21
дегі етістіктің категориялары», «Қазіргі қазақ тілінің морфемалары жүйесі»
монографиялық
еңбектері де грамматика теориясына қосылған ғылыми үлес деп бағаланды.
Нұржамал Оалбайқызының елеулі еңбектері қазақ тілінің сөзжасам мəселесімен тығыз
байланысты. Сөзжасам мəселесін жаңа бағытта, жаңа ғылыми негізде жоғарғы дəрежеге кө-
терген жəне сөзжасамның кейінгі зерттелуіне соны бағыт сілтеуге, сөзжасамға көзқарасты
өзгертуге, жаңа идеяларға бастауға профессор Н. Оралбайдың жауапты редакторлығымен
1989 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографиясының
маңызы өте зор болғанын айтуымыз керек. [1]
Монографияда қазақ тіл білімінде тұңғыш рет сөзжасамның жалпы теориялық мəселе-
лерінің ғылыми негізі жасалды. Бұған дейін сөзжасам жүйесі, оның жалпы заңдылықтары
сөз болған емес, зерттеулердің бəрі негізінен жеке сөз таптарының жұрнақтар арқылы жа-
салуы туралы болып келді. 1988 жылы жарық көрген профессор Н.Оралбайдың «Қазіргі қа-
зақ тіліндегі сан есімнің сөзжасамдық жүйесі» атты монографиясында ғалым қазақ тілінің
сөзжасам жүйесіне толық сипаттама берді. Бұл қазақ тіл білімінде тілдің сөзжасам жүйесіне
берілген тұңғыш ғылыми сипаттама болатын. Бұған дейін ол мəселе ретінде қойылған емес.
Онда қазақ тілінің қалыптасқан өзіндік жүйесі ұзақ уақыт ішінде талай өзгерістерді өткізіп,
қалыптасқаны дəлелденген. Ұзақ уақыт ішінде сөзжасамдық бірліктер қалыптасып, олардың
қолданылуы, туынды сөздердің жасалу заңдылықтары қалыптасқаны ғылыми тұрғыда дəлел-
денді, сан есімдердің сөзжасам жүйесі тұңғыш рет сипатталып, оның өзіндік ерекшеліктері
көрсетілді. Сан есім сөзжасам жүйесінде негізінен аналитикалық тəсіл қолданылады деген
тұжырым
еңбекке өзек болып, дəлелденіп отырады. Сан есімнің сөзжасамдық бірліктері сан
атаулары деп дəлелдеген ғалым сан атауларынан басқа сан атауларының жасалуы, қосылу
жəне көбейту заңдылығы арқылы жасалатын нақты тілдік деректер негізінде дəлелдеп, оның
түрлі моделдерін жасаған.[2]
Жоғарыда
айтқанымыздай, сан есім сөзжасамы туралы монографияда қазақ тілінің
сөзжасам жүйесі тұңғыш рет ғылыми мəселе ретінде сөз болса, 1989 жылғы монография-
да «Сөзжасамның жалпы мəселелері» арнайы зерттеліп, онда тілдің сөзжасам жүйесі екін-
ші рет толық сипаттамаға ие болды. Профессор Н. Оралбайдың еңбегінде сөзжасам жүйесі
мəселесінің
ішінде сөзжасамдық талдау, туынды сөздер, сөзжасам негізділігі (мотивация),
сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тип мəселелері сөз
болды. Бұл еңбекте осы мəселелер алғаш рет ғылыми айналымға түсіп, өз шешімін тапты.
2002 жылы Ғылым академиясының Тіл білімі институтының грамматика бөлімі дайын-
даған «Қазақ грамматикасы» деген өте маңызды, құнды еңбек жарық көрген болатын. Ең-
бектегі сөзжасам мəселесі профессор Н.Оралбайдың басшылығымен
дайындалғанын атап
өткеніміз абзал. Сөзжасам мəселесі ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделіп, өте жоғары
дəрежеде жазылғанын жəне бай тілдік деректерге негізделіп берілгенін байқауға болады.[3]
Жаңа ғылыми туындылардың өмірге келуіне бағыт-бағдар беретін, профессор Н.Орал-
байдың көп идеяларының жас ғалымдарға ой салып, оның əрі қарай дамуына жол ашқанын,
яғни, жаңа ғылыми туындылардың өмірге келіп жатқанын қазіргі қазақ тіліндегі болым-
дылық-болымсыздық категория туралы, қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының теори-
ялық негіздері, қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя проблемаларың ғылыми-теориялық негіздері,
қазақ тіліндегі нөлдік морфеманың функциональдық жəне семантикалық аспектісі туралы
ғана оннан астам докторлық жəне кандидаттық диссертациялар қорғалғаны ғалым идеяла-
рының жалғасын тауып жатқанын көрсетеді.
Тағы бір ерекше айтып кететін нəрсе, 1989 жылы жарық
көрген монографияда ғалым
дəлелдеген көкейтесті мəселелер ғылымда танылып, одан əрі
дамытылып келе жатқанын,
профессор Н.Оралбайдың көтерген жаңа ғылыми мəселелері ғалымның «Қазақ тілі сөзжаса-
мы» оқулығына (2002жыл) енгені дер едік. Сөзжасам оқулығы қазақ тіл білімінің сөзжасам
саласынан қазақ тілінің келешек мамандарына толық білім беруді көздейді. Сөзжасам пəнінен