Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


Акарапис – баларасына ауру жұқтыратын өте ұсақ кененің бір түрі.  Агама



Pdf көрінісі
бет49/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   255
Байланысты:
zhinak

Акарапис – баларасына ауру жұқтыратын өте ұсақ кененің бір түрі. 
Агама – мұның құрамында 30-дан астам туысы, 290 жуық түрлері бар кесірткелердің 
бір тұқымдасы. 
Ангиостома – айуандардың, адамдардың ішек-қарнында паразиттік тіршілік ететін ұсақ 
жұмыр құрт. 
Анаконда – су айдаһары. Өмірінің көбі суда өтеді. 
Гадюка – сұржылан.
Гая – қаражылан. 
Гидра – ішекқуыстылар типінің омыртқасыз жануарлар отрядына жататын жыртқыштар. 
Дене тұрқы 1 см-ге дейін жететін, цилиндр пішінді, тұщы суда мекендейтін полип. Ол таба-
нымен су астындағы өсімдіктерге, тасқа, т.б. заттарға жабысып, баяу қозғалып тіршілік етеді. 


87
Эфа – атпа құмжылан.
Кобра – аспидтер тұқымдасына жататын улы жыландардың жалпы атауы. Кобра сөзі 
португал тілінен аударғанда жылан деген ұғымды білдіреді. 
 Гельминттер – адамның, жануарлардың, өсімдіктердің, ауруларын қоздыратын құрттар. 
 Копрофагтар – негізгі сүтқоректі жануарлардың қи, тезектерімен қоректенетін жəндік-
тер.
 Аскарида – жұмырқұрт класының туысы. Адам аскаридасы, жылқы аскаридасы, шо-
шқа аскаридасы, т.б.
 Аспид – сарбас жыландардың бір тұқымдасы. 
 Игуана – Оңтүстік жəне Орталық Американы мекендейтін алып кесіртке. Олардың 
ұзындығы 1,5 метрге дейін жетеді. 
2) Күрделі жəндік атаулары:
 Михайлов барылдауық қоңызы – аз зерттелген, сирек кездесетін түр, 
бірнеше данасы ғана белгілі. Табиғатты əшекейлейтін түр, Оңтүстік Алтай жергілікті 
түрі. Оңтүстік Алтайдағы Сарымсақты жотасында таралған. Ол – онша үлкен емес қоңыз, 
ұзындығы 16-20 мм. Ол – сопақшалау, дөңестеу келген, мұртшалары мен аяқтары қысқа. Түсі 
ашық, жез тəрізді жылтыр немесе темір түстес жасыл реңді, төменгі жағы қою қара. Басы 
кіші, алдыңғы арқасының екі жаны бірдей дөңес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет