І кезең. Бағдарлау – мотивациялық кезең
Бұл кезеңде оқу міндеттері жаңа тақырыпқа байланысты жоспарланады.Оқытушы ал-
дын-ала еске түсіру, толықтыру үшін кілт сұрақтар дайындайды. Бұл кезеңде оқытушы
студенттерді белсенді əрекетке бағыттауы керек. Бұл орайда оқу міндеттері проблемалық
сұрақтар арқылы шешіледі. Проблемалық жағдайды туындату – сабақтың ең қиын, ең қажет-
ті бөлігі десе де болады.
Кейіпкер келбетін ашу үшін əдеби туынды бойынша логикалық сауалдар қойылып, жау-
ап алынады.(Көркем туынды бойынша проблемалық сұрақтар қойылады) Мысалы,
- автордың «Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді, иесіне қайтаруға
кеш еді...» деген тұспалды ойының мəнін қалай ашар едіңіз?
- соғыс кезіндегі балалар мен қазіргі балалар арасындағы айырмашылықтар мен ұқса-
стықтар қандай ?
- сіз бұл шығарманы қалай аяқтаған болар едіңіз? Жазушы бағытына көзқарасыңды
білдіріңіз.
Сабақ барысында ұйымдастырылған проблемалық жағдай білімгердің ойлау қабілетін
дамытып, оқу міндеттерінің дұрыс шешілуіне ұйытқы болады.
344
Достарыңызбен бөлісу: |