Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет42/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   255
Байланысты:
zhinak

Құрманəлиева З.А. 
Қайнар академиясының профессоры,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Сөзжасамның шешілмей жүрген мəселелерінің бірсыпырасы зат есім сөзжасамына да 
қатысты. Əсіресе, сөзжасамдық мағынамен байланысты пікір алалықтар зат есімнің сөзжа-
самдық мағынасы мəселесінде ерекше байқалады. 
Ал, сөзжасамның барлық сөз табының сөзжасамына қатысты жалпы теориялық мəсе-
лелерін зерттеу 1989 жылы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографиядан 
басталды. Ол монографияда көтерілген жалпы теориялық мəселелердің бірлі-жарымы бол-
маса, көбі арнайы зерттелген жоқ, əлі өзінің зерттелуін күтуде. Сөзжасам мəселесіндегі ала-
лықтың көбі сөзжасамның көп мəселелерінің əлі арнайы зерттелмегеніне байланысты. 
Сондай мəселелердің бірі – сөзжасамдық мағына мəселесі. 1989 жылға дейін сөзжасам-
дық мағына арнайы сөз болған емес дедік. 1989 жылы шыққан монографияда сөзжасамдық 
мағына бірінші рет көтеріліп, сөзжасамдық мағына туралы қысқа мəлімет берілген. Мұн-
да өте маңызды мəселелер сөз етілген. Əдетте, сөзжасамдық жұрнақтар лексикалық мағына 
жасайды деген жалпы пікір барлық еңбектерде дерлік қайталанып отырады. Бұл соңғы ең-
бектерден де орын алады.С. Исаев соңғы еңбектерінің бірінде: «... бірінші дəрежедегі тіл-
дік құбылыс – белгілі тəсілдер арқылы жаңа лексикалық мағыналы сөздің тууы» - деді [1]. 
Жоғарыда көрсетілген 1989 жылғы монографияда сөзжасамдағы жаңа лексикалық мағына-
ның, яғни сөзжасамдық мағынаның əртүрлі болатыны дəлелденген. Оны мына үзінділерден 
байқауға болады: 
1. «Сөзжасамдық мағынаның өзіндік ерекшеліктері бар»
2. «... етей, дөңки, кемі, байы, күрек, бөлме, етікші, сыншы, қойшы сияқты туындылар-
дың мағынасында болған өзгеріс өте күшті, түп негіздегі мағынаның негізінде басқа лекси-
калық мағына жасалған».
3. «Ал, сұра-сұрау, тара-тарау, жүр-жүріс, жел-желі сияқты түп негіз бен туынды-
ларды салыстыру олардың лексикалық мағынасында айырманың аздығын аңғартады».
4. «Бұл айтылғандардан сөзжасамдық мағына атауының бəрі туынды мағына болға-
нымен, сөздердің қандай тəсілмен жасалғанына қарай, əр туынды сөздің сөзжасамдық мағы-
насында ерекшелік бар» [2].
Бұл монографияның «Сөзжасамның жалпы мəселелері» бөлімін Н.Оралбаева жазған бо-
латын.
Демек, сөзжасамның жеке сала болып танылуы бұрыннан да сөзжасамдағы пікір түрлілі-
гіне байланысты мəселелердің шешімін табу жаңадан көтеріліп отырған тың мəселелердің 
арнайы зерттелуін қажет етеді. 
«Қазақ тілінің сөзжасамы» атты оқулықта ғалым сөзжасамдық мағынаның төрт түрін 
көрсеткен: 1) өзгерген туынды мағына, 2) түрленген туынды мағына, 3) көшірілген туынды 
мағына, 4) теңбе-тең туынды мағына.
Автор өзгерген туынды мағынаға «Негіз сөздің мағынасының негізінде басқа мағынаның 
жасалуын негізден өзгерген мағына деп атайды» деген анықтама берген [3]. Оған жасар, 
қарала, қартайсияқты мысалдар келтірген. 
Ал түрленген туынды мағынаға: «Сөзжасамда туынды мағына негіз сөздің мағынасын өз-
гертпей, оған үстеме мағынаның қосылуы мағынаның түрленуіне жатады. Мысалы, дөнен-дө-
нежін, бала-балапан, көл-көлшік, əке-əкетай т.б. Бұларда негіз сөздің лексикалық мағынасы 
туынды сөзде толық сақталған, бірақ оның үстіне туынды сөздерде түрлі мағына қосылған». 
Оқулықта көшірілген туынды мағынаға мынадай сипаттама берілген: «Негіз сөз бен 
туынды сөздің арасындағы қатысты үшінші түрінде туынды сөздің мағынасы негіз сөздің 
мағынасын басқа сөз табына көшіру арқылы жасалады. Мысалы, қатырма (етістік) - қаты-
рма (зат есім), қатар (зат есім) – қатар (үстеу), айтыс (етістік) – айтыс (зат есім), қорған 
(етістік) – қорған (зат есім) т.б.».


76
Енді теңбе-тең туынды мағынаға: «Туынды сөздің лексикалық мағынасы негіз сөздің, не 
сөз тіркесінің мағынасымен тең түсуі мағынаның теңбе-теңдігі аталады. Бұл сөзжасамның 
қысқарту арқылы жасалған түрлеріне қатысты» деген түсінік берілген, қысқарған сөздерден 
мысал келтірілген.
Демек сөзжасамның туынды мағыналарының бəрі лексикалық мағынаға жататын болған-
дықтан, туынды лексикалық мағына деген өте жалпы мəнді сөз екені, оның сөзжасамда əр 
түрлі ерекшелігі бары анықталып отыр. 
Олай болса, сөзжасамдық мағына деп нені атау керектігі анықталу қажет. Оған 2002 
жылы жарық көрген «Қазақ тілінің сөзжасамы» оқулығында мынадай анықтама берілген: 
«Туынды сөздің жасалуына байланысты пайда болған мағына сөзжасамдық мағына деп ата-
лады» [3,39]. Бұл анықтама негізінен дұрыс. Бірақ оны жеке жұрнақ жасаған, сөзжасамдық 
көрсеткіш жасаған деп те түсінуге болады. Сондықтан анықтаманы айқындай түсу керек 
деген ойға келдік. Осымен байланысты сөзжасамдық мағынаға мынадай анықтама ұсындық: 
сөзжасамдық мағына деп сөзжасамдық əрекеттің нəтижесінде барлық тəсілдер арқылы жа-
салған туынды сөздерге ортақ мағынаны айтамыз. Бұл анықтама сөзжасамдық мағынаның 
барлық сөзжасамдық тəсілі арқылы жасалған туынды сөздерге қатысты екенін аңғартады.
Осы пікірді мысал арқылы анықтай түсейік. Айталық тəрбиеші деген туынды сөздің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет