Аттестаттауға дайындалатын педагогке көмек Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың


Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі



бет5/5
Дата30.10.2022
өлшемі77,5 Kb.
#46203
1   2   3   4   5
Байланысты:
Аттестаттауға дайындалатын педагогке көмек

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:



  1. өтініш;

  2. жеке басын куәландыратын құжат;

  3. білімі туралы дипломы;

  4. қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

  5. педагогтің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

  6. кезекті біліктілік санаттарын беру туралы куәліктің көшірмесі;

  7. білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжаттың көшірмесі;

  8. білім беру ұйымының басшысымен бекітілген және мөрімен куәландырылған Ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы а н ы қ т а м а;

  9. білім алушылардың/тәрбиеленушілердің (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, ПМПК педагогтерін қоспағанда) жетістіктерін растайтын құжаттар;

  10. кәсіби жетістіктері мен тәжірибесін жинақтауын растайтын құжаттар;

  11. оқуды/сабақтарды бақылау парақтары (ПМПК педагогтерінен басқа);

Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін – білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған оқу жетістіктерін сырттай бағалау мен (немесе) ағымдағы және (немесе) қорытынды аттестаттау нәтижелерін қамтитын біліктілік санаттарын беру арасындағы кезеңдегі білім алушылардың білім сапасының көрсеткіштері;
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері үшін – білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған шеберлік пен дағдылардың қалыптасу көрсеткіштері;
Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін – білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таңдаған білім беру бағдарламасын меңгеру көрсеткіштері;
Арнайы білім беру ұйымдарының, білім беру ұйымдарындағы арнайы сыныптардың (топтардың) педагогтері үшін (ПМПК педагогтерінен басқа) – жеке дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша маман қызметінің нәтижелілік көрсеткіштері.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижесі – біліктілік санатын беру (растау) туралы өтінішті қабылдағаны туралы қолхат.

Педагогтердің портфолиосын қарау кезінде ҚР БҒМ бекіткен білім саласындағы келесі ведомстволық наградалар есептелетінін ескертеміз:



  • «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі;

  • «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі;

  • «Еңбек ардагері» медалі;

  • «Құрмет грамотасы»;

  • «Алғыс» хат.

(мұғалімдердің алдыңғы жылдары алған ведомстволық марапаттары, мысалы ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген «ҚР Білім беру ісінің үздігі» және т.б. өз күшінде қалады)
Сонымен қатар, аттестатталушы педагогтердің біліктілік санатын көтеру кезінде тек жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесі, оқушылардың жетістігін бағалау кезінде олимпиадалардың, конкурстар мен жарыстардың дипломдары ғана ескеріледі (ҚР БҒМ 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығы және 2021 жылғы 12 қаңтардағы ҚР БҒМ ақпараттық кеңесінің хаттамасы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет