Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет182/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   255
Байланысты:
zhinak

SUMMARY.
In the article titled “Effi
ciency of teaching with the help of complex technological analysis” the 
following questions are considered. For the fi rst time, many of these educational technologies were 
introduced into the new system. There were many people who were waiting for the end: “What will 
happen now?” However, today this technology, which turned out to be the best of today’s requirements, 
was gradually used in the republic. As one of the graduates of the technology “Complex training”, I 
do not have any doubt the superiority of this method of teaching. Since learning about this technology, 
we learned about the Kazakh language, its property and its power. When I thought which profession 
to choose, my teacher Nursha Alzhanbaevna said: “If I teach at least fi ve of your thirty people how to 
conduct a comprehensive analysis, then it means that my work was not in vain. Tomorrow you will 
teach the other thirty. This technological thread was the basis of the article.
Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйесінде жаңа адамды қалыптастыру бағытында 
сан алуан жұмыстар жүргізіліп келеді. Оның бастыларының бірі əрі бірегейі – білім мазмұнын 
ұлттық негізде жетілдіре түсіп, білім мен тəрбиені ұлттық рухта əлемдік жүйеге жақындасты-
ру. Сол себепті оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологиялар кең көлемде енгізілді. 
Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында 
оқушыларды қазіргі заманға сай жаңа технологиямен оқыту маңызды екенін атап көрсет-
ті [1]. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің 
басты міндеті–оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықа-
ралық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде əрбір 
мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың əдіс-тəсілдерін 
үнемі жетілдіріп отыру жəне жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқу-тəрбие үрдісінде педагогикалық технологиялар 
кеңінен қолданылуда.
Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу үрдісін ұйымда-
стыру жəне жүргізу болып табылады.
Ғалым зерттеуші Ф.Ш.Оразбаева өзінің «Қазақ тілін оқыту əдістемесі» еңбегінде: 
«Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, 
жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуал-
дық, кəсіптік, адамгершілік, рухани, адамзаттық жəне басқа да көптеген келбетінің қалыпта-
суына игі əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үрдісін тиімді дамытуына көмекте-
седі. Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – оқушының оқу-танымдық іс-əрекетін басқару-
дың негізгі бір буыны», – деп нақтылап айтқан [2].
Осыған орай «Сатылай кешенді оқыту» оқушылардың сөйлеу мəдениетін қалыптасты-
ра отырып, тілдік талдауды жасауға көп көмегін тигізеді, оқушылардың жылдам əрі жүйелі 
талдау дағдыларын қалыптастыруда, дыбыстарды математикалық тəсілмен мінездеме беру 
кезінде оқушылар өз ойын жинақтап айтуға, математикалық бөлшек тəсілін дұрыс пайдала-
нуға, дəл, нақты жауап беруге, қандай орта болсын өзін еркін сезінуге мүмкіндік береді.
Бұл технология дидактиканың табиғилық, түсініктілік, ғылымилық, жүйелілік, бірізділік, 
көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жас ерекшеліктерін есепке алу, теорияның практика-
мен байланысы ұстанымдарын басшылыққа алады.


314
Қазақ тілін ғылыми негізде терең меңгермейінше, тілдің күрделі де қиын пəн екендігін 
жете сезіну қиын. Өз ұрпақтарымыздың оған жүрдім – бардым, ат үсті қарауға болмайтын-
дығын сезініп, тілімізді қоғамымыздың барлық салаларында батыл енгізуге атсалысқанда 
ғана бүгінгі тіл мəселесі жайлы дау – дамайларға нүкте қойылатындығына нақты көздерін 
жеткізу. Ол үшін көп жылғы нəтиже көрсетіп отырғанындай, қазақ тілін бүгінгі таңда жаңа 
технологиялармен оқыту оң нəтиже бермек.
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясын – технология деп танумыздың себебі төмен-
дегідей:
 1. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының теориялық негізі ретінде А.Байтұрсы-
нов, Ж.Аймауытов, Т.Шонанов т.б. ғалымдардың ғылыми-əдістемелік тұжырымдары бас-
шылыққа алынады; 
 2. Ыбырай, Абай, Шоқан т.б ағартушылардың ұстанымдарын негіз етеді; 
3.Теорияны практикаға ұштастыруда ғалым-əдіскер Ф.Ш.Оразбаеваның тілдік қатынас 
(оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім) теориясына негізделеді; 
4. Ұрпақтың тілін дамытуда ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, құрметтеуге үй-
рету үшін ауыз əдебиетінің бай мұрасынан бастап бүгінгі күнгі сөз зергерлерінің əдеби 
ой-толғамдарын жаттату, мəтін, тіл дамыту, тіл ұстарту жаттығуларына материал етіп пай-
даланады; 
 5. Педагог-ғалым Г.К. Селевко ұсынған педагогикалық технологиялардың талаптарына 
сүйенеді. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы –əдіскер-ғалым Н.А.Оразақы-
нованың пікірінше: «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы дегеніміз — оқыту мақсаты, 
міндеттері, əдіс-тəсілдері, өзіндік ерекшелігі бар жəне оқушыларға білімді ғылыми негізде 
сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге 
машықтандыра оқыту» [3]. 
«Сатылай кешенді оқыту» оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, 
оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын жəне əдеби 
тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. 
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының басты қағидаларының бірі - жоғары қиын-
дықта оқыту. 
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының басты ерекшелігі төмендегілей болып сара-
ланады: оқу материалының жүйелігі, бірізділігі; табиғилығы; білімнің базалық деңгейінің 
барлық оқушылар үшін міндеттілігі; оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру; оқушыларға 
берілетін білімнің саралануы; оқушылардың өз мүмкіндігіне қарай тек міндетті деңгейден 
кем емес білім алуға еріктілігі; оқыту мен тəрбиенің бірлігі; ұлттық құндылыққа ерекше 
орын берілуі.
 «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының мақсаты: тілдік материалдарды оқушының 
жас ерекшелігін ескере отырып ғылыми негізде меңгерту; əр сөйлемнің, сөздің, дыбыстың 
табиғатын таныту арқылы сөзді таңдап-талдап қолдана білуге дағдыландыру; қазақ тілінің сөз 
байлығын терең игерту арқылы, əр сөздің ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін сөз 
сырына бойлатумен оқушының танымдық дүниесін қалыптастыру; кез келген шаршы топта 
өз ойын шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол арқылы əр оқушының өз ана 
тілінің құдіретін басқаларға таныта, бағалай білуге баулу; жазба жұмыстарын сауатты, жоға-
ры деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру; өз ана тілінің грамматикалық 
ерекшелігін өзге тілді үйренуде тірек етіп алуымен қатар, салыстыруға, ерекшелігін сауатты 
түрде ажырата білуге үйрету; қазақ тілі өзге пəндердің негізін түсініп; терең меңгеруге ба-
сты құрал екенін саналы түрде түсінуге бағыт-бағдар беру; түрлі шығармашылық жұмыстар 
жүргізу арқылы оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа баулу; талдау деңгейін рет-ретімен 
жүргізе отырып, сатылай кешенді талдаудың түрлі амал-тəсілдерін меңгерту; компьютерлік 
талдау арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын жетілдіру. 


315
Ғалым Н.А.Оразақынова «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының төмендегідей 
ерекшеліктерін атап өтеді: Оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттыру. Білімді 
жүйелеу. Жекелеп оқыту. Ынтымақтастық қарым-қатынас. Жаңа тақырып бойынша. Талдау-
дың түрлерін, ерекшелігін білуге ұмтылады, талдаудың қызықтығы, еркіндігі, аясының кеңді-
гі оқушының білім алуға деген ұмтылысын ұлғайтады. Тіл байлығы, ғылыми ойлау қабілеті 
артады. Тілдің көркемдегіш құралдарын орынды пайдалана білуге үйренеді. Оқушылардың 
жазуға деген қызығушылығын арттыру. Пəнаралық байланыс орын алады. Көрнекілік жəне 
техникалық құралдарды пайдалану. Сатылай кешенді талдаудың өзегі – тірек- сызбалар. Тіл 
білімінің барлық салаларынан өтілетін материалдардың негізгілері, ең басты теориялық 
мағлұматтар сызбаға жүйелеп орналастырылған. Əр саты бір-бірімен үндесіп, бір-біріне сіл-
теме жасап, бірін - бірі толықтырып, тұтас кешенді береді. «Сатылай кешенді оқыту» тех-
нологиясы тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалып-
тастырумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар, баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, 
есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа да танымдық қасиеттерінің жан- жақты дамуына 
бағытталатын оқытудың түрі. Оқушы білім алуда негізгі психологиялық үдерістерді басынын 
кешуші субъект. Қазіргі кезеңде педагогика, психологияның өзекті мəселелері қатарында оқу 
- танымдық қызмет жүйесінің маңызды екі компоненті – мұғалім мен оқушының «субъект 
– субъектілік » қарым- қатынасы мəселесі қойылып отыр. Оқу үдерісінде оқушының жеке 
тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға ерекше орын беріледі.
Жалпы технология ұғымы ғылым мен өндірістің түрлі саласында: білім беру мен оқыту-
дың жəне барлық өндіріс пен шаруашылық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқаны 
баршаға мəлім. Əдіскер-ғалым, аталған технологияның авторы Н. А. Оразахынова былайша 
тұжырым жасайды: «Сатылай кешенді оқыту – ұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге, 
оның білім көкжиегінде кең таралуына ықпал етіп, күнделікті өмірде қолдану аясын жақ-
сартуға бағыттайтын оқыту. Сатылай кешенді талдау – тек қана білімді белгілі бір көлемде 
беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар 
баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа та-
нымдық – психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың 
түрі» [3]. «Сатылай кешенді оқыту» – қазақ елінің төл технологиясы, себебі өзінің өзегін, 
негізін алаш зиялыларының еңбектерінен алады. Сатылай кешенді талдауда баланың ізде-
нушілік, зерттеушілік əрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің 
бұған дейінгі білетін амалдарының, тəсілдерінің жаңа мəселені шешуге жеткіліксіз екенін 
сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып,оның оқуға деген ынта – ықыласы артады, 
білім алуға əрекеттенеді. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын қолдануда мұғалім мен 
оқушы арасындағы қарым - қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар: ынтымақтастық, 
өзара сыйластық, түсіністік, əріптестік сияқты қасиеттер. Бұл технологияның маңызды тағы 
бір ерекшелігі – оқушыларды жақсы, жаман, орташа деп бөлмей, тек материалды өте жыл-
дам, баяу қабылдауына қарай тапсырманы он деңгейге икемдеп, барлық баланың дамуы үшін 
қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтады. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының ба-
сты ерекшелігі төмендегідей: оқу материалдарының жүйелілігі, бірізділігі; табиғилығы; дағ-
дыға басым бағыт беруі; білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі; 
оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру; оқушыларға берілетін білімнің саралануы; оқушы-
лардың өз мүмкіндігіне қарай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігі; оқыту 
мен тəрбиенің бірлігі; ұлттық құндылыққа ерекше орын берілуі. 
Осы технологияны əдебиет сабағында қолданып жүрген ұстаз пікіріне зер салсақ, қа-
зақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Е.Құсайынова былайша өз пікірін білдірген: «Қазақ 
əдебиетін «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен оқыту – заман талабына сай жаңа 
əдістемелік жүйе, бұл технологияның теориялық негізі А.Байтұрсынов пен Ж. Аймауытов, 
Ыбырай, Абай, Шоқан сынды ағартушылардың ағартушылық ұстанымдарын негіз етеді. 


316
Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту- төл технологиясы» өз бетімен ізденіп оқып, 
осы технология бойынша озық тəжірибелерін ұсынған ұстаздардың сабақтарын баспасөз 
беттерінен оқып, сабағымда қолданып жүрмін».
Көптеген əдістемелік конференциялар мен əдістемеге қатысты журналдардағы қазақ 
тілі мен əдебиеті мұғалімдерінін пікірлерін оқып, талдау нəтижесінде мынадай тұжырымға 
келдік: «Бұл технологияның шығарманы талдай отырып, оқушылардың сын тұрғысынан 
ойлауын дамыту, олардың көркем сөйлеу мен жазу мəдениетін, шығармашылығын арттыру, 
əдеби шығарма идеясын тануға үйрету, сөздік қорын молайтуда маңызы зор. Сонымен бірге 
баланың байқағыштық, тапқырлық, сөз астарын түсіну, өз ойын жазбаша да, ауызша да жүй-
елі жеткізе білу қабілеттерін дамытады». Демек, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы 
оқушылардың тіл мен əдебиет салалары бойынша меңгерген теориялық білімдерін практи-
када терең талдап меңгерте алатын, жете меңгере алмаған теориялық білімдерін талдау сыз-
басы негізінде меңгере алатын тиімді де ұтымды технология деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет