Семенов барылдауық қоңызы – Іле Алатауы жергілікті түрі. Республика фаунасын-
дағы ең əдемі қоңыздың бірі. Далалы өсімдіктер бар жерде тіршілік етеді. Теңіз бетінде ме-
кендейді.
Сольский барылдауық қоңызы – саны мен таралу аймағы шағын, табиғатқа сəн бе-
ретін ірі қоңыз. Қазақстанда Теріскей Алатау жотасында Іле мен Баянқол өзендерінің тоғай-
ларында мекендейді.
Алып сколия – саны азайып бара жатқан ара түрі. Қазақстанда Солтүстүк Каспий
маңында кездеседі. Ұзындығы шамамен 26-40 мм. Сары түктермен қапталған, денесі са-
ры-қара өң беріп, кезекпе кезек сақинлы жолақ тəрізді қалыптасқан.
Қысқанатты Боливария дəуіті – Қырымда, Кавказда, Сирия, Иранда кең таралған. Си-
рек ксерофитті өсімдіктері бар құрғақ тау етегінде тіршілік етеді. Тұрқы қою сұр түсті, қанат-
тарының астары өткірленген қысқа.
Дамалаканта вакка шегірткесі – сирек кездесетін дараланып таралған шегіртке түрі.
Тұрқы жуан денелі, сарғыш түсті, кеудесі мен құрсағында қоңыр қара суреттері бар қанатсыз
ірі шегіртке.
Жылантəрізді Аллолобофора (перелия)– ТМД жеріндегі ең ірі жауын құрттардың
бірі. Солтүстүк – батыс Алтайда таралған жəне Тарбағатай жотасының оңтүстүк беткейінен
табылған. Топырақ бетінде жиналған, түскен жапырақтармен жəне шөптесін өсімдіктердің
жасыл бөліктерін ін қуысына тасып қоректенеді. Сонымен қатар қарашірікті де пайдалана-
ды.
Теели гастрокоптасы – Кавказда, Оңтүстік Алтай мен Оңтүстік Приморьеде таралған
ұлу. Аралас жəне жалпақ жапырақты тау ормандарының беткейінде түскен жапырақ жабы-
нының астында тіршілік етеді.
Сол бұрандалы брадибена – Іле жəне Жоңғар-Алатауында шеңбер шегінен шықпайтын
ұлудың жергілікті түрі. Тау беткейлерінде, ағаш, бұта, далалы шабындық өсімдікерімен жа-
былған тау өзені жайылымдарында тіршілік етеді.
Шнитников псеудонапеусы – Іле Алатауы ұлуының жергілікті түрі. Негізінен орманды
– шалғынды – далалы белдеуде, орман алаңқайында, шалғынды өсімдікі тау беткейлерінде
тіршілік етеді.