Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


-СЕКЦИЯ. ПРОФЕССОР Н.ОРАЛБАЙ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ТІЛ



Pdf көрінісі
бет16/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   255
Байланысты:
zhinak

1-СЕКЦИЯ. ПРОФЕССОР Н.ОРАЛБАЙ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ТІЛ 
ҒЫЛЫМЫ
ҒЫЛЫМҒА АЯНБАЙ ЕҢБЕК ЕТКЕН...
 Бектемесов М.А. – 
 Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры,
Физика- математика ғылымдарының докторы, 
профессор 
Құрметті зиялы қауым, əріптестер! 
Бүгін Біз бар саналы өмірі мен білімін, ғылымын арнаған қара шаңырағы – Абай атын-
дағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл 
білімі институты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан 
Республикасының Білім беру ісінің құрметті қайраткері, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар 
академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Орал-
байдың 90 жасқа толуына арналған «Қазақ тіл білімі саласындағы жаңа ғылыми бағыт-
тар» атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция ұйымдастырып отырмыз. 
Тіл ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан профессор Нұржамал Оралбайдың еңбек-
терін ой елегінен өткізе отырып, бүгінгі таңдағы тіл ғылымының жаңа даму тенденцияларын 
анықтауды мақсат еткен конференция жұмысын ғалым мен ғылымның бірлігі деп білеміз.
Профессор Н. Оралбайдың ғылыми ізденістерінің ауқымы кең, əр алуан салаларға тар-
мақталған. Ол қазақ тіл білімінің əртүрлі саласын зерттеумен бірге, қазақ тілін оқыту əдісте-
месін де зерттеп, елеулі табыстарға қол жеткізген.


28
Нұржамал Оралбай қазақ тіл білімінің жазу тарихы, графика, орфография мəселелерімен, 
қазақ тілінің морфологиясы жəне сөзжасам салаларын зерттеумен шұғылданған. Ғалым Н.О-
ралбай сөзжасамдық мағынаны ғылымға қалай кірді, қай мəселемен кірді деген сияқты сау-
алдарға жауап беру арқылы тарихи шолу жасап, ғылымда бірінші рет дəлелдеген. 
Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары теориясы қазақ тіл білімінде 
тұңғыш талданып, жан-жақты қарастырылуы, осы ілімнің негізінің жасалып, қалыптасуы 
жəне дамуы Н.Оралбайдың есімімен байланысты. Ол алғаш қазақ тіліндегі етістіктің анали-
тикалық форманты теориясын ашты. 
Ғалымның 200-дей еңбегі-ғылыми мақалаларын, монографияларын, оқулықтарын, оқу 
құралдарын, пəн бағдарламаларын еліміздің ЖОО-дағы студенттер пайдалануда. 
Ортаға салынатын салиқалы ой, талас пікірлердің тіл ғылымының дамуына тамшыдай 
болса да үлес қосатынына сенім білдіремін. Осы конференцияда талқыланатын қазақ тілінің 
болашағына арналған ойлар, латын əліпбиіне қатысты мəселелер, сонымен қатар қазіргі за-
манда рухани жаңғыру аясында Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: 
«Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды 
жеделдету қажет» – деп айтылған. 
Құрметті Нұржамал апай! Сондай озық жүйелердің негізін салған Сіз сияқты ғалымда-
рымыз аман болсын! 
Конференция жұмысына сəттілік пен шығармашылық табыс тілеймін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет