облыстық деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, ғылыми, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын және республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушыларды дайындағанпедагогтер;
облыстық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары немесе республикалық не халықаралық деңгейдегі қатысушы педагогтер;
республикалық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған педагогтер;
ғылым кандидаты/доктор немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар педагогтер;
кәсіпорыннан, бейінді ұйымнан педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер.
4) «педагог-шебер» біліктілік санатына:
білім беру саласындағы уәкілетті орган (ҚР БҒМ) бекіткен республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, ғылыми, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын немесе халықаралық деңгейдегі қатысушыларды дайындаған педагогтер;
республикалық деңгейдегі кәсіби конкурстардың жеңімпаздары немесе халықаралық деңгейдегі қатысушы педагогтер;
педагогикалық практикада ғылыми негізделген әдістерді, сондай-ақ, Республикалық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен оқыту мен тәрбиелеудің авторлық технологияларын жүйелі түрде пайдаланатын, халықаралық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған педагогтер.
Педагогтерге біліктілік санатын беру рәсімінсіз біліктілік санатын беру тәртібі: Жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмысқа алғаш рет қабылданғанда «педагог-модератор» біліктілік санатын алу үшін Ұлттық біліктілік тестілеуі теріс нәтиже көрсетсе, «педагог» біліктілік санаты беріледі.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орнын «үздік» бітірген тұлғаларға «педагог-модератор» біліктілік санаты Ұлттық біліктілік тестілеуінен өтпей беріледі.
«Болашақ» бағдарламасының түлектері, сондай-ақ, Президенттік кадрлық резервке енген тұлғаларға, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін ұсынылған тізімге кіретін шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінсіз «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты беріледі.
«Педагог-модератор» біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS – 6,5 балл; TOEFL – 60-65 балл;
француз тілі бойынша: DELF – С1;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat – С1 меңгерген педагогтерге жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі.
«Педагог-сарапшы» біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS – 6,5 балл; TOEFL – 66-78 балл;
француз тілі бойынша: DELF – С1;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat – С1 меңгерген педагогтерге жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі.
«Педагог-зерттеуші» біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS – 7 балл; TOEFL – 79-95 балл;
француз тілі бойынша: DELF – С2;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat – С2 меңгерген педагогтерге жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі.
«Педагог-шебер» біліктілік санаты CLIL әдістемесі және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS – 7,7 балл; TOEFL – 96 - 110 балл;
француз тілі бойынша: DELF – С2;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat – С2 меңгерген педагогтерге жеке өтініші негізінде біліктілік санатын беру рәсімінен өтпей беріледі.
Жоғарыда аталған сертификаттары жоқ шет тілдердің педагогтері біліктілік санатын беру рәсімінен жалпы негізде өтеді.
Алматы қаласы Білім басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша bilimalmaty.kz порталына барлық құжаттарды электронды түрде жүктейді.
Құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметтер көрсетілетін стандарт негізінде жүзеге асырылады. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 14 мамырдағы №202 бұйрықтың 7-қосымшасы)