Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


-СЕКЦИЯ ƏДІСТЕМЕ ІЛІМІНІҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ ЖƏНЕ



Pdf көрінісі
бет184/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   343
4-СЕКЦИЯ ƏДІСТЕМЕ ІЛІМІНІҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ ЖƏНЕ 

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

СТУДЕНТТЕРГЕ М.ƏУЕЗОВТІҢ ƏҢГІМЕЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Абдимомынов Е.Б.



Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық

 университетінің докторанты, Алматы қ. 

Summary

M.Auezov has a peculiar and special evolutionary way of the writer as a classic of national 

literature. His work began with small stories and grew to the epic novel “The Way of Abai” reached 

unprecedented artistic heights. The philosophical essence and artistic features of his work are a high 

index of Kazakh literature.

The classic of the Kazakh literature M.Auezov in this article diff erentiated learning in higher 

education,  psychological  characteristics,  which  are  the  stories  about  the  thoughts  expressed.  In 

addition, the students developed through stories of the great writer, the moral qualities of learning 

the ways of increase of interest to the specialty.



238

Ұлы  жазушы  М.Əуезовтің  қаламынан  туған  көркем  əіңгімелерінің  қай-қайсысы  болса 

да көркемдік деңгейі жоғары ғажайып шығармалар, олардың бəрі де əлі күнге дейін өз құн-

дылығын жойған жоқ, қайта керісінше уақыт өткен сайын ұлттық сөз өнеріміздің асыл жа-

уһарлары болып туған еліне қалтқысыз қызмет етіп келеді. Əсіресе тəуелсіз еліміздің бола-

шақ жастарын отансүйгіштік рухта тəрбиелеп, туған елі мен жерін сүйетін патриот етіп тəр-

биелеуде ерекше мəнге ие. Сондықтан оның шығармаларын негізгі орта мектептен бастап, 

жоғары оқу орындарында кеңінен оқыту, тереңінен талдау ісі жыл өткен сайын қанатын кең-

ге жайып жаңаша бағытта дамып келеді. Соның бірі жоғары оқу орнындарында білім алушы 

студенттерге  М.Əуезовтің  əңгімелерін  оқытуда  орын  алатын  психологиялық  ерекшеліктер 

болып отыр. Ұлы жазушының əңгімелерін оқып, танып-білгенде студенттер бойында ерекше 

өзгерістер байқалып өз мамандықтарына деген сүйіспеншіліктері оянып, сөйлеу мəдениеті 

дұрыс дамып, интеллектуалдық қабілеттерінің шыңдалуы секілді маңызды факторлар орын 

алады. Мұның барлығы М.Əуезов əңгімелерін студенттерге түрлі əдіс-тəсілдер арқылы пси-

хологиялық  жағдайларын  ескеріп,  соған  сəйкес  оқытқанда  ғана  толықтай  іске  асатын  бо-

лады.  Қазіргі  жоғары  оқу  орындарында  оқып  жатқан  студенттердің  басты  психологиялық 

даму ерекшеліктері өздерінің шығармашылық қабілеттерін үздіксіз дамытып, адамгершілік 

ұстанымдарын  жетілдіру,  оны  өмірде  қолдануымен  айқындалады.  Осы  тұрғыдан  алғанда 

адамгершілік, ізгілік секілді гуманистік иделар басшылаққа алынған М.Əуезов əңгімері сту-

денттердің оқу іс-əрекетінің субъектісі ретінде қалыптасып алған білімдерін өмірде ізгілен-

діру жолында қолдануға үлкен септігін тигізері сөзсіз. 

Қазіргі  психология  ғылымының  жеткен  жетістіктеріне  сүйенсек  студенттік  жас  (18-25 

жас) аралығы адам өміріндегі ерекше кезең болып табылады, себебі «жалпы мəні бойынша 

жəне негізгі заңдылықтары бойынша 1-ден 25-ке дейінгі жас, балалық даму кезеңдері қата-

рындағы ақырғыдан гөрі, кемелді жас кезеңдерінің қатарында бастапқы буын болып табыла-

ды [1, 255 б.]. Студенттер мəселесін ерекше əлеуметтік-психологиялық жəне жас ерекшелік 

категориялары ретінде қою ісі белгілі ғалым Б.Ананьевтің психологиялық мектебінде кеңі-

нен қарастырылды. Осы мектептің зерттеушілері жүргізген жұмыстарының қорытындысы 

бойынша студенттік жас – бұл интеллектуалдық құрылымданудың күрделі шағы, ол өте ерек-

ше жəне əртүрлі болып келеді. Студенттік кез – бұл ерекше əлеуметтік категория, жоғарғы 

білім беру институтымен ұйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекше қауымдастығын 

құрайды. Бұл əлеуметтік кəсіби категория ХІ-ХІІ ғасырларда алғашқы тарихи негізі қалып-

тасып университеттер пайда болғаннан бері құрылған. Ал қазіргі таңда студенттік кезді əле-

уметтік-психологиялық сипаттау үшін адам дамуының осы кезеңінің қалыпты экономикалық 

тұрақтылықтың қалыптасуы мен ата-аналық үйден кетіп, өзінің отбасын құрумен байланы-

сты болуымен сипатталады. Осы тұрғыдан алғанда студенттік кез – адамның, жалпы жеке 

тұлға ретінде қалыптасуының маңызды кезеңі болып келеді [2, 205 б.]. Ал психология ғылы-

мының анықтауы бойынша жеке тұлға ұғымы аса күрделі жəне жан-жақты мəселе. Демек, 

адам  өмірінің  осы  кезеңінде  олардың  болашақта  қандай  тұлға  болып  қалыптасуының  аса 

маңызды процесі жүріп жатады. Сондықтан, жоғары оқу орындарының студенттерін бола-

шақта адамгершілігі мол, туған халқының тілі мен ділін, мəдениеті мен əдебиетін құрмет-

теп,  ондағы  құндылықтарды  өмірде  қолдануларына  ықпал  ету  үшін  терең  психологиялық 

танымға жетелейтін шығармаларды оқыту қажет. Бұл орайда, ұлы жазушының қаламгерлік 

жолындағы алғашқы əңгімесі «Қорғансыздың күнінен» бастап «Абай жолы» роман-эпопея-

сына дейін ұласқан адамдардың ішкі жан тебіреністерін өмірдің түрлі факторлары арқылы 

суреттеп, ізгілік идеясын насихаттайтын шығармаларын оқытудың маңызы зор. 

Жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  психологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 

олардың психикасына оңды ықпал ету үшін М.Əуезов шығармашылығын оқытуды көркем 

əңгімелерінен бастаған орынды. Себебі, ұлы жазушының шығармаларындағы алғашқы пси-

хологизм  мəселесі  мен  оның  көркемдік  бейнелену  құралдары  –  монолог,  ішкі  монолог,  ой 




239

ағысы, пейзаж, портрет, көзқарас, (мимика) ымдау, (жест) ишара т.б. жан құбылыстар негізі-

нен əңгімелерінде кеңінен көрініс берген.  «Қорғансыздың күні», «Қаралы Сұлу», «Кінəмшіл 

бойжеткен», «Ескілік көлеңкесінде», «Қасеннің құбылыстары» секілді əңгімелерінде психо-

логизмнің бейнелеуіш құралдары шебер суреттелген. Мəселен, «Ескілік көлеңкесінде» атты 

əңгімесінен адамдардың іс-əрекеттеріндегі түрлі психологиялық құбылыстар дəлелдемелер 

арқылы кеңінен бейнеленген. Бəйбіше əкесінің ескішіл тəрбиесінде болған бай қызы Жəміш 

өлген апасы Қадишаның орнына тоқалдыққа баруға ықылас білдіреді. Өзін сүйген, оқыған 

жас жігіт Қабыштан елудегі шал жездесі Кенжеханды артық көреді. Мұнысын білген Қабыш 

Жəмішті сүюін қоймайды, сонымен бірге шалды қалағаны үшін оны жек көреді. Əрі сүйген, 

əрі  жек  көрген  қызын  бір  көріп  қалуға  бара  жатқан  Қабыштың  қарама-қарсы  қос  қыртыс 

сезімін  жазушы  психологиялық  нəзіктікпен  өте  шебер  суреттейді.  Мұнда  жек  көру  сезімі 

қаншама қисынды болғанмен, сүйіспендік сезімі оған еш жеңгізбейді. Жəміштен үміті үзіліп 

алыстаған сайын «оған деген арманы асқындай түскендей». Əңгімеде осындай екі сезімнің 

түйісу шиеленісін көрсетумен қатар, табиғат көрінісін басты кейіпкердің немесе автордың 

өз көңіл-күйіне еріп суреттеу шеберлігі де көз тартады [3, 6 б.]. Бұл əңгіменің түпкі мазмұ-

нын оқу арқылы студенттер өмірде түрлі кертартпа психологиялық сезімдерді жеңетін басты 

күш сүйіспеншілік сезімі екендігін жете түсінеді. Оны өз өмірлеріне қолдануға бағыт ала-

ды. Ал, «Қорғансыздың» күні əңгімесінде суреттелетін басты мəселе əлдінің əлсізге көрест-

кен  озбырлығы.  Бұл  көркем  əдебиеттегі  мəңгілік  тақырыптың  бірі.  Бір  қараған  кісіге  бай 

мен кедейдің таптық күресі секілді көрінгенімен, əңгімедегі көтерілетін көкейкесті мəселе 

өмір қайшылығы, ақ пен қараның, əлді мен əлсіздің, жақсылық пен қиянаттың қырқысқан 

қақтығысы, екі ұдай сезім сергелдеңі [4, 299 б.]. Əңгімедегі арамза Ақан болыс пен оның 

алаяқ ат қосшысы Қалтай қудың қорғансыз жандарға істеген қорлық-зорлығы, уыздай жас, 

кінəсіз жетім қыз Ғазизаға істеген жан түршігерлік айуандығы қатты ыза, жиренішпен əшке-

реленуі, ал нəзік жанды Ғазиза мен оның қайсар кемпір əжесіне деген əрі сүйініш, əрі аяныш 

сезімінің автор жүрегінен жалын атуы – міне, бұлар да сол кезеңде ұлы жазушы қолданған 

шығармашылық  тəсілдің  екі  жақты  қырын  танытатын  сипаттар  еді.  Адамдар  бойындағы 

бір-біріне қарама-қарсы ақ пен қарадан тұратын екі ұдай күштің бір ғана əңгімеде молынан 

орын алуы оқырманды түрлі көңіл күйге ұшырататындығы анық. Бұл əңгімені оқығанда жас 

студенттер жүректеріне əлсіздерге озбырлықпен күш көрсету адамдарға қандай қасірет алып 

келетіндігін жəне оны адамдар өз қолдарымен іске асыратындығын түсініп, мұндай əрекет-

тен жиіркеніп өзгелерге қиянат жасаудан бас тарту сезімдерін ұялатады.

 М.Əуезов əңгімелеріне тəн тағы бір ерекшелік оқиғаның басты кейіпкерінің ішкі жан дү-

ниесіндегі психологиялық тебіреністерді нəзік лиризм мен табиғат құбылыстарының көріні-

стерін адам көңіліне сəйкес суреттелу тəсілінің жиі қолданылуында. Оған «Қорғансыздың 

күні» əңгімесіндегі сұмдық қорлық көрген Ғазизаның дүниеден түңіліп, молаға кетуі алдын-

дағы жан тебіренісі мен ызғырық боранның сұрапыл суреті айғақ бола алады. Сонымен қа-

тар, «Жетім» əңгімесіндегі ата-анасы өлгеннен кейін байшыкеш туысы Иса мен оның əйелі 

Қадишаның қолында қалып, құлдыққа, қорлыққа төзбей, қашып кеткен жетім бала Қасым-

ның өлгендегі желдің қатаңдап, жаңбыр бұлтының тауға таман келіп күннің күркіреуі адам 

тағдыры  мен  табиғат  құбылыстарының  қатар  суреттелуі  еді.  Ал,  ұлы  жазушының  арнайы 

психологиялық очерг ретінде жазған «Қасеннің құбылыстары» атты əңгімесіндегі Қасеннің 

аға-жеңгесін əйелі Жəмила түрлі сылтаулар арқылы айқаймен үйіне сыйғызбастан шығарып 

жіберген кездегі басты кейіпкердің ішкі жан күйзелістері Үлкен Алматы биігінің сұрланып, 

сұп-суық болуымен қатар суреттелуі адам психологиясының табиғатпен қатар бейнеленуінің 

жарқын көрінісі. Бұл аталғандар адам мен табиғаттың арасындағы байланыстың психикалық 

сезім иірімдері арқылы көрініс беруінің қазақ прозасындағы алғашқы нұсқалары еді. Бұған 

дейінгі қазақ əдебиетінде табиғатты адам тағдырымен, тіпті сол кейіпте бейнелеу поязияда 

кеңінен  орын  алып  келген.  Мысалы,  ұлы  Абайдың  «Қыс»  деп  аталатын  өлеңінде  табиғат 




240

мезгілі  адам  кейпінде  суреттеліп  бейнеленген  болатын.  Қазақ  əдебиеті  сабақтарында  сту-

денттерге М.Əуезовтің əңгімелеріндегі адамдардың психологиялық толғаныстарын табиғат 

құбылыстарымен  қатар  суреттелуін  ұғындыру  олардың  ойлау  мен  танымдық  қабілеттерін 

дамытып, түрлі психологиялық күйлердің ерекшеліктерін ажырата алуларына көмектеседі. 

Мұның өзі студенттердің интелектілерін дамытуда үлкен рөл атқарады. Себебі, студенттік 

шақтағы  жастардың  психологиялық  сипаты  басқа  топтармен  салыстырғанда,  танымдық 

мотивацияның жоғары деңгейімен, əлеуметтік белсенділік пен интелектуалдық кемелділік-

тің дамуымен ерекшеленеді. Студенттік кездің осы өзгешелігін есепке алу – оқытушының 

əр  студентке  педагогикалық  қарым-қатынасындағы  партнері  мен  қызықты  тұлға  ретінде-

гі  қатынастарының  негізінде  жатыр.  Тұлғалық,  іс-əрекеттік  тұрғыдан  студент  белсенді,  өз 

іс-əрекетін өз бетінше ұйымдастыратын педагогикалық өзара əрекеттесу субъектісі ретінде 

қарастырылады. Оған танымдық жəне коммуникативтік белсенділіктің нақты, кəсіби бағдар-

ланған міндеттерін орындау деген ерекше бағыттылық тəн. Белгілі ғалым А.А.Вербицкийдің 

пікірі бойынша студенттік кез үшін оқытудың негізгі формасы таңбалық-контекстік оқыту 

болып табылады. Зерттеуші ғалым педагогика əдістемесінде осы контекстік оқытуды жан-

жақты қарастырған арнайы «белсенді» немесе «контекстік» деп аталатын технология қалып-

тастырды. Қазіргі таңда осы технологияның əдістері мен тəсілдері жоғары оқу орындарының 

оқу  үрдісінде  кеңінен  қолданылуда.  Ол  технология  негізінен  оқыту  саласы,  ғылыми  сала, 

жəне  тəжірибелік  сала  деп  бөлінген  үлкен  үш  саладан  тұрады.  Контекстік  оқыту  осы  үш 

сфераға бірдей қарайды. Онда əсіресе тəжірибеге көп көңіл бөлінеді. Яғни студенттер алған 

білімін іс жүзінде өмір тəжірибесінде қолдануларына баса назар аударылады. Осыған орай 

қазіргі  таңда  тек  білімді  адам  ғана  жақсы  маман  емес,  сол  білімін  іс  жүзінде  жан-жақты 

қолдана алатын адамдар ғана құзыретті мамандарға айналуда. Сондықтан, М.Əуезов əңгіме-

лерін терең теориялық талдаулар арқылы студенттерге психологиялық қабілеттеріне сəйкес 

оқытқанда олардың алған білімдерін өмірлерінде қолдана алуларына жете көңіл бөлген жөн. 

Бұл олардың өз мамандықтары бойынша құзыреттіліктерін одан əрі дамытуға септігін тигі-

зетін болады. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет