134
ымдастырылуын оның сөйлеу əрекетінің əлеуметтік өнім тұрғысымен шарттастырып қара-
стырады. «Тіл білімінің келесі мəселелері» еңбегінде керең-мылқауларды оқыту əдістемесін
жетілдіру жəне сурдопедагогтар мен лингвистердің одағы туралы айтып, əртүрлі афатиктерді
қалт етпей бақылаудың маңыздылығына ерекше мəн береді [1, 9].
Нейролингвистиканың келесі идеяларының дамуы басқа да тілшілердің еңбектерінде өз
жалғасын тапқан. Американыдқ тілші ғалым Л.Блумфилд «Тіл» еңбегінде психологияның
негізгі нысаны сана емес, мінез-құлық дей келе, тілге бихевиоризм тұрғысынан жалпы си-
паттама береді. Ол тілді ынталандыру мен оған əсер ету тізбегі ретінде адам мінез-құлқының
ерекше түрі ретінде айқындайды. Сөйлеу əрекеті «биологиялық акт» ретінде қарастырылып,
адамның қоршаған ортаға жəне сыртқы ынталандыруға əсерінің түрлері қарастырылады.
Нейролингвистиканың нысаны ретінде сонымен тек афазия ғана емес, сондай-ақ адамның
тұтастай алғандағы тілдік мінез-құлқы да алынады [1, 9].
Поляк ғалымы В.Дорошевский «Лексикология жəне семотика элементтері» еңбегінде
жоғарыда аталған Л.Блумфильдке ұқсас көзқарастарды атап өтіп, адамды биопсихоəлеумет-
тік жаратылыс ретінде қарастырады. Жалпылама түрдегі тілдік механизмдердің қызмет етуін
«ынталандыру-əсер ету» формуласының көмегімен айқындайды, қоздырға əсер ету өзі ішіне
субъектінің оған елеңдеу жадысын жандандыратын ассоциацияны да алады [1, 9].
Афазияны кеңінен зерттеген келесі ғалым Р.О.Якобсон «Ми жəне тіл», «Афазияның линг-
вистикалық түрлері» еңбектерінде афазияларда тілдік құрылымдардың құрылуының кейбір
жалпы принциптерінің байқалатынына назар аударады. Якобсонның афазиологиялық еңбек-
терінде тұтастай алғандағы тіл мен мидың арақатынасы мəселелері талқыланып, жалпы се-
миотикалық мəселелердің мəні түсіндіріледі [1, 10].
Нейролингвистиканың іргелі мəселелерімен И.П.Павловтың физиологиялық ілімдері-
не, П.К.Анохиннің функционалдық жүйелер теориясына, Л.С.Выготскийдің психологи-
ялық тұжырымдамаларына сүйене отырып, осы ғылымның іргесін қалаған көрнекті ғалым
А.Р.Лурия. Олардың тарапынан нейролингвистика мен нейропсихология бас миының жер-
гілікті зақымдалуы салдарынан пайда болатын сөйлеу əрекетінің, жоғары психикалық қы-
зметтің бұзылуының талдауына əкелетін жалпыпсихологиялық жəне психофизиологиялық
идеялардың қосымшасы ретінде қалыптасты. Ол афазияны жаңаша тұрғыда жіктеп, жады,
ойлау, қабылдау бұзылушылықтарының əртүрлі түрлері бар екендігін дəлелдей білді. Өзінің
«Нейролингвистика негіздері», «Нейролингвистиканың негізгі мəселелері», «Тіл жəне сана»
жəне т.б. еңбектерінде адамның жоғары психикалық қызметін ұйымдастырудағы ми ұйымда-
стырылуының жалпы принциптерін айқындап, сөйлеу хабарламаларының қалыптасуы мен
оқылуы ми қабығының күрделі фунционалдық жүйесі алаңы арқылы жүзеге асытынын көр-
сетті. Сол не басқа алаңның жергілікті ошақтық зақымдауы сөйлеу хабарламаларының код-
талуы немесе декодталу үдерістерінің бұзылуына əкеледі жəне бұл үдеріс əртүрлі буында-
рында ауытқып, əртүрлі түрді қабылдауы мүмкін [3, 83].
Достарыңызбен бөлісу: