Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


«Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты



Pdf көрінісі
бет178/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   255
Байланысты:
zhinak

«Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 
Жолдауында «Адами капитал – жаңғыру негізі» екенін көрсете отырып, адами капи-
талды қалыптастыруда сапалы білімнің жоғары орын алатынына ерекше тоқталып, 
келешекте осы бағытта атқарылар міндеттерді белгілеп берді: «Барлық жастағы азамат-
тарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.
Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім 
болу жəне жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.
...Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы 
үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс.
Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу жəне мектеп-
терімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет» [2].
Жеке тұлғаның танымдық болмысы мен шығармашылық қабілетін дамыту – ұстаздар 
қауымының басты міндеттерінің бірі екені даусыз. Бұл ұстаздың заманауи талаптарға сай, 
өзін-өзі жетілдіретін, рухани құндылықтарды меңгерген, толысқан шығармашыл, ізденімпаз 
тұлға құзіретін қалыптастыруын талап етеді.
Қазіргі таңдағы қазақ тілін оқыту жаңа көзқарастар мен жаңа əдіс-тəсілдерді қажет ететіні 
белгілі. Бұл ретте грамматиканы игеруге, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйретіп, мəнерлеп оқуға 
машықтандыруға байланысты алға қойылған бағдарламалық талаптарды бір-бірінен бөліп қара-
уға мүлдем болмайды. Түпкі мақсат, тəрбиелік міндеттерге қоса, білім алушылардың өз ойларын 
тұжырымды да тұщымды етіп айтуға, сауатты да сындарлы етіп жазып жеткізе алатын болуына қол 
жеткізу десек, мұның, ең алдымен, олардың сөздік қорын үнемі молайтып, тілдік түйсік-талғамын 
жетілдіруге байланысты екенін бір сəтте естен шығармаған жөн. Өйткені жас маман сөзінің жұртқа 
əсерлілігі ойын дұрыс тұжырымдау, өз пікірін қорғай алу, айтқан ұсыныстарының дұрыстығын 
дəлелдей алуы біліктілігіне байланысты. Шешендік дағды мен біліктілікті меңгерген адам əлеумет-
тік, іскерлік-кəсіби қатынастардың барлық жағдаяттарында өзін еркін сезінеді. 
Бүгінгі өркениетке жеткізетін құрал – тек қана білім. Ал қоғамның болашақ иесі – білімді 
ұрпақ. Олай болса, білім беру саласындағы əлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты 
жасалынып жатқан талпыныстар білім алушылардың шығармашылық ізденімпаздығын, əле-
уметтік-қоғамдық белсенділігін дамытып, білімі мен біліктілігін өмірдің жаңа жағдайында 
пайдалана білуге үйрету қажеттілін тудырып отыр.
Білім беру тұжырымдамасының негізгі бағыты – ізгілікті, шығармашыл тұлғаны қалып-
тастыру. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты 
міндеті – ұлттық жəне жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері 
негізінде жеке адамды қалыптастыруға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін 
қажетті жағдайлар, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»– деп білім беру жүйесін одан əрі 
дамыту міндеттерін көздейді [3,9].
Жоғары оқу орындарында қазақ тілінің ұлттық бояуы мен болмысын таныта отырып, сту-
денттерге ұлттық тілдің қасиет-сапасын меңгертудің маңызы зор. Тəуелсіз мемлекетіміздің 
экономикасын жан-жақты дамыту үшін жаһандық бəсекеге қабілетті, сапалы мамандар дай-
ындауда қазақ тілін ұлттық тіл мəдениетінің жоғары көрсеткіші ретінде оқытып, іскерлік 
қарым-қатынасты меңгертудің де орны зор. 


307
Қазақ тілі сабағында оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы студенттердің 
іскерлік қарым-қатынас тілін дамыту – өзекті мəселе. Жалпы білім алушылардың универси-
тет қабырғасында осы іскерлік қарым-қатынастың тілін білуге, үйренуге тəрбиелеудің мəні 
ерекше. Өйткені, бүгінгі студент – ертеңгі іскер азамат, еліміздің болашағы. Демек, студент-
терге қазақ тілі арқылы іскерлік қатынас ерекшеліктерін инновациялық технологияға сүйене 
отырып оқыту қажет. Жаңа заманның талаптарына орай, интеллектуалдық қабілеті жоғары 
білікті де сапалы маманды қалыптастыру міндеті – бүгінгі жоғары мектептің басты мақсаты 
екені даусыз. 
Іскерлік қарым-қатынасты жаңа технологиямен оқыту кезінде ең жиі қолданылатын 
əдістің бірі – іскерлік ойындар. Бұл əдіс ойынға қатысушы тұлғалардың сан қилы мүдделерін 
тоғыстырып, ойын аяқталғаннан кейін олардың барлығын қанағаттандыратын шешім қабыл-
дауды қажет етеді. Іскерлік қатынас – «бұл белгілі мəселені шешуге арналған көзқарастарды, 
пікірлерді, ақпараттарды алмасу түрінде өтетін адамдар арасындағы сөздік қатынастардың 
бір түрі» [4,271]. 
Іскерлік ойындар негізгі мақсаты – студенттердің ойлау қабілетін арттыру, танымдық 
белсенділігін жоғарылату, шығармашылық потенциалын дамыту жəне ситуациялық жағда-
яттарға байланысты кəсіби машықтығын қалыптастыру болса, сабақ барысында қолданылу 
арқылы студенттерді күрделі шешімдерді қабылдай білуге үйретіп, ұжымдағы өзара іскерлік 
қарым-қатынасқа бейімдейді. Іскерлік ойындар білім алушылардың мақсаткерлік, белсен-
ділік, жауапкершілік, іскерлік, шыншылдық, тез əрі дұрыс шешім қабылдауға икемділік си-
яқты жеке қасиеттерін дамытады. 
Қазіргі жаңа оқыту технологиясында қолданылып, білім сапасын жоғарылату мүмкінді-
гінің кеңдігімен танылған əдістің бірі – витагендік оқыту технологиясы. Vita сөзі латынша 
өмір деген мағынаны, gen сөзі грекше тəжірибе дегенді мағынаны, ал витаген деген сөз 
«адамның өмірлік тəжірибесі» деген мағынаны білдіреді. 
Бұл технологияның басты мақсаты – оқушылардың интеллектуалдық-психологиялық 
мүмкіндігін кеңейту, оны өмірлік дағдыға ұластыру. Соған орай, ол үйретудің тиімді жолда-
рын тоғыстыра отырып, тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгертуге жəне оны тəжірибе-
де қолдана білуге баулуға бағытталады. Ғалым М.Əлібаева витагендік оқыту технологиясы-
ның тілді үйретудегі төмендегідей міндеттерін ұсынады:
-оқушының өзіндік тəжірибесін анықтау, мүмкіндігін пайымдау, оны өздігінен дамытуға 
жетелеу;
-оқушының танымдық жəне қатысымдық өабілеттерін өзара бірлікте дамыту;
-өзін-өзі тануға, танытуға, бойындағы мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға жағдай 
туғызу [5,10].
Витагендік оқыту технологиясының негізінде ұйымдастырылатын жаттығу жұмыстары 
өзінің мазмұндық-құрылымдық сипатына қарай бірнеше топқа бөлінеді. 
Аналитикалық жаттығулар студенттердің сөздің мəнін түсінуіне, толық ұғынуына, сөй-
лемдердің орын тəртібінің сақталуына дағдыландырады. Проблемалық жаттығулар студент-
терді қойылған нақты проблемалардың шешімін табуға үйретеді. Шеберлік жаттығулар сту-
денттердің сабақ барысында игерген материалдарын тілдік қатынаста, сөйлеу жағдаяттарын-
да еркін қолдана білу дағдыларын қалыптастырады. Шығармашылық жаттығулар арқылы 
студенттер əлеуметтік, кəсіби, дербестік тілдесім дағдыларын шыңдайды. 
Оқытудың жаңа технологиясы ретінде белсенді қолданылып жүрген əдістердің тағы бірі 
– интерактивтік тақта, мультимедиялық пакеттер. Оқыту процесін цифрландыру мақсатында 
интерактивті тақтамен жұмыс жасау өте тиімді. Оқытудың жаңа технологияларының басым 
бөлігі осы интерактивті əдістерді қолданумен тығыз байланысты. Бұл əдіс таным іс-əрекетін 
ұйымдастырып, өзара түсінікті, өзара əрекеттестікті, өзара қатынасты қамтамасыз етеді. Ин-
терактивті оқыту əдісі студенттердің пəнге қызығушылығын туғызып, оқу процесіне қатысу 


308
белсенділігін арттырады, студент пен оқытушы арасындағы байланысты жүзеге асырып, оқу 
материалдарын тиімді меңгеруді жеңілдетеді.
Болашақ мамандарды инновациялық іс-əрекеттерге даярлау белгіленген сатылар негізін-
де жүзеге асырылып, студенттің жоғары оқу орнының табалдырығын аттаған сəттен баста-
луы тиіс. Олардың инновациялық іс-əрекеттерге даярлығын қалыптастырудың қажетті шар-
ты – студенттердің шығармашылық əлеуеттерін жүзеге асыру, өз мамандығы саласындағы 
жаңалықтарды толық түсіну дағдыларын қалыптастыру. Бүгінгі білім беру жүйесіндегі оқы-
тудың жаңа технологиялары студенттерді сапалы, жан-жақты əрі ғылым мен тəжірибе та-
лаптарына сай келетін біліммен қамтамасыз етуді, олардың сауаттылығын қалыптастырып, 
ақпараттық қоғамда еркін əрекет ете білуге баулуды көздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет