Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет131/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары

Список литературы:

1. Воробьев В.В. Лингвокультурология (теория и методы). - М.: Изд-во РУДН, 1997. - 331 с.



ТІЛ ТАРИХЫНДАҒЫ АҚТАҢДАҚТАР

Қалыбаева Қ.С. 

Ф.ғ.д., Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университетінің профессоры

Қазіргі əлемдік жаппай жаһандану заманында қанат жайған геосаяси жəне экономикалық 

текетірестермен қатар, мəдениет пен тілдер арасында көзге көрінбес зор майдан жүріп жа-

тыр. Бүгінде «мылтықсыз майдан» деп аталып жүрген осы бір жаһанданудың аранында тек 

рухы мықты, өз «Мені» бар халық қана жұтылып кетпей, елдігін мəңгі сақтап қалуы мүмкін. 

Тəуелсіздігіміздің 25 жылы артта қалса да қазақ халқының ана тілі мемлекеттік тіл дəреже-

сіндегі өз тұғырына қона алмай отыр. Оның себебі неде жатыр дегенде біз əдетте кеңестік 

тіл саясатының салдары дегеннен əрі аса алмаймыз. Алайда, тарих беттерін парақтай келген-

де, кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы Лениндік саясат кіші ұлттардың мүдделеріне 

үлкен қамқарлық танытқандығының куəсі боламыз. Патшалы Ресей кезінде «бодан халық» 

кебінін киіп, жаншылған халқымыз үшін осы бір саясат құдды бір бүгінгі тəуелсіздік алған 

тұстағы халқымыздың бастан кешіп жатқан құбылыстарының бастамасы сияқты əсер береді.

Бұл  жылдары  Лениндік  ұлт  саясатының  негізінде  «үлкен  ұлттың  ұлтшылдығы»  мен 

«кіші ұлттардың ұлтшылдығы» мəселесіне ерекше көңіл бөлініп, патшалы Ресей кезеңінде 

басқыншылық саясатының жемісімен сусындаудың нəтижесінде өзінің «ұлылығын» сезін-

ген орыс халқының «шовинистігімен» аяусыз күрес жүргізгені еріксіз назар аудартады. Со-




161

ның негізінде «Ұлы орыстық шовинизм» деген ұғым саяси аренада жиі қолданысқа енгені 

жасырын  емес.  Əрине,  Лениннің  бұл  саясаты  қандай  мақсатты  көздеді,  белгісіз.  Мүмкін, 

Кеңестік саясатқа кіші үлттардың сенімін қалыптастыруды уақытша мақсат етті ме, басқа ма, 

қалайда бүгінгі күннің тұрғысынан қарағанда, дəл осы Лениндік тіл саясаты сол кезең үшін 

өте дұрыс саясат еді деп ойлаймыз. Қалайда Ленин кіші ұлттардың тілін дамыту үшін орыс 

тіліне саналы түрде шектеу қоюды жолға қойғаны таңқалдырмай қоймас. 

Алайда, Ленин өлген соң осы саясат ары қарай қалай жалғасты , бұл басқа мəселе. Əри-

не, Лениннің орнына келген Сталин де бас кезінде осы саясатты жалғастырды. Ол да Орыс 

ұлтшылдығына  барынша  шектеу  қойып,  славян  нəсіліне  ешбір  артықшылық  бермеуді  ба-

рынша басты назарда ұстауға тырысып баққан секілді. 1930 жылы Ғылым Академиясының 

Славян комиссиясы «панславизм идеологиясымен» айналысуда деп айыпталып Славянтану 

бөлімі жабылды, славистика мəселесімен айналысатын бөлімдері мен кафедралар таратыл-

ды. Бірқатар А. Ф. Гильфердинга (1831–1872), В. И. Ламанского (1833–1914) А. И. Соболев-

ский, А. С. Будилович, Т. Д. Флоринский. М. Н. Сперанский, В. В. Виноградов секілді орыс 

тілінің тарихын зерттеуші ғалымдар «панславизм идеологиясын» таратушылар ретінде ай-

ыпталып, түрмелерге тоғытылды. Міне, қарап отырсақ, кеңес өкіметінің бас кезеңінде Ресей 

құрамындағы басқа ұлттардың дамуына барынша жағдай жасауға тырысқанын көреміз.

Осы кезеңді еліміздің екі ғасырға жуық патшалық Ресей боданында болған Қазақ елінің 

зиялылары сəтті пайдалана білді. Қазақстан Автономиясы басшылығы тарапынан қазақ тілін 

дамытуға деген үлкен көзқарас қалыптасты. Соның нəтижесінде қазақ тілін дамытуға одан 

кейінгі,  тіпті  қазіргі  кезде  де  қолға  ала  алмай  отырған  үлкен  істер  атқарылды.  Мемлекет-

тік тілдің мəртебесін арттыратын жоғары деңгейдегі құжаттар бірінен соң бірі қабылданып 

жатты.  Дегенмен,  үкіметтік  деңгейде  қазақ  тілінің  ресми  тіл  ретінде  танылуына  барынша 

қолдау білдірілгенімен, шынайы өмірде қазақ тілінің мəртебесі күн сайын төмендей бастады. 

Осы құбылыс қоғамдағы қазақ ұлтының рухына үлкен зардабын тигізді. Қарастырылып оты-

рған кезеңдегі Қазақстандағы ұлт саясатының сипатын Смағұл Садуақасұлының мына пікірі 

анық көрсетеді: «... қазақ базарға сатуға сиырын алып келді. Распискасы қазақша жазылған. 

Оны қазақша білмейтін милиция дұрыс деп таппады. Анаған расписканы орысша жазып əкел 

деді. Жай қарағанда, бұл əрине ұсақ нəрсе. Ұлттық психология жағынан тексерсек, бұл – үл-

кен жұмыс. Қазақша жазылған расписка жарамағаннан кейін ана қазақтың жүрегінде өз ұл-

тының кім екендігі сезіледі. Оның көзінде қазақтың жұмысының бəрі орынсыз, осал секілді 

боп көрінетін болады. Ол өзінің күшіне өзі сенбеуге айналады. Оған басқа ұлттың алдында 

жасқаншақтық пайда болады, ол басқа жерде кеудесі көтеріліп, аяғын алшаң басып жүре ал-

майды. Өз ауылында жүргенде қазақтан көп айқайлайтын халық жоқ. Қалалы жерге келгенде 

қазақтың үні шықпай қалады. Қаланың көшесінде қазаққа арбамен жүру үлкен азап...» [1, б. 

26-27]. 

Келтірілген тарихи дерек ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы тіл саясатының ұлт пси-

хологиясына,  ұлт  тəрбиесіне  қаншалықты  əсер  еткендігінің  нақты  көрінісі  болып  табыла-

ды. Кейіннен Сталиннің бұл саладағы саясаты күрт өзгерді. Оған сол кезеңдегі ішкі жəне сы-

ртқы саясат əсер етсе керек. Əсіресе Германия тарапынан соғыс қаупі төніп тұрған заманда 

айналадағы славян тектес халықтармен тізе қосу қажеттілігі, кеңестік ұлттарды орыс халқы-

ның айналасында топтастыруға алып келген болса керек. 1936 жылдың тамыз айындағы ав-

тономиялық республикалардың оқу-ағарту халық комиссариаттарының Бүкілресейлік жина-

лысында ұлттық тілдерді орыс алфавитіне көшірудің орыс тілін меңгеруді жеңілдететіндігі 

мəлімденеді. 1938 жылы 13 наурыздағы БК(б)П ОК мен ХКК «Ұлттық республикалар мен 

аймақтардағы  мектептерде  орыс  тілін  міндетті  түрде  оқыту  туралы»  қаулысы  тіл  саясаты 

тарихында  өзінің  маңыздылығымен  ерекшеленді.  Аталған  қаулы  ұлттық  тілдердің  соның 

ішінде қазақ тілінің де тамырына балта шапты. Осы қаулының негізінде 1938-1939 жылдары 

РКФСР халықтарының тілдерін жаппай кириллицаға көшіру жүзеге асырылды.




162

 Бастапқыда қабылданған тіл саясатында бұрмалаушылықтарға жол беріліп, оның орны-

на Сталиннің «біртұтас кеңес халқын жасау» саясаты орныға бастады. Бұл бағыттағы шара-

ларды жүзеге асыру барысында əр түрлі ұлттардың өзіндік ерекшеліктері, мүдделері ескеріл-

мей  жүргізілді.  Бір  бағытта  жүргізілген  тіл  саясаты  көп  ұлтты  мəдениетке  теріс  ықпалын 

тигізді, ал осы мəселені шешудің дұрыс жолдарын ұсынған зиялы қауым өкілдері қуғын-сүр-

гінге ұшырады.Сонымен, ХХ ғасырдың ортасында білім беру саласында орыстандыру үрдісі 

күшейе түсті. Ұлттық мектептердің саны өсудің орнына, төмендеу бағытын алды. Аталған 

мектептердің білім беру сапасы да нашарлады. Себебі, оған оқу құралдары мен педагогика-

лық кадрлар мəселесінің дұрыс шешім таппауы немесе қолға алынбауы  теріс əсер етті.

Ұлттық интеллигенция өкілдерінің арасында да өзінің ана тіліне нəтижесінде ұлттық тіл-

де кітап басу санының, радиохабарлар тарату көлемінің қарағанда, орыс тілін өте жақсы мең-

герген жəне де қызмет бабында, шығармашылық жұмыста орыс тілін жоғары қоюшылардың 

саны артты. Соның, ұлттық театрлардағы репертуарлардың қысқару құбылыстары байқалды. 

Ал, осындай өзгерістер өз кезегінде ұлттық мəдениеттің беделін түсірді, одан əрі ұлттық тіл-

де сөйлеуге, білім алуға деген қызығушылықты түсіріп, немқұрайлылықты қалыптастырды.

Сонымен,  еліміздің  тарихын  қарап  отырсақ,  қазақ  тілін  жандандыруға  қатысты  мем-

лекеттік іс шаралардың 2 кезеңін бастан кешірген екенбіз.Аталған əр кезеңде де қазақ тілі 

мемелекеттік  тіл  сатысына  көтеріле  алмай  келеді.  Оның  өзіндік  те  ортақ  та  себептері  бо-

лып отыр. Айталық, кеңестік дəуірдің алғашқы кезеңінде қаладағы халық санының аздығы, 

оқу  орындарының  жоқтығы,  оқу  құралдарының  жетіспеуі  сияқты  обьективті  факторлар 

тіліміздің өркендеуіне барынша кері əсер етті.Отызыншы жылдардың соңғы жылдары қазақ 

зиялыларының қуғынға ұшырап, атылып, асылып кетуі халықтың арасында үрей туғызды. 

Сондықтан да Кеңес азаматтарына ортақ тіл – орыс тілін мойындамасқа амал қалмады. Қа-

зақ тілі қалтарыста қалып, тұрмыс тілі дəрежесінен де төмендей бастады. Оның үстіне 1941 

жылдың 1 тамызында қазақ тілін білетін мамандарға жасалатын жеңілдіктерді қайтып алу 

жөнінде қабылданған қаулы қазақ тілінің өрістеуіне кері əсерін тигізе түсті. 1955 жылғы 9 

мамырдағы КСРО Министрлер Кеңесінің «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін міндетті 

түрде  оқытудан  босату»  жөніндегі  Жарлығы  осы  кезеңнен  бастап-ақ  қазақ  тілінің  басына 

қара бұлт үйірілгендігін анық байқатқан еді. Осыдан кейінгі кезеңде «өркениетке тек орыс 

тілі арқылы ғана жетеміз» деген өктем саясат тілге деген жанашырлық көзқарастарды тұн-

шықтырып тастады. 

Тіл  тағдыры  туралы  қоғамдық  сілкініс  1986  жылғы  Желтоқсан  оқиғасынан  басталды. 

Осыдан кейін бірінші болып 1987 жылы 3 наурызда Қазақстан Компартиясы Орталық Ко-

митеті мен Министрлер Кеңесі орыс тілі мен қазақ тілін оқытуды жақсарту жөнінде қаулы 

қабылдады.Ал  1989  жылы  21  қыркүйекте  алғашқы  қабылданған  «ҚР  тіл  туралы»  Заң  сол 

кезеңдердегі қоғамдық-саяси өмірдегі үлкен жеңіс болды. Қазақ тіліне мемлекеттік мəртебе 

беріліп, ол Заңның қамқорлығына алынды. Солақай саясатқа нүкте қойылып, Қазақстанда 

тұратын барлық халықтың тең дəрежеде дамуына бағытталған заң ретінде өмірге енді. Ол 

халықтың санасын оятып, қазақ тіліне көңіл аударуына тікелей əсер етті. Алғашқы сəттерде 

өзге ұлттар да балаларын қазақ мектептері мен балабақшаларына беріп, қазақша сөйлеуге 

ден қоя бастады. Алайда, уақыт өте келе, бұрынғы сарынға қайта оралдық. Бұған əрине, орыс 

тілінде оқыған қандастарымыздың өзі себепкер болды деуге болады. Өйткені, орыс тілінде 

білім алып, орысша жазуды, сөйлеуді əбден меңгерген олар, қазақ тілін қиын көріп, бұрынғы 

жеңіл іздерімен жүруді мақсат тұтты.Өркениетті елдердің Конституциялық құрылыс тəжіри-

бесі  əрбір  тəуелсіз  мемлекетте  мемлекеттік  жəне  басқа  да  тілдердің  құқықтық  мəртебесін 

заңды түрде бекітуі қажет екенін көрсетіп отыр. Бұл мəселе 1995 жылы 30 тамызда қабыл-

данған Конституциямызда айқындалды[2, б. 35]. 

Ата Заңмен қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесі нақтыла нып, мемлекетіміздегі басқа тіл-

дер  қамқорлыққа  алынды.Сегіз  жылға  жуық  уақыт  қызмет  еткен  алғашқы  заңға  түбегейлі 




163

өзгерістер енгізіліп, 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы екін-

ші рет қайта қабылданды. Бұл заңда қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесі айқындалды. 2004, 

2014 жылдары «ҚР тіл туралы» Заңға бірқатар өзгертулер мен түзетулер, толықтырулар ен-

гізілді.Осылайша егемендік алған елімізде мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін дамытуға деген 

үлкен бетбұрыс кезеңі басталды.

Қабылданған заң да, бекітілген бағдарлама да қашан да іс жүзінде орындалуымен баға-

ланады. Мұның өзі халықтың асқақ рухымен тікелей байланысты. Рухы сынған халықтар-

дың тілі де елдігі де жоғалып жатқанын тарих тағлымдарынан білеміз. Ендеше, Тіл мəсе-

лесі мемлекет тарапынан қолдау жасайтын заңдық қаулы-қаралармен ғана шешілмейді. Тіл 

мəселесі-халқымыздың осы жолдағы қажымас күш- жігерінің, рухының арқасында шешімін 

табатын, көппен бітетін іс.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет