Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет14/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   255
Байланысты:
zhinak

дік форма мəселесі. Бұл ғылымдағы жаңа идеяны Н.Оралбайқызы алғаш 1975 жылы Ха-
лықаралық түркологиялық конференцияда баяндап, күллі түркологтардыңназарына ұсынып, 
олардың бұл теорияны қолдауына, қостауына ие болды. Ғалымның ғылымдағы тағы бір 
жаңалығы – көмекші сөздер мəселесі. Қазақ тіл білімінде қай заманнан көмекші сөздердің 
үш түрі (көмекші есімдер, көмекші етістіктер, шылаулар) көрсетіліп келгені аян.Профес-
сор Н.Оралбай бұларға күшейткіш көмекшілерді (өте, тым, ең, аса, т.б.) жəне күшейткіш 
буынды (қып-қызыл, жап-жасыл, т.б.) қосты. Күшейткіш көмекшілер сыңар жасағанның 
өзінде, күшейткіш үстеу ғана лексикалық мағыналы сөз деп аталып келген-ді. Ал күшейт-
кіш буынды сөз грамматикалық категорияның формасындағы сөз екендігі ескерілмей, лек-
сикалық мағыналы қос сөздер тобында қаралып жүрген-ді. Сондай-ақ, Н.Оралбайқызы ұзақ 
уақыт шырай жұрнағы тұрғысында танылып келген – ғылт, – шіл, – шілтім, т.б. сол сияқты 
жұрнақтардың сөзжасамдық жұрнақ екенін дəлелдеп, шырай көрсеткішінен шығарды. Əри-
не, олар шырай көрсеткіші болса, сапа, сын, түр-түс сын есімдеріне жалғанар еді. Өйткені ол 
– грамматикалық көрсеткіштердің негізгі белгісі. Дау жоқ, грамматика теориясына жоғарыда 
біз санамалаған мұншама жаңалық қосу – ғалымның ізденісі мен еңбегінің нəтижесі. 
Ғалым Н.Оралбайқызының қазақ тіл білімінің зерттелуіне, дамуына қосқан қомақты 
үлесінің бірі – қазақ тілі сөзжасамының дербес сала ретінде танылып дəлелденуімен бай-
ланысты. 1989 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары М.Ба-
лақаев, А.Қалыбаева, Қ.Есенов, Е.Жанпейісов, С.Нұрхатов, Н.Оралбаевалардың қатысуымен 
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монография жарыққа шықты. Аталған еңбекте 
алғаш рет қазақ тілі сөзжасамының теориялық негізі қаланды. Оған дейін сөзжасам мəселелері 
морфологияда сөз таптарының құрамында туынды зат есім, туынды сын есім, оларды жаса-
ушы жұрнақтар аясында сипаттама түрінде ғана айтылып келген-ді. Монографияда сөзжасам-
ның тіл білімінің басқа салаларымен байланысы көрсетіліп, оның өзіндік зерттеу нысаны, өзін-
дік даму жолы, заңдылықтары мен ерекшеліктері дəлелденді. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі, 
сөзжасамдық талдау, сөзжасамдық тəсілдер, сөзжасам бірліктері, сөзжасамдық мағына, сөзжа-
самдық ұя, тізбек, саты, тип, үлгі сияқтықазақ тілінде бұрын зерттелмеген мəселелер айтылды. 
1988 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасамы» атты Нұржамал Оралбайқызының 
монографиясыбасылым көрді. Осындай еңбектер негізінде қазақ тілінің сөзжасамы бүгінде қа-
зақ тіл білімінің бір саласы ретінде ғылыми-теориялық негізі қаланып, қағидат-қағидалары 
айқындалды. Қазақ тілінің сөзжасамы бойынша Нұржамал Оралбайқызының жетекшілігімен 
бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстары жазылды. Демек, Н. Оралбайқызы – қазақ тіл білімінің 
сөзжасам саласының жеке сала ретінде танылуы мен қалыптасуының алғаш негізін қалаушы 
да. Ал «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияда ғалым сөзжасамның жал-
пы теориялық мəселелерін тұңғыш рет жазып, осы саланың теориялық негізін белгілеген-ді. 
Академик Н.Оралбайқызы аталған еңбекте туынды сөз жасаудың аналитикалық тəсілі, күрделі 


25
етістіктер мəселесін қозғап, осы тілдік категорияның жасалуы жөніндегі ғылымда қалыптасқан 
түрлі қате түйіндерден оны арылтып, күрделі етістік мəселесін жаңа бағытта саралаған. Ғалым 
сөзжасам мəселесін зерттеуді жалғастыра келе, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инсти-
тутының 1997-1999 жылдардағы жоспары бойынша «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» атты 
бір томдық еңбектің жетекшісі жəне негізгі орындаушыларының бірі болды. Сондай-ақ ғалым 
қазақ тіліндегі сан атауларының жасалу жолын, үлгілерін арнайы зерттеп, ол туралы жазылған 
алғашқы монографияавторы да. Нəтижеде мол тер төгу барысында академик Н.Оралбайқы-
зы қазақ тіл білімінің грамматикалық теориялары мəселесі бойыншатүрлі зерттеулер жүргізе 
келіп, қазақ тіліндегі грамматикалық бірліктерді анықтау, оның жүйелік сипатын белгілеуде ірі 
табыстарға қол жеткізді. Бұл бағыттағы зерделеу жұмыстарының тұжырымы ретінде «Қазіргі 
қазақ тілінің морфемалар жүйесі» (А. Қалыбаевамен авторлық бірлестікте) атты монографи-
ясын ұсынды. Ал 1980 жылы баспа бетін көрген «Қазақ тіліндегі етістіктің категориялары» 
атты еңбегі де – грамматика теориясына қатысты зерттеу. Онда сөз құрамында грамматикалық
көрсеткіштерінің сыйысу мəселесі көтерілген. Сондай-ақ ғалым Н. Оралбайқызы – тіл тарихы, 
графика, орфография мəселелері жөніндегі алғашқы еңбектердің бірегейі «Қазақ графикасы 
мен орфографиясы» (1968) зерттеуінің авторы.Ғалымның ғылыми тың табыстары, соны тұжы-
рымдары дүниежүзілік түркологиялық конференцияларда баяндалып, ғылыми лингвистика-
лық мақалалары Анкарада, Новосибирскіде, Ташкентте, Бакуде, Қазанда басылым көрді. Əлем 
түркологтарына танымал лингвист ғалым Түркияның Анкара университетінің шақыруымен 
онда екі жыл қызмет етіп қайтты. 
Профессор Н. Оралбайқызының ғылыми шығармашылығындағы ерекше орын алатын 
мəселе – қазақ тілін оқыту əдістемесі болса, ғалым-əдіскер – қазақ тілін оқыту əдістемесінің 
де шебер маманы. Ғалым қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін оқыту əдісте-
месі ілімінің мəселелерін жан-жақты қарастыра келіп, осы бағытта мамандар даярлайтын 
университет студенттеріне арналған «Орыс тіліндегі мектепте қазақ тілін оқыту əдістемесі» 
(1996 ) атты тұңғыш оқулықты баспадан шығарып, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі 
қазақ тілін оқыту əдістемесі ілімінің негізін қалады. 
Жоғары білімді мамандардың сапасын арттыру ісінде студенттерді оқулықтармен, оқу 
құралдарымен жəне оқу бағдарламаларымен қамтамасыз ету ісінің маңызы ерекше. Бұл рет-
те қазақ тілі мамандарын дайындау ісінде, қазақ тілінен білім беруде, өзге этнос өкілдеріне 
қазақ тілін оқыту ісінде орасан зор қызмет атқарған қаламы қарымды, көрнекті ғалымның 
300-ден астам ғылыми мақалаларымен қатар, 60-қа жуық оқулықтар, оқу-əдістемелік құрал, 
бағдарлама мен монографиялық еңбектердің авторы екенін айтсақ та жеткілікті болар. Мем-
лекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруы үшін Қазақстанда мекендейтін халықтардың ол 
тілді білуі парыз десек, өзге этнос өкілдерінің қазақ тілін меңгеруі үшін, қазақ тілінің арнайы 
мамандары қазақ тілін шебер оқытуы қажет. Бұл міндетті абыроймен орындау үшін, жоға-
ры оқу орындарының мамандары, оқулықтары, оқу құралдары, техникалық құралдары жет-
кілікті болуы қажеттігін баса айтатын академик Н.Оралбайқызы осы пікірлерді айтып қана 
қоймай, осы мақсатта оқу бағдарламаларын əзірлеп, «Қазақ тілін үйренеміз»,«Практикалық 
қазақ тілі» оқулықтарын жазды. 
Ғалым Н.Оралбайқызы теориялық ізденістерін, зерттеу ісінің қорытындыларын үнемі 
қазақ тілі мамандарының білімін кеңейту ісіне, тəжірибеге бағыттап отыруды өзіндік кредо 
тұрғысында таныды. Қазірде де талантты əдіскер ғалымның жоғары оқу орындарына ар-
налған оқулықтары студенттердің аса қажетті, қолдан қолға түсірмейтін дүниелері тұрғы-
сында танылуда. Мəселен, «Қазақ тілінің практикалық курсына» арналған «Қазақ тілі» оқу-
лығы филология факультетінің студенттерін дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыланды-
руға, тілші мамандығына икемдеп бейімдеуге арналған оқу құралы бола алуда. Көп жылдар 
бойы бірнеше басылым көрсе де, қасқалдақтың қанындай студенттердің таптырмас оқулығы 
болуы еңбектің құндылығына дəлел. 


26
Академик Н.Оралбайқызы – ғылыми жұмыс пен ұстаздықты үнемі қатар ұстап, қос сала-
ны шебер байланыстыра білген құзіретті де білікті кəсіби маман. Сол себептен де ғылымдағы 
жаңалықты қазақ тілінен маман дайындау ісіне енгізудің түрлі жолдарын іздестіре білді. 
Қысқасы, «жаңа істің бастаушысы болу» ғалымның əдетіне айналды. Мəселен, жоғары-
дағы айтылғандарға қоса «Сөзжасам» пəнінің, «Қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ 
тілін оқыту əдістемесі», «Ертедегі түрік жазулары» курстарының бағдарламаларын алғаш 
рет даярлаушы. Не болмаса, жалпы редакциясын Н. Оралбайқызы басқарған «Қазіргі қазақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет