ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ТІЛДІК БАҒЫТ ТҮРЛЕРІ:
ЭТНОЛИНГВИСТИКА МЕН СОЦИОЛИНГВИСТИКА
Хамит А
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Павлодар қ.,
Қазақстан, E-mail: beautyboti@mail.ru
Summary
This article summarizes a common language. Types of language directions in Kazakh linguistics:
ethnolinguistics and sociollingueistiks are widely studied.
Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс. Кез келген халықтың ойлау ерек-
шелігі оның ұлттық тілінде көрініс табады, халық даналығы, дүниетаным көзқарасы тілінде
түйінделеді. Əлемдегі тіршіліктің бар саласын қамтитын əр ұлттың өзіне ғана тəн көркем сөз
орамдарын – рухани мəдениеттің барлық элементтерін молынан табуға болады.
Қай халықтың болса да қоғамдық өсу, өркендеу жолында көтеріле алған биігі мəңгілік
болып ана тілінде сақталып отырады. Ақыл-ой тереңдігі, сана-сезім сергектігі көп салалар-
мен тармақтана, молыға келіп, ана тілдің алтын қорына қосыла, ажарлана береді.
Қазақстандық тіл білімінің тарихының кезеңдік бағыттарын арқау еткен еңбектер тіл
білімінде көп емес.
Кеңес дəуіріндегі қазақ лингвистикасы ірі ғалымдардың еңбектерімен қалыптасты, тіл-
дік тірліктерді зерттеу мен қазіргі ғылыми бағыттардың негіздерін арқау еткен еңбектер тіл-
ге деген жүйелі қарым-қатынасты байқатты. Бұл еңбектер А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С.
Аманжолов, Н. Сауранбаев, С. Кеңесбаев, Х. Махмудова, Г. Мұсабаева, М. Копыленко, Е.
Седельникова еңбектерінен көрініс алды.
Тіл біліміндегі бағыттардың пайда болуы туралы əр қилы пікірлер баршылық. Е. М. Па-
нина: «Лингвистикалық универсалийді зерттеудегі рационализм мен эмпиризм» атты мақа-
ласында универсалий табиғатын зерделеу бүгінгі күні екі бағыттың жүзеге асуы арқылы да-
мып отыр дегенді көрсетеді. Олар: 1) рационалистік; 2) эмпирикалық бағыт[1,18.].
224
Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мəдениетін тіл арқылы
анықтауды негізгі қағида етеді (Ə. Қайдар, Е. Жанпейісов, Р. Сыздық, Н. Уəли, Ж. Манкее-
ва, Г. Смағұлова, Қ. Жаманбаева т.б.). Нақты айтар болсақ, тілді тұтынушы ұлтты алғашқы
орынға қоятын лингвистикадағы антропоцентристік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға
жол ашуда.
Қазақ тіл білімінің сан салалы теориялық ұстанымдары, бағыттары бүгінгі күні тілдік
зерттеулердің бағыт-бағдарын анықтауға, маңызды тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
Қазақ тіл біліміндегі өркендеп келе жатқан бағыттың бірі – этнолингвистика. Этнолингви-
стикалық бағыттың аясындағы ғылыми зерттеулер М. Копыленко тарапынан жүйеленіп,
1000-ға тарты еңбек көздерін тартқан.
Тіл білімінің дербес бір саласы этнолингвистиканың өзіндік мəселелері, проблемалары
туралы көрнекті тіл мамандары В.Гумбольдт, А.А.Потебня, Э.Сепир, О.Ахманова, Н.И.Тол-
стой, Ə.Қайдаров, М.М.Копыленко, Е.Жанпейісов, Ж.А.Манкеевалардың зерттеу еңбек-
терінде аз айтылып жүрген жоқ. Қазақ тіл білімінде этнолингвистика мəселесін зерттеу ХХ
ғасырдың 80-жылдары қолға алынып, түрлі аспектіде, əр түрлі деңгейде қарастырылуда.
Қазіргі кезде оның ғылыми негізі қалыптаса бастаған, жан-жақты ізденіс нəтижесінде өзін-
дік ерекшелігі айқындалып келе жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде та-
нылып отыр.
Қазақ тіл білімінде жеке-жеке қырлары жан-жақты қарастырылып өріс алып келе жатқан
этнолингвистика саласының дамуында профессор М.М.Копыленконың осы мəселенің жал-
пы теориялық негіздерін түсіндіруге арналған «Основы этнолингвистики» (1995) атты моно-
графиясы елеулі жаңалық болды. Бұл жұмыс - тікелей этнолингвистика негіздерін анықтауға
арналған жалпы тіл біліміндегі тұңғыш зерттеу.
Бүгінгі таңда ғылыми негізі жан-жақты қалыптаса бастаған этнолингвистика өзіндік
ерекшелігімен, алдына қойған мақсатымен таныла, нақтылана бастаған саланың бірі екенді-
гі сөзсіз. Қазақ топырағында этнолингвистиканың негізін салушы көрнекті ғалым, академик
Ə.Қайдар «этнос», «тіл» деген ауқымды, кең ұғымдарды нақтылап, «этнос болмысы», «тіл
əлемі» деген термин-ұғымдарды қолдана отырып, этнос пен тіл сабақтастығын тендестіре
қарау арқылы үлкен идеографиялық классификация жасады. Академик Ə.Қайдар: «Қазақ эт-
носының ұлттық бейнесін, өзіндік болмысын толық та түбегейлі түрде тек оның байлығы
– «тіл əлемі» арқылы ғана танып-білуге болады» [2, 304] - дейді. Осы мəселеге қатысты
М.М.Копыленко қазақ тіл біліміндегі академик Ə.Т. Қайдаров бастаған этнолингвистикалық
мектепті «қазіргі этнолингвистикадағы жаңа бағыт» деп бағалап, оның негізгі ерекшелігін
былай атап көрсетті: «Это направление изучает этнос в зеркале языка. В нем нет симбиоза
дисциплин, поскольку язык представляется главным и непосредственным предметом анали-
за, этнология, история, культурология и прочие нелингвистические дисциплины привлека-
ются как вспомогательные» [2,17].Ғалым С.Е.Жанпейісова осы мəселеге қатысты ойларын
былайша өрбітеді: «Этнолингвистика əдетте тілді дағдылы қарым-қатынас құралынан гөрі
таным құралы, таным көзі ыңғайында көбірек зерттейді. Бұдан да дəл айтсақ: тілді этносты
танудың, əсіресе, интеллектуалды ерекшелігі жағынан танып-білудің құралы ретінде қара-
стырады»[4,68]. Этнолингвистиканың зерттеу объектісіне, əдісіне, оның шектес ғылым са-
лаларымен қарым-қатынасына байланысты нəзік қыр-сырлары толық ашылып болды деп ай-
туға болмайды. Ж.А.Манкееваның мына пікіріне назар аударайық: «Халықтың материалдық,
өндірістік деңгейі мен рухани өрісін бейнелейтін ана тілінің байлығын, асылын барынша
толық жиып көрсетіп, қыр-сырын анықтау - этнолингвистиканың міндеті. Этнолингвистика
– халық туралы шынайы хабар беретін «ақпарат көзі» [5,5].
Материалдық жəне рухани мəдениеттің мəселелеріне зертелулер жазған ғалымдардың
қатарына Е. Жанпейісов, Н. Уəли, Р. Шойбеков, Ж. Манкеева, С. Жансеитова, Г. Рысбае-
валарды қосамыз. Қазақ тіліндегі фразеологиялық тіркестер мен қазақ тіліндегі паремия-
225
лардың семантикасының мəселелерін Ə.Қайдар, С. Кеңесбаев, Т. Қоңыров, С. Сатенова, А.
Болғанбаев, Б. Уызбаева, А. Етешова, С. Түлековалар қарастырды.
Этнолингвистикалық ізденістердің нысаны табу мен эвфемизмдерді қазақ тілінде А.
Ахметов еңбектеріне арқау етсе, ономастика мəселелері Т. Жанұзақов, Е. Керімбаев еңбек-
терінен көрініс алды. Дыбыстық символизмге этнолингвистикалық талдауды К. Құсайынов
жүргізді.
О.С.Ахманова енбегінде: «Этнолингвистика – тілдің өмір сүруі мен даму барысында тіл
мен халықтың арақатынасы мен лингвистикалық, этникалық факторлардың əсерін зерттейтін
макролингвистиканың саласы»,– деп пайымдайды [5, 539]. Осы сарындас пікірді А.Салқын-
бай мен Е.Абақан құрастырған «Лингвистикалық түсіндірме сөздіктен» де көруге болады:
«Этнолингвистика – тілді мəдениетпен, тілдік, этномəдени жəне этнопсихологиялық фак-
торлармен байланыстыра қарастыратын тіл білімінің бағыты. Кең мағынада, этнолингвисти-
ка – мəдениетті, халық психологиясын, мифологияны лингвистика (тіл) арқылы зерттейтін
кешенді пəн» [6, 275].
Этнолингвистикалық аспектіде зерттеу жұмысын жүргізу бүгінгі таңда өзекті мəсе-
лелер қатарына жатады жəне ол кең құлаш жайып саралануда. Мəселен, Ш.Жанабілев ,
Б.С.Тоқтағұл, К.Жидебаев, Б.Тілепин жануарларға байланысты атауларды, Б.Əбдіғалиева
тұрмыстық, үй-шаруашылығындағы заттарды , А.Ш.Жылқыбаева тағам жəне тағам өнім-
дерінің атауларын , Ə.Т.Қайдаров, Ұ.Б.Серікбаева түр-түс лексикасын, Р.Н.Шойбеков зер-
герлік өнер терминдерін, Ə.Жақыпов мал шаруашылығының терминдерін, С.С.Жансейітова
музыка терминдерін, Т.Б.Жаубасова ұлттық музыка аспаптарын, Қ.Т.Қайырбаева этномəдени
атаулардың символдық мəнін , Е.Г.Аронов космонимдердің этнолингвистикалық табиғатын ,
Б.Қалиев пен С.Сəрсенова аспан денелері атауларының этнолингвистикалық сипатын, Қ.Ға-
битханұлы наным-сенімге байланысты тұрақты тіркестерді, А.Е.Керімбаев сакральды атау-
ларды, А.А.Айтмұқашева ғұрыптық фольклор лексикасын жан-жақты зерттеді.
Сонымен, қазақ этнолингвистикасының қалыптасу, даму үрдісінен кейбір өзіндік ерек-
шеліктер де байқалады. Ол жалпы этнолингвистикалық идеясында туындап, қазақ этносын
оның тілі арқылы танып білу мақсатымен бұдан 15-20 жыл бұрынғы өзінің бағыт-бағдарын,
мақсат-мүддесін айқындай түскен, зерттеу объктілерін саралап, тəсіл-əдістерін күн санап
ширата түскен ғылым саласына жатады.
Қазақстандық тіл білімінде социолингвистика бағыты кеңес дəуірінде қалыптасты.
Отандық социолингвистердің еңбектері жарық көріп, 1970 – 80-ші жылдары Б. Хасанов ең-
бектеріне арқау болды. Əрі қарай 2007 жылдары Б. Хасановпен бірге оның ізбасарлары К.
Əбішева, Б. Аяпбергенов, С. Баяндина, Б. Исмагулова, Б. Құрманова, Қ. Рахымжановтар қа-
зақ тілінің əлеуметтік қызметінің сұрақтарын қарастыруды жалғастырды.
Тағы бір маңызды бағыт, яғни лингвистикалық мəнге ғана ие емес, қоғамдық-саяси мəні
зор, қос тілділік мəселесі. Бұл кеңес дəуірінің тілдік саясаты. М. Копыленко жəне оның атал-
мыш бағыттағы жақтастары қазақтардың орысша сөйлеу тіліндегі фонетикалық, лексикалық
жəне морфологиялық ерекшеліктерін жан-жақты қарастырып, қазақ халқының арасындағы
орыс тілінің кең қанат жаюына ықпал еткен демографиялық, мəдени жəне əлеуметтік фак-
торларды зерттейді.
Қазақстандық социолингвистиканың мектебінің ең негізін қалаушы Э. Сүлейменова,
шəкірттері Ж. Смағұлова, Н. Шаймерденова, Д. Ақанова, О. Алтынбекова, Е. Хасенова жəне
басқалары көптеген жылдар көлемінде Қазақстандағы тілдік жағдай мен тілдік саясатқа бөл-
шектік кешенді талдауды түрлі бағыттарда жүргізіп келді: лингвистикалық жəне экстралинг-
вистикалық негізде. Зерттеулердің нəтижелері Э. Д. Сүлейменованың басшылығымен моно-
графиялық жəне лексикографиялық еңбектерде жарияланды.
Социолингвистика бағытындағы қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне
шолу арқасында соңғы уақытта əлеуметтік, жеке билингвизм мен полилингвизм мəселе-
226
лерінің кең ауқымда қолға алынып зерттелгендігін аңғаруға болады. Бұл бағытта зерттеулері
жарық көріп, еңбектеніп жүрген ғалымдардың қатарына А. Шаяхметов, Г. Сүйінова, Г. Алда-
бергенова, Г. Досмұхаметова, Р. Туксаитоваларды айта аламыз.
Осылайша социолингвистикалық зерттеулердің бағыты да өзгеріп, кең ауқымда қара-
стырыла бастағаны мəлім. Социолингвистикалық зерттеулердің нəтижелері қазақстандық
қоғамның қазіргі дамуының кезеңінде де үлкен өзектілік мəнге ие болуда, яғни қазіргі уақыт-
та үш тілділікке (қазақ, орыс, ағылшын) басымдық танытылып отырғаны мəлім. Өмірдің
барлық салаларына, оның ішінде білім беру үдерісіне енуде.
Социолингвистика ( əлеуметтік лингвистика) – тілдің қоғамдық мəнін, дамуы мен қыз-
мет етуін, қоғамның тілге жəне тілдің қоғамға əсер етуін зерттейтін тіл білімінің жеке бағыт-
тарының бірі деп Аман Абасилов анықтама береді.[7, 3]
Тіл білімінде əлеуметтік лингвистика бағытының пайда болуынан бастап, бүгінге дейін
терминдер жүйесі қалыптасып, дамып келеді. Жалпы əлеуметтік лингвистиканың терминдер
жүйесі лингвистиканың өзге салаларына қарағанда өзгеріске өте бейімділігімен сипаттала-
ды.
Сонымен бірге қазіргі таңда əлеуметтік лингвистиканың пəндік анықтамасы мен таным-
дық аппаратының өзі де əлі күнге кеңестік кезеңнің «сығымынан» арылып, жаңадан қалып-
тасу сатысын бастан кешіріп келеді. Социолингвистика бағыты аса жауаптылықты, сыни
көзқарасты қажет етеді.
Қазақ тіл білімінің бағыттарын қарастыру əлемдік лингвистика аясында дамиды. Оның
зерттелуі мен бірізділікке түсуіне əлі талай еңбек пен уақыт керек.
Достарыңызбен бөлісу: |