ПСИХОЛИНГВИСТИКАНЫҢ ТІЛДІК СИПАТЫ
Хавдраш Ж.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің 4-курс студенті, Павлодар қ.,
Қазақстан, E-mail: havdrash.zh@mail.ru
Жұбантаева Ж.Қ.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы, Павлодар қ.,
Қазақстан, E-mail: jajyka@mail.ru
Annotation: The article deals with the issues of the origin, development and periods of the
formation of psycholinguistics. The history of the formation of new directions in psycholinguistics
is also presented in article.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап, ХХІ ғасырдың басында қалыптасқан тіл біліміндегі
жаңа бағыттардың пайда болуы тілді жаһандық қарым-қатынас құралы ретінде түсіндіру-
ге, тілдің адамзатқа жан-жақты қызмет ететіндігін дəлелдеуге бағытталған. Бүгінгі күні тіл
220
білімінде дəстүрлі емес 30-дан астам жаңа бағыттар түрі тілдің жан-жақты қызметін ашуда,
тілдің адамзатқа қызмет етуіндегі ролі мен маңызы туралы сөз етеді.
Жалпы тіл білімінде жаңадан қалыптасқан дəстүрлі емес тілдік бағыттардың бірі – пси-
холингвистика саласы. Психолингвистика XX ғасырдың 50 жылдары пайда болған салысты-
рмалы түрдегі ғылым. Тіл білімінің осы бағытының, кейінірек жеке ғылымның дүниеге ке-
луі жайлы айтқанда, психолингвистиканың пайда болуы мен кезеңдеріне қатысты ғалымдар
арасында бірегей пікірдің осы уақытқа дейін жоқ екендігін айта кету керек. Бүгінде ғылымда
көптеген əртүрлі топтастырулар бар, сондықтан талдау барысында белгілі бір ғалымның
қандай ғылыми жəне мəдени дəстүрге жататындығын міндетті түрде көрсету қажет болады.
Психолингвистиканың қалыптасуы мен дамуын дəл кезеңдерге бөлу мүмкін емес, себебі, ға-
лым А.А.Залевская орынды атап кеткендей, хронологиялық тұрғыда көптеген бағыттар бірге
өмір сүреді, қоса дамып келеді, «кейбір жаңа идеялар қандайда бір іргелі (немесе кездей-
соқ пікірталастық) жүйе пайда болғаннан кейін ғана белгілі болып жатады...» [1, 14]. Бұған
қарамастан, қазіргі ғылым психолингвистика кезеңдерін топтастыруды жəне оның жетек-
ші ғылыми бағыттарын қатар қояды. Ресей психолингвистика мектебінің негізін қалаушы
А.А.Леонтьевтің шетелдік жəне отандық ғылымдағы психолингвистикалық ойды дамытуға
жасалған терең ғылыми талдауын ескере отырып, негізгі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады
[1, 15].
«Психолингвистика» термині алғаш рет Н.Пронконың (N.Pronko) 1946 жылғы АҚШ-та
шыққан «Тіл жəне психолингвистика» мақаласында айтылған. «Психолингвистика» термині
ғылыми тіл үшін жемісті болып табылатын модельге негізделген, интеграцияға ғылымның
талпынысын көрсетеді жəне осы пəннің күрделілігіне баса назар аударады. Термин екі бөлік-
тен тұрады: «психо» – психология сөзінің жалпы бөлігі болып табылады (psyche – грек тілі-
нен «жан») жəне «лингвистика» (латын тілінен lingua – «тіл») [2]. Психолингвистика – бұл
сөйлеуді қалыптастыру үдерістерін, сондай-ақ тілдік жүйемен қарым-қатынаста сөйлеуді қа-
былдау мен қалыптастыруды зерттейтін ғылым. Британика энциклопедиясында психолинг-
вистика – бұл психологиялық аспектілерді оқыту делінген. Осы пəннің бөлігі қысқа мерзімді
жəне ұзақ мерзімді естеліктерді, лингвистикалық модельдерге негізделген сөйлеуді қабылдау
стратегияларын тəжірибелік зерттеу болып табылады [3]. Үлкен энциклопедиялық сөздік-
те аталған ұғымға өте қысқа анықтама берілген: «Психолингвистика – бұл сөйлеу сөздерін
қабылдау мен қабылдау заңдылықтарының ғылымы» [4]. 50 жылдарды психолингвистика
дəуірінің пайда болуы деп санауға болады. Яғни 1951 жылы АҚШ-тың Корнель универси-
тетінде лингвистер мен психологтардың қатысуымен университетаралық конференцияда
лингвистика жəне психология комитетінің құрылуы туралы жарияланған.
Психолингвистиканың дамуында Дж.Кесс төрт негізгі кезеңді бөліп көрсетеді: 1) қа-
лыптасу кезеңі; 2) лингвистикалық кезең; 3) когнитивтік кезең; 4) когнитивтік ғылымның
ағымдық кезеңі. Бірінші кезең структурализм мен бихевиоризм идеяларының ерекше ықпал
етуі; екінші кезең тіл білімі мен психолингвистикада трансформациялық туғызушы грамма-
тиканың басымдық етуі; үшінші кезең Н.Хомскийдің орталық грамматиканың идеяларынын
бас тартып, грамматика мен семантиканың, ал тілді тілді қолдану мен игеру үдерістеріне
тартылған когнитивтік жəне құлықтық жүйелермен байланыстылығы; төртінші кезең психо-
лингвистиканың зерттеудің анағұрлым кең шеңберінде ментальдық репрезентация құрылы-
мымен байланыстылығы [1, 16].
Психолингвистикада бұқаралық ақпараттық коммуникацияның мəселелерін зерттей-
тін де сала бар. Бұқаралық қарым-қатынас теориясы радиомəтіндерді қабылдау, теледи-
дар тиімділігі, газет мəтіндерінің ықпалдылығы, саяси плакат, ұран, жарнамалардың адам
санасына əсер етуі т.с.с. мəселелерді қамтиды. Демек, бұл тұста психика мен сөйлеу (тіл)
көмекке келеді. Ғалымдар психолингвистиканың осы аспектісінде бұқаралық коммуникаци-
яға арналған мəтінді қабылдау сəтінде əрекет ететін сатиация деп аталатын механизмнің ег-
221
жей-тегжейлі зерттелгенін айтады. Сатиация дегеніміз — қайта-қайта қайталау я жағдаятқа
сəйкестірмей қолдану салдарынан сөз мəнінің жоғалуы. Бұл механизм жеке инсан басынан
да өтетінін ділдік лексиконды зерттеуде назарда ұстаған жөн делінген [2]. Психолингвисти-
ка, əрине, лингвистикалық талдауға да сүйенеді, бірақ лингвистикалық талдауды көбінесе
аралық, өткел, өткінші мəлімет ретінде қолданады. А.А.Леонтьевтің пікірінше, сөйлеу əре-
кетін зерттеуде тілтану мен жантанушының еңбегінің үлестік мөлшері мына сипатта: тіл-
танушы меңгерілетінді, меңгерілгенді зерттейді. Ал психолог лингвистикалық модельді
игеру, қабылдау барысында адам санасында болып жататын психикалық байланыстар мен
үдерістерді зерттейді, қарапайым айтқанда, сөйлеушілер шын болмыста, өмірде сөйлемді
(сөйлеуді) қалай құратынын жəне түсінетінін тексереді. Ділдік лексиконды зерттеуде осыны
тұғырлы əдіс ретінде қарау керек [5, 22].
Психолингвистика – психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы;
«адам-тіл» қатынастарын (адамның зейінін, жігерін, ниетін т.б.) зерттейді, яғни сөйлеу үрді-
стерін зерттейтін ғылым. Ол сөйлеу үрдісін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға
қатысы тұрғысынан зерттейді. Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г. Штейнталь
(1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды.
Оның пікірінше, тіл білімі адамның жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына
да сүйенуі қажет. Психолингвистика психологиялық эксперимент арқылы сөйлеу қызметінің
үлгісін жасап тексереді. Бірқатар практикалық мəселелердің теориялық мəнін түсіндіру үшін
таза лингвистикалық тəсілдер жеткіліксіз. Ол үшін психолингвистиканың тəсілдерін қолда-
ну қажет. Психолингвистика мынадай мəселелерді шешеді: шет тілдерін үйрену, логопедия
мəселелері, ми қызметіне байланысты сөйлеудің бұзылуы, бұқаралық ақпарат құралдарын-
дағы сөйлеудің рөлі, авиция мен космостық психология, криминалистика мен машина аудар-
масы мəселелері жəне т.б. [6, 19].
Қазіргі заманғы психолингвистика бойынша жүргізілген бірқатар зерттеулердің теори-
ялық негіздерін XIX ғасыр лингвистерінің еңбектерінен де табуға болады. Соның ішінде
– Вильгельм Гумбольдт (1767 – 1835), Август Шлейхер (1821 – 1868), Хейман Штейнталь
(1823 – 1899), Герман Пауль (1846 – 1921), Александр Афанасьевич Потебня (1835 – 1891),
Иван Александрович Бодуэн де Куртенэ (1845 – 1929) жəне басқа да ғалымдардың еңбек-
терінде кездеседі. Дегенмен, көптеген ғылымдар сияқты, психолингвистика теориялық пəн
ретінде емес, тəжірибеге бағдарланған көзқарас жүйесі ретінде пайда болды. Атап айтқанда,
халықтың соғыстан кейінгі қоныс аудару жағдайында шет тілдерін үйрету қажеттілігі туын-
дады. Мұғалімдер алдында бірқатар сұрақтар пайда болды:
-
оқушының жасына жəне оқу кезеңіне байланысты шет тіліндегі оқулықта тілдік ма-
териалды оңтайлы ұйымдастыру қандай?
-
балаларды қай жастан бастап шет тіліне үйретуге болады?
-
оқушыларды қысқа уақыт ішінде оқуға қалай дағдыландыруға болады?
-
жаңа тілді екінші тіл ретінде оқыту барысында тіл үйренушіде жаңа ойлау құрылы-
мы пайда бола ма? [7, 82-85].
Шетел тілі пəні мұғалімдері бұл сұраққа жауап бере алмағандықтан, психологиялық
білімге жүгінуге тура келген. Ана тілін үйрену кезінде ересектер балалар үшін оларды қа-
лыптастырмаса, тілдің пайдалану ережелерін қалай меңгергендігі де түсініксіз болды. Ерек-
ше білімді қажет ететін балалар, зағип, естімейтін балаларды оқытуда да аталған мəселелер
туындады. Бұл мəселеде де лингвистикамен таныс, психологтің көмегі қажет болды.
Сонымен қатар, психолингвистиканың пайда болуы сөйлеу тіл бұзылыстарын қайта
қалпына келтіру болып табылады. Жарақат алған кезде (əсіресе, соғыста) адамдар көбінесе
қоршаған ортамен жүру қабілетін сақтап қалғанымен (сөздерді дұрыс жеткізу), сөйлеген сөз-
дерін түсінбеді. Бұл ретте нейрохирургтің көмегі ғана емес, сонымен қатар тіл бұзылыста-
рын қайта қалпына келтіру мақсатында лингвистің де көмегі қажет еді.
222
Хабарларды шифрлеуге арналған психолингвистикалық жоспарды зерттеу қарастырыл-
ды. Сонымен қатар, сот психологиясы үшін маңызды болатын адамның сөйлеуі арқылы
анықтау қажеттігі туындады (мысалы, жасырын мəтіннің авторын, оның жас ерекшелігін
жəне білімін анықтауға жиі талап етілді) [8, 13].
Орыс психолингвистикасының негізін қалаушы А.А.Леонтьевтің бірнеше анықтамасы
бар. 1968 жылы ол психолингвистиканың тақырыбы – тілдік жүйе мен тілдік қабілеттілік
арасындағы қарым-қатынас деп топшалаған. А.А.Леонтьев психолингвистиканың тақырыбы
– сөйлеуді жəне сөйлеуді қабылдау үрдістерінің құрылымы жəне олардың тіл құрылымына
қатынасы деп санайды (кез келген немесе белгілі бір). Кейінірек А.А.Леонтьев психолингви-
стиканың тақырыбын бір жағынан адамның сөйлеу функциясының құрылымы мен адамдық
əлемнің негізгі «қалыптастырушы» имиджі ретінде тілге сəйкестігі тұрғысынан анықтады
[5, 30].
Психолингвистиканың бұл анықтамасымен кеңес ғалымдарының көпшілігі бөліседі.
Жоғарыда айтылған анықтамалар бойынша психолингвистика эволюциясын байқауға бо-
лады. Тек тілдік қабілет пен сөйлеу əрекетін түсіндіру ғана емес, сонымен қатар, тілдің
тұжырымдамасын түсіндіру де біршама өзгерді. Егер бұрын тіл жүйесі ретінде ғана түсін-
дірілсе, уақыт өте келе психолингвистика ретінде бағдарлар, адам іс-əрекетіне қажетті
екендігі айқындалды. Тіл белгілері арқылы оның белгілерін алған адамның «əлем бейнесі»
туралы мəселе маңызды болып табылды. Иə, психолингвистика – бұл əртүрлі теориялар
мен лингвистика саласында арнайы экспериментальды зерттеулер үшін ыңғайлы «ярлык»
болып табылады. Бұл тəртіпке қатысты мəселелердің ауқымы өте кең жəне кейде əртүрлі
материалдарды камтиды. Психолингвистика аясында лингвистика мен психологияның фи-
лософиялық аспектілері бойынша зерттеулер жүргізілуде. Олардың ішінде тіл мен ой, тіл
мен жаратылыстың өзара əрекеттесуі, онтогенездегі жəне филогенездегі адам сана-сезімін
қалыптастыру мəселелері кіреді. Психолингвистикалық жоспардың көптеген жұмыстары
тұтастай ойлау белгісінің мəселелеріне арналған. Психолингвистикада мəдениеттану жəне
ұлттық психология мəселелерін қозғайтын проблемалар қатары бар. Жалпы лингвистика-
лық əлемдегі суреттердегі сəйкессіздік тек тіл құрылымына ғана емес, сондай-ақ осы тіл-
дік тарапынан əлемнің көріністеріне байланысты екендігі туралы бекіту болып табылады.
Көптеген зерттеу жұмыстары кезіндегі əдіс-тəсілдердің нəтижесінде психолингвистика
ғылымы лингвистиканың бөлшегі емес, көбінде психологияға жақын болып табылады [8,
19]. Көптеген ғылыми кітапханаларда психолингвистика тақырыбына қатысты мəселелерді
іздестіргенде, лингвистика ғылымына ғана емес, психология ғылымына да қатысты мəсе-
лелерді қатар қарастырамыз. Психолингвистика экспериментальды ғылым болғанымен,
бұл эксперимент психолингвистикалық зерттеудің жалғыз əдісі емес. Психолингвистика
бұл материалды пайдаланғанымен, бірақ ақпарат пен əдістерде біршама өзгеше тұрғыда
қолданылады. Негізгі қолданылатын əдістердің ішінен белгілеп алуға болатындары: ас-
социативті эксперимент, семативті дифференциал əдісі, қосымша методикасы, сөйлемді
аяқтау методикасы, бағалау, сауалнама, т.б.
Отандық психолингвистикада көлемді коммуникациялық байланысқа қатысты бөлім
бар. Коммуникация теориясы радио мəтіндерін қабылдау, телевизияның тиімділігі, газет
мəтіндерінің əсері, адамның саяси қабырға газеттеріне жəне жарнама əсері, т.б. оқытады.
Психолингвистика лингвистикалық талдаудан алынған мəліметтерге негізделгенін атап өту
керек, бірақ оларды аралық (одан əрі талдауды қажет етеді) бойынша қарастырады [9].
Басқа да дереккөздер бойынша бұл терминді американдық психологтар Ч.Осгуд, Дж.Кэр-
рол жəне Т.Себеок 1953-1954 жылдары психология, лингвистика жəне ақпарат теориясы
мамандарының университетаралық біріккен семинарында ұсынғандығын атап кетеді. Се-
минарға қатысушылар лингвистикалық тұрғыдан дискриптивтік лингвистикаға, кейіннен
Н.Хомскийдің трансформациялық моделіне содан кейін ғана когнитивтік лингвистикаға сүй-
223
енуге талпыныс жасағаны белгілі. «Психолингвистика» кітабы лингвист, психолог педагог-
тардың жəне т.б көптеген пəнаралық зерттеулердің дамуына өзіндік ықпал етті.
Психолингвистика кең арналы бағыт тұрғысында бүгінгі күні тіл білімі мен психология
ғылымдарының ұштасуында қарастырылатын өзекті мəселелерді шешуде үлкен роль атқара-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: |