260
ну», «жаһандасу», «ғаламдастыру» деп түрліше аталып жүрген «глобализация» атты бүкіл
əлемде бастау алып жатқан санаспауға болмайтын ғаламдық қозғалыс.
Жаһандану жағдайында мемлекеттік тіл, орыс, ағылшын тілдерінен тұратын үштілділікті
дамытудың қажеттілігі айдан анық. Үштілді білім берудің
құқықтық-нормативтік базасын
жетілдіру арқылы қазақ тілінің – мемлекеттік тіл ретіндегі конститутциялық статусын қамта-
масыз етіп, орыс тілінің əлеуметтік-лингвистикалық белсенділігін сақтап, дамыған əлемдік
тілдер ішінде ел мен халықтың коммуникациялық жəне интеграциялық қабілеттерін кеңей-
тетін ағылшын тілін үйретудің озық технологияларын тиімді пайдалану қажет. Олай болса,
үштілді білім беруді іске асыруда оқу үдерісін ұйымдастырғанда, осы саладағы отандық жəне
шетелдік білім беру жүйесіндегі зерттеулерге лингвадидактикалық, əлеуметтік-лингвистика-
лық, педагогикалық ғылыми сараптама жасап, оқытудың мазмұны мен принциптері ерекше
іріктелгенде əлемдік еңбек нарқының талаптарына сəйкес келетін кəсіби мамандарды дайын-
дауға қол жеткізуге болады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы үштілді білім беру жоғары білім беру
саласының негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Көптілді тұлғаны қалыпта-
стыру жолында жоғары оқу орнының рөлі зор, себебі негізгі құндылықтар мен өмір-
лік қағидалар осы уақытта қалыптасады. Жоғары оқу орнында студент өзінің мəде-
ни-ұлттық, этникалық қажеттіліктерін жүзеге асырып, оның бойында гуманистік,
жалпы адамзаттық қасиеттердің қалыптасуына қолайлы жағдай мен орта жасалады.
Еліміздің индустриалды-инновациялық даму жағдайында оқыту үдерісіне көптілді мəдениет
пен көптілді білім беруді ендіру мен оны дамыту қажеттілігі өзекті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: