Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет51/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   255
Байланысты:
zhinak

 Цветков туркамилкасы – негізінен теңіз деңгейінен 900-1600 м биіктікте тау етегі мен 
орман – шалғын – далалы белдеуде кездесетін ұлудың сирек түрі. Дала жəне қылқан жапы-
рақты ормандардан тұратын тау баурайлары мен сайларында тіршілік етеді.
Монахоидес акулеатасы – Олигоценде Алтай тауында сақталған ежелгі ұлу өкілі. 
Балқарағай орманымен жабылған тау баурайларында тіршілік етеді. Шөптесін өсімдіктер 
мен өсімдіктер қиқымында болады. 
 Комодо ешкіемері (ең ірі кесіртке) – комодо аралын мекендейді.


88
 Гессен шыбыны – қос қанаттылар отрядының галлица тұқымдасына жатады, бидай мен 
арпаның қауіпті зиянкесі. Оның үстіңгі жағы күңгірт сұр, немесе сарғылт қоңыр, бауыр жағы 
ақшыл, мұртшаларының түсі қоңырқай сары түсті болады. 
 Колородо қоңызы – кортоп қоңызы; жапырақ жегі тұқымдасына жататын жəндік. Со-
пақтау келген, қанатының үсті қызғылт сары, қара жолақты сызықтары бар. 
 Иксод кенелер – сүтқоректілер мен құс денесінде өмір сүретін, олардың қанын сорып 
қоректенетін паразиттер. Қазақстанда 50-дей түрі белгілі. Иксод кенелердің көптеген түрі 
адамға, малға, жануарларға əртүрлі ауруқоздырғыштарын таратады. Ең ірісінің дене тұрқы 
22 мм.
 Чичерин летрус қоңызы – саны азайып бара жатқан қоңыз түрі. Жаркент ауданынан 
Құлжа ауданына дейінгі жерде мекендейді. Тұрқы ірі, дөңес денелі, қара түсті жəне көк реңді, 
ұзындығы 21 мм болатын қоңыз. Басы үлкен, қанаттары онша дамымаған. 
 Мамықты хаймоптена көбелегі – Орта Азия мен Қазақстан шөлдерінің жергілікті кө-
белегі. Ақ сексеуіл өскен құмдарда тіршілік етеді. Ұзындығы 25 мм, алдыңғы қанаттары сұр 
түсті. 
 Сары қанатты сфекс – сирек кездесетін аз зерттелген қазғыш аралардың ежелгі туысы. 
Денесі ірі 32 мм. Басы мен кеудесі қара түсті. Көбіне жирен дақтары болады. Күмістей жыл-
тыраған жатаған түктермен денесі жабылған.
 Ерекше эйзения – Батыс Тянь-Шань құртының жергілікті түрі. Талас Алатауында та-
ралған. Топырақ бетіне түскен жапырақтармен қоректенеді. Інде тіршілік етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет