біріне жеке-жеке мағлұмат беру



Элемент атауы

Атомдық массасы

Қасиеттері

Ағылшынша атауы

1.

Бериллий










2.

Магний










3.

Кальций










4.

Стронций










5.

Барий










6.

Радий










  1. ІІ А топша элементтеріне жалпы сипаттама?

  2. ІІ А топша элементтеріне жалпы сипаттама беріп әр біріне жеке-жеке мағлұмат беру?

  3. «ІІ А топша элементтері немесе сілтілік жер металдары?

3 Тапсырма. Периодтық жүйенің ІІІА топшасында кең таралған элементтер – В, Al, Ga, In, Tl.
Олардың атомдарының сыртқы деңгейінде 3е s2p1 болады. Қозбаған күйде р – электрон ғана жұптаспаған. Бірақ бұл эелементтердің тотығу дәрежесі +3 .д. көрсетеді, өйткені электронды s-тен р-күйге ауыстыру үшін аз энергия қажет. Тек талий көбінсе +1т.д. тән. Бұл топшаның барлық элементерінің Э2О3 типті оксидтер түзуі көп мөлшерде жылу бөлумен жүреді. Э(ОН)3 типті екідайлы қасиет көрсететін гидроксидткр сәйкес келеді.

  • В Al Ga In Tl

Алюминий гидроксидінің екідайлық қаситеттері күшті, ал галий гидроксидінің екідайлық қаситеттері әлсіз, индий гидроксиді сілті ерітіндісінде өте қиын ериді, талий гидроксиді екідайлық қасите көрсетпейді. ЭХ3 типті қосылыстарда байланыс көрші 3 атоммен үш гибридтік орбитальдардың sp2 бүркесуі есебінен жүзеге асырылады және мұндай молекулалар жазық үшбұрышты құрылыста болады.
Алюминийді электролиз әдіспен алуға болады. Алюминий өндірісінде, шикізат ретінде көбінесе боскситтер жиі қолданады. Қыздырғанда олар суын жоғалтып, алюминий оксидіне айналады. Алюминий оксидінің балқу температурасы жоғары (20450С) және ол электр тоғын өткізбейді. Сондықтан AI2O3–ті фторидтерді қоса отырып (CaF2, MgF2 немесе AIF3), балқытылған криолитте ерітеді. Бұл қоспа шамамен 10000С температурада балқиды.
Электролиз кезінде катодта-алюминий, ал анодта –оттек бөлінеді. Электролиз реакциясының жалпы теңдеуі:
AI2O3 электролиз→ 2AI+1.5O2



  1. Периодтық жүйенің ІІІ А топша элементтерін атау?

  2. Периодтық жүйенің ІІІА топшасында кең таралған элементтер

  3. Периодтық жүйенің ІІІА топшасында кең таралған элементтер – В, Al, Ga, In, Tl. сипаттама беру?

  4. Периодтық жүйенің ІІІА топшасында кең таралған элементтерінің өнеркәсіпте алынуы?

  5. ІІІА топша элементтерінің металдық қаситеттері?

8. Химиялық байланыс түрлері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет