менттің қаншалықты ұзақ сақталатындығын жай ғана көрсету – бұл оның ес құрылымының
дəл қай жерінде орналасқанын анықтау дегенді білдірмейді. Сонымен, олардың жүйесіне
сəйкес, ақпарат ұсынылғаннан кейін бірден ҰМЕ-ке жіберіле алады, бірнеше минут ҚМЕ-
те тұруы, бірақ сол бетімен ҰМЕ-ке кірмеуі де мүмкін. Қысқа мерзімді сақтау орнын олар
кіретін ақпарат сөнетін жəне тез жоғалатын (сенсорлы регистр сияқты өте тез емес) жұмыс
жүйесі ретінде қарастырды. Бастапқы жүйеде қысқа мерзімді сақтау орнындағы ақпапарттың
сөнуін дəл анықтау қияын болды, бірақ Аткинсон мен Шифрин оның 15-ден 30 секунд ара-
сын келтіре кеткен жөн: «Басқа біршама үстіртін құралдар мен кодталған сөздерге қараған-
да біршама мəнді құралдар мен кодталған сөздердің тура есте жақсы сақталатындығында»
[1,210-211]. Сонымен, сөздердің есте қалуы материалды ұсынған кездегі зерттелушілердің
алдында тұрған мақсатқа өте тəуелді. Əртүрлі мақсаттар түрлі байланыс жүйелерін белсен-
323
адамның басқаның ұстанымын түсінуі, оның ойының барысын алдын ала болжау қабілеті
рефлексия деп аталуы тиіс нəрседен ажырату үшін негіздік дей келіп оны басқаның сезім-
дері мен күйіне енуі мағынасында анықтайды. Əрине осылайша ажырату эмпатиядан оның
құндылық, жеке тұлғалық компонентін бөліп алуды талап ететіні сөзсіз [1,426]. Осы ұғым
Ж.Пиаженің эгоцентризм деп атағанымен салыстырылуы мүмкін . Эгоцентризм (көбінесе
мектепке дейінгілерге) индивидтің басқаның ұстанымын қабылдай алмау қабілеті, оның
көзқарасын түсінбеуі ретіндегі когнитивті эмпатияның кері қыры ретінде қарастырылады.
Біздің зерттеу жұмысымыздың əдіснамалық негізін М.Мұқановтың заттардың түсін
ажырату тұжырымы да құрайды. Бұл тұжырымның мағынасы мынандай: түстердің аты əр
ұлттың тілінде əр басқа. Сондықтан түстерді қаншалықты дəрежеде ажырату əр ұлттың өзіне
тəн қасиеті болып саналады.
Əдетте ажыратуда оның абстракті , яғни категориялық аттары жəне нақты бейнелік
аттары кездеседі. Абстракті яғни категориялық түстерге қызыл, жасыл, көк, сары, қоңыр,
сұр, күлгін, көкшіл жəне т.б. түстер жатады. Түстердің бұл түрін категориялық дейтін себебі
күнделікті өмірде бұл түстерді нақты заттардан ойша бөліп алып, солардың бəріне бір ат
береміз. Мысалы, жасыл түстер жапырақтарда, ағаштарда кездеседі. Бірақ біз осы жеке зат-
тардан жасыл түсті бөліп алып, оны абстракті түрде жасыл дейміз. Ал нақты бейне түстерін
алсақ, бұған түйенің жүніндей түс, аспан түсі, теңіз түсі т.б. жатады. Осы түстерді нақты ой
бейнесіне жатады дейтін себебі: олар жеке заттар мен бірлесе отырып айтылады. Тобылғы
түсті дегенге бұған тек нақты тобылғылардың түстерін ғана емес соған ұқсас өзге заттар-
дың түсетрін де айтамыз. Кейбір оқымыстылардың (В.Гумбольдт, Э.Сепир, Б.Уоров) айтуы-
на қарағанда, адам белгілі бір затты қабылдағанда сол заттың аты оның тілінде бар болса
ғана қабылдайды да, жоқ болса – ажырата алмайды. Қабылдау дегеніміз затты не құбылысты
алғаш рет көргенде ойша бейнелеу деген сөз. Ал алғашқы рет бейнеленетін заттар мен құ-
былстарды адам қайта көріп, алғаш көргенін екінші рет таниды. Тану кезінде ол сол заттың
не құбылыстың атын атайды. Ал адамның заттың атын атауы алғашқы көргенін еске түсіріп,
жанғыртуға мүмкіндік береді. Демек, кейбір түстердің қайсыбір ұлт тілінде аталмауы оларды
көрмейтіндігінде емес. Бұлар қабылдау мен тану процесі арасындағы ерекшеліктер «халық
қазақ тіліндегі көк түсті неге көкшіл түстен ажыратпады? Өйткені көкшіл деген атау қазақ
тілінде болған жоқ, бұл орыс тіліндегі голубой деген түсті қазақшаға аударудан келіп шықты.
Мұның мəнісі мынада: егер біз бір құбылысты көзімізбен көріп, бірақ оны айта алма-
сақ, онда сол құбылысты есте сақтап, обьективті түрде ажырата алмаған болар едік. Өйткені
біздің көзімізге көрінген құбылыс тек субьективті түрде ған болып, тез ұмтылып кетеді де,
оны белгі арқылы есте қалдыруға мүмкіндік болмас еді. Демек, бұл жерде түстерді белгілі
категорияға жатқызып, сөзбен атау сол түсті қабылдап, ұғым арқылы бейнелеуге мүмкіндік
береді.
Д.Р.Адерсон «Тілдік универсалийлер» деген зерттеу еңбегінде жас мөлшерінің тілді
игеруге əсері туралы теориясын жасаған[1,326].Бұл теорияның тұжырымы бала тілді 8-10
жасқа дейін жақсы игереді. Бұл тұжырымның екінші тілді игеруге қатысты айтылғанына
қарамастан, осы еңбегінде ғалым Ньюпорт пен Супалла жүргізген ана тілін меңгеруге байла-
нысты зерттеулердің де нəтижесі осы қорытындыға келіп тірелгенін айтады. Олар жүргізген
зерттеу барысында жест тілін ересек кезде меңгерген үлкендер оны бала кезінде үйренген-
дерге қарағанда нашар меңгерген.
Осы еңбегінде Д.Р. Адерсон тілді меңгерудің негізінде ерекше тума механизмдер жатқа-
нын дəлелдеген Хомскийдің пікірлерін келтіреді [1,326]. Ол табиғи тілдің формальді мүмкін-
діктері соншалық күшті болғандықтан, оны үйрену адам тілінің формалары туралы туғаннан
пайда болған нақты бір ақпаратты білмей тұрып мүмкін болмайтынын атап айтқан. Хом-
скийдің ойынша, табиғи тіл мен табиғи грамматиканың мүмкін болатын сипаттамасын шек-
тейтін тілдік универсалийлер бар. Балалардың табиғи тілдің тез үйренуінің себебі олар осы
324
тілдік универсалийлермен туғаннан бастап таныс. Үйренуге болатын тілдерді табиғи тілдер
деп атайды. Мұны американдық психолог Б.Уорф ағылшын, неміс, француз тілдерін бөліп
мұны орташа еуропалық стандарт деп атайды, ал түркі тілдес халықтардың тіл ерекшеліктері
басқаша деген қорытындыға келіп ойды тіл билейді деп тұжырымдайды. Психолог М.Мұқа-
нов Уорфтың бұл пікірімен келіспейтіндігін білдіреді. Осы тұста Р.Адерсонның табиғи тілдің
мүмкін болатын формаларына қандай да бір шектеулердің тілге тəн нəрсе екендігі рас болса,
бұл шектеулер неге қатысты – табиғи тілдердің универсалийлік пішіндеріне ме əлде таным-
ның универсалийлік пішініне ме? деген сұрағын орынды қойылған өзекті мəселе деп ұға-
мыз. əртүрлі тілдерде үлкен айырмашылықтар бар болса да қандай да бір ұқсастықтары да
болады. Мысалы, бірде бір тілде толықтауыш бастауыштың алдында тұрмайды. Дегенмен,
мұндай шектеуді психологтар (Р.Адерсон, М.Мұқанов) когнитивті түрде түсіндіреді.
Адерсонның аталған еңбегіндегі тілді түсінудің үш кезеңін бөліп көрсетуі – біздің зерт-
теу жұмысымыздың нысаны - көркем мəтінді қабылдаудың психологиялық негізін құрайды:
бірінші кезең – перцептивті кезең - қабылдау процесі жатады, оның көмегімен ең алдымен
акустикалық немесе жазбаша хабар кодталады; екінщі кезең синтаксистік талдау кезеңі деп
аталады. Синтаксистік талдау - хабарламадағы сөздердің біріккен мағынасының менталды
репрезентациясы болып қайта құрылуы; үшінші кезең – бұл қолдану кезеңі. Мұнда қабылда-
ушы сөз мағынасының менталды репрезентациясын іс жүзінде пайдаланады[1,329].
Көркем мəтінді игеру үрдісінде Торндайктің мəтіннің тұтастығы теориясын да қолдану
маңызды. Бұл теорияның мəні – егер құрылым жалпыға бірдей «табиғи» құрылымға қайшы
келсе, əңгіме есте нашар сақталатынын көрсетеді. Торндайк зерттеушілердің бір тобына түп-
нұсқа əңгіме беріп, енді бір тобына құрамындағы сөйлемдері шатасқан тəртіппен берілген
əңгіме тындатқан. Зерттеушілер негізгі түп нұсқа əңгімеден фактілердің 85%-ын еске түсір-
се, ретісіз əңгімеден фактілердің 32%-ын айтып бере алған[1,353].
Мандлер мен Джонсонның зерттеулері де балаларға əңгіменің себептік құрылымын есте
сақтау қиын екенін байқатады. Ересектер оқиға мен оның нəтижелерін еске түсіре алады, ал
балалар тек нəтижені ғана еске түсіріп, оның қалай іске асқанын ұмытады. Мысалы, бала
əңгімедегі майдың еріп кеткенін еске түсіреді, ал майдың күнде қалғанын ұмытып қалуы
мүмкін [1,353].
Сонымен, тіл мен таным арасындағы байланыс туралы психологиялық теорияларға сүй-
ене отырып, мынадай тұжырымдар жасауға болады:
- психологтар дəлелдеген 8-10 жастағы балалардың тілді меңгеруге деген қабілеттілігін
əдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың көркем сөзді меңгеру үрдісіндегі табыстың кілті
деп бағалауға болады;
- көркем мəтінді түсінуге оның тұтастығы ерекше рөл атқарады: оқушыларға ұсыны-
латын көркем мəтіндердің тұтастығы, белгілі бір ойға құралғандығы, ол ойдың басталуы,
жалғасуы, аяқталуының болуы – оқушылардың мəтінді қабылдауының шарты.
Достарыңызбен бөлісу: